A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер қағидалары

Жүктеу (DOCX 31 Kb)

"Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығы

Ескерту. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерiстер енгiзiлдi. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.06.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, 2013-2015 жылдары қаржылық сауықтыру жөнiндегi комиссия мақұлдаған агроөнеркәсiптiк кешен (бұдан әрi — АӨК) субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау және "Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау" мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке кабинет — пайдаланушының (қарыз алушының, қаржы институтының/қаржы агентiнiң, жұмыс органының) тiзiлiмдегi дербес веб-парақшасы;

2) жеке шот — субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ашылатын, пайдаланушыны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректерi мен баптауларына қолжетiмдiлiк беру үшiн қажеттi, тiзiлiмде тiркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететiн шот;

3) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — иесi ретiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қол жеткiзудi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) айқындайтын тұлға;

4) кредиторлар комитетi — кредитор қаржы институттарының өкiлдерiнен қалыптасатын, әрбiр жеке қарыз алушы үшiн тиiстi салалық қауымдастықтың өкiлiн қосу мүмкiндiгi бар комиссия;

5) кредиторлық мiндеттемелер — қарыз алушының өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлер алдында айналым құралдарын толықтыруға, негiзгi құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы, технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты туындаған мiндеттемелерi, сондай-ақ басқа да кредиторлар алдындағы мiндеттемелердi қайта қаржыландыру;

6) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер — өзiне қатысты осы Қағидалардың шеңберiнде қаржылық сауықтыру шараларын қолдануға болатын қарыз алушының қаржы институты алдында айналым құралдарын толықтыру, негiзгi құралдарды сатып алу және құрылыс салу мақсаттарына, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешектi қайта қаржыландыруға арналған кредит/лизинг алуға байланысты туындаған мiндеттемелерi;

7) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелердi қайта құрылымдау — қарыз алушыларда бар кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша қайтару мерзiмдерiн ұлғайту, төлемдердi өтеудiң тәртiбi мен кезектiлiгiн өзгерту, сыйақы мөлшерлемесiн өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең беру;

8) кредиттiк/кредиторлық және лизингтiк мiндеттемелердi қайта қаржыландыру — ұзақ мерзiмдi қайтару мерзiмдерiмен, сыйақының төмен пайыздық мөлшерлемесiмен және бар берешектерiн өтеуге арналған жеңiлдiктi кезеңмен қосымша келiсiмдер жасасу жолымен жаңа нысаналы кредиттер беру не бұрын берiлген кредиттерiн алмастыру;

9) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

10) қаржы агентi — агроөнеркәсiптiк кешен саласында қызметiн жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг;

11) қаржы институттары — екiншi деңгейдегi банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, АӨК саласындағы кредиттiк серiктестiктер, микроқаржылық/микрокредиттiк ұйымдар, АӨК саласында қызметiн жүзеге асыратын лизингтiк компаниялар;

12) қаржылық сауықтыру — сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау түрiнде мемлекет тарапынан қолдау кезiнде айналым құралдарын толықтыруға, негiзгi құралдарды сатып алуға және құрылысқа, технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға, сондай-ақ жоғарыда аталған мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешектi қайта қаржыландыруға пайдаланылған қарыз алушылардың кредиттiк/кредиторлық мiндеттемелерiн қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;

13) қаржылық сауықтыру жөнiндегi комиссиялар жанындағы субсидиялар қаражатын бөлу жөнiндегi жұмыс органы (бұдан әрi — жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi)) — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органының әкiмдiктердiң ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;

14) қаржылық сауықтыру жөнiндегi комиссияның шешiмi — қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды мақұлдау/мақұлдамау туралы шешiм;

15) қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) — ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi және өткiзудi қоса алғанда, агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын және кредиттiк/кредиторлық және лизингтiк мiндеттемелерi бар жеке немесе заңды тұлғалар;

16) қорландыру қаражаты — қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелерiн кейiннен қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшiн қаржы агентiнiң тартылған, қаржы институтына берiлетiн қарыз қаражаты;

17) сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау — қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) кредиттiк және/немесе лизингтiк мiндеттемелерi бойынша сыйақы ретiнде қаржы институтына төлейтiн шығыстарын iшiнара өтеу үшiн пайдаланылатын АӨК субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысаны;

18) субсидиялауға арналған өтiнiм — қаржы институтының АӨК субъектiлерiн қаржылық сауықтыру кезiнде пайыздық мөлшерлеменi төлеуге арналған электрондық өтiнiмi;

19) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — субсидиялауға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар (көрсетiлетiн қызметтi алушылар), қаржы институттары туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, субсидиялау шарттарын өзгертуге арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

21) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

22) технологиялық жабдық — олардың қатысуынсыз толық технологиялық циклдiң қамтамасыз етiлуi мүмкiн болмайтын тiкелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және өңдеу жөнiндегi жабдық;

23) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополия субъектiлерiнiң желiлерiне қосылуға техникалық шарттар беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болып табылатын ақпараттық жүйе;

24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиiстiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

3. Сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау 2013-2015 жылдары субсидиялауға арналған өтiнiмдерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi комиссия мақұлдаған, оның iшiнде кейiнге қалдыру шартымен мақұлдаған қарыз алушыларға (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) қатысты жүзеге асырылады.

4. Қаржылық сауықтыру 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайда болған кредиттiк/кредиторлық және лизингтiк мiндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.

5. Басқа мемлекеттiк және/немесе үкiметтiк бағдарламалар шеңберiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау түрiнде қолдау көрсетiлетiн шарттарды қоспағанда, қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелерi бойынша шарттар пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға жатады.

6. Республикалық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебiнен қаржыландырылған қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелерiн қаржылық сауықтыру қаржыландыру көзiн ауыстыру жолымен оларды бюджеттiк қаражаттан тыс қаражатпен ауыстырған жағдайда жүзеге асырылады.

7. Қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) қаржылық берешегiн қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiндегi немесе оңалту рәсiмiндегi қарыз алушыларды (көрсетiлетiн қызметтi алушыларды) қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеру сатысында, таратылу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) қызметi қаржылық сауықтырылмауы тиiс. Бұл ретте, қаржылық сауықтыру жөнiндегi комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешiмi қабылданған қарыз алушылар (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) қайтадан қаржылық сауықтыру рәсiмiне қатыспайды.

8. Қаржылық сауықтыру қаржы институттары есептелген айыппұлдар мен өсiмпұлдарды есептен шығарған жағдайда жүзеге асырылады, мерзiмi өтiп кеткен сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруға қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, есептелген мерзiмi өтiп кеткен сыйақы мөлшерлемесi жылдық 0,1 %-дан аспайтын бөлек кестемен (негiзгi борышқа капиталдандырусыз) төлемдi бөлiп төлеу арқылы жүргiзiледi.

9. Сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында немесе 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мынадай шарттар бiр уақытта сақталған кезде жүзеге асырылады:

1) қаржы институттарының қарыз алушылардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелерiн қайтару мерзiмiн 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзiмге ұлғайтуы;

2) АӨК субъектiлерiнiң өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлер алдындағы кредиторлық берешегiн қаржы институттарының қайтару мерзiмi 9 (тоғыз) жылдан аспайтын кредитiне ауыстыра отырып қайта қаржыландыру не қосымша келiсiмдер жасасу жолымен бұрын берiлген кредиттердi алмастыру;

3) қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) кредиттiк/кредиторлық және лизингтiк мiндеттемелерiн қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезiнде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялауды беру өлшемшарттарын сақтауы, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетiлген қаржылық сауықтыруға тараптардың теңдей қатысуын сақтау.

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2020 15:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2020 15:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz