A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 76 Kb)

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 31 наурызда № 20209 болып тiркелдi

ЗҚАИ-ның ескертпесi!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4 т. қараңыз

"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса берiлiп отырған Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағидалардың 65-тармағы 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi                                                                          С. Омаров

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығымен
бекiтiлдi

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1. Осы Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттiк субсидияларды (бұдан әрi — субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру және мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) алқаптың кадастрлық нөмiрi — көпжылдық екпелерi бар учаскеге арналған, оның орналасқан жерiн айқындау (сәйкестендiру) үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесi беретiн бiрегей код;

2) бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары — гетерозис нәтижесiнде ең үздiк ата-енелiк нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткiштерi бойынша асып түсетiн бiрiншi ұрпақта будандық өсiмдiк беретiн генетикалық айырмашылығы бар ата-енелiк нысандарды будандастырудан алынған жүгерi, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта немесе құмай тұқымдары;

3) жеке шот — субсидиялауға арналған өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн тiзiлiмдегi жазбалар жиынтығы;

4) көпжылдық екпелердiң электрондық картасы — бұрылыс нүктелерiнiң координаталарын және жердi қашықтықтан зондтау спутниктерiнен алынған деректердi қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнде орналасқан алқап туралы ақпарат;

5) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi — Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және иесi ретiнде оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

7) пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) отандық өндiрушi (бұдан әрi — пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндiрушi) — Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндiрудi жүзеге асыратын және биоагенттердi (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген пестицидтердi өткiзудi жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндiрiстiк үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

8) өтiнiмдер:

ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң (бұдан әрi — ауылшартауарынөндiрушi) немесе ауыл шаруашылығы кооперативiнiң (бұдан әрi — ауылшаркооперативi) басым дақылдар өндiру шығындарын iшiнара өтеу үшiн;

бiрегей тұқым өндiрушi (бұдан әрi — оригинатор) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарынан алынған көшет материалын (телiтушiлер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеу үшiн

элиталық тұқым өсiру шаруашылығының (бұдан әрi — элиттұқымшар) нақты сатып алыған бiрегей тұқымдары үшiн;

тұқым өсiру шаруашылығының (бұдан әрi — тұқымшар), ауылшартауарөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшiн;

ауылшартауарөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң нақты сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдары, бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары, мақтаның екiншi репродукция тұқымдары және (немесе) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерi (бұдан әрi — элиталық көшеттер) үшiн;

ауылшартауарынөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшiн;

ауылшартауарынөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң толық құнымен сатып алынған пестицидтерi, биоагенттер (энтомофагтар) үшiн субсидия алуға арналған электрондық өтiнiмдерi;

9) өтпелi өтiнiмдер:

элиттұқымшардың, тұқымшардың немесе тұқым өткiзушiнiң (бұдан әрi — өткiзушi) ауылшартауарөндiрушi немесе ауылшаркооперативi арзандатылған құнмен сатып алған субсидияланатын тұқымдар үшiн;

тыңайтқыштар өндiрушiнiң ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) арзандатылған құны бойынша сатып алған тыңайтқыштар үшiн;

пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiнiң ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) арзандатылған құнмен сатып алған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшiн субсидия алуға арналған электрондық өтiнiмдерi;

10) пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткiзушi — биоагенттердi (энтомофагтарды) және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тiркелген инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер мен биопрепараттарды өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) өткiзудi жүзеге асыратын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

11) пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтофагтардың) ең төменгi құны — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) баға ұсыныстарын талдау жолымен айқындайтын Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) ең төменгi бағасы, сондай-ақ субсидия нормасын белгiлеу үшiн мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат;

12) пестицидтердi қолдану регламентi — пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;

13) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi — тыңайтқыштарды өндiрушi) — Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тiркеген жеке немесе заңды тұлға;

14) субсидияланатын тұқымдар — бiрегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бiрiншi репродукция тұқымдары, екiншi репродукциялы мақта тұқымдары, бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары немесе элиталық көшеттер;

15) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтердiң жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтер көрсетуге, субсидия алуға арналған өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге арналған, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен аграрлық ахуалдық орталықпен өзара iс-қимыл жасасуға мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;

17) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне кiруге мүмкiндiк беретiн Интернет желiсiнде орналасқан интернет-ресурс;

18) танаптың кадастрлық нөмiрi — танаптың орналасқан жерiн анықтауға (идентификациялауға) арналған субсидиялаудың ақпараттық жүйесi беретiн оның бiрегей коды;

19) танаптың электрондық картасы — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнде орналасқан, бұрылыс нүктелерiнiң координаттарын, соңғы бес жылдағы ауыспалы егiс жайлы ақпаратты және жердi қашықтықтан зондтаудың спутниктерiнен алынған деректердi қамтитын танап туралы ақпарат;

20) тыңайтқыштарды жеткiзушi — тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткiзудi жүзеге асыратын, оларды тiркеген жеке немесе заңды тұлға;

21) тыңайтқыштарды сатушы — тыңайтқыштарды өндiрушi, тыңайтқыштарды жеткiзушi немесе шетелдiк тыңайтқыштар өндiрушi;

22) тыңайтқыштардың ең төменгi нарықтық құны — тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгiлеу үшiн олардың бағаларына талдау жүргiзу жолымен ЖАО айқындайтын, тиiстi жылға арналған тиiстi тыңайтқыш түрлерi бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;

23) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi — шетелдiк өндiрiс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тiркеген Қазақстан Республикасының бейрезидентi;

24) электрондық агрохимиялық картограмма — танап топырағының өсiмдiктер үшiн сiңiмдi қоректiк элементтермен — қарашiрiкпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етiлуi дәрежесiн түстi бейнеде көрсететiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Агрохимиялық қызметтiң республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесi немесе сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топырақтың агрохимиялық талдауларын жүргiзуге аккредиттелген зертхана (орталық) берген картографиялық ақпарат;

25) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Субсидиялар оригинаторларға, элиттұқымшарларға, тұқымшарларға, өткiзушiлерге, ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша берiледi:

1) басым дақылдар, оның iшiнде көпжылдық көшеттер өндiрудi дамыту;

2) тұқым шаруашылығын дамыту;

3) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;

4) саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, карантиндiк объектiлерге қарсы өңдеулер жүргiзуге арналған пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.

4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жылға арналған бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес ЖАО қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.

5. ЖАО қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi — Министрлiк) келiсуi бойынша мыналар бекiтiледi:

1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялар көлемдерi;

2) басым дақылдардың тiзбесi және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;

3) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрi — тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тiзбесi мен нормалары);

4) субсидияланатын пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi және пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литрiне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрi — пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тiзбесi мен нормалары).

Бұл ретте, бұрын қабылданған ЖАО-ның 2020 жылға арналған қаулылары осы Қағидаларды iске асыруға арналған ЖАО қаулылары қабылдағанға дейiн қолданыста болады.

6. Облыстар әкiмдерi субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде бөлiнген қаражатты осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша қайта бөледi.

7. Басқарма субсидиялаудың тиiстi бағыттары бойынша айларға бөлiнген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiткеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды ЖАО-ның тиiстi интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырады.

8. Субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын өтiнiмдер (өтпелi өтiнiмдер) бойынша субсидияларды төлеу келесi айда өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Өтiнiм берiлген субсидиялар көлемi тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жергiлiктi бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер енгiзу жолымен бөлiнедi.

9. Жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген бюджеттiк қаражат толық игерiлген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтiнiмдердi қабылдау тоқтатылады.

10. ЖАО тиiстi жылдың 30 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлiкке осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнен жүктелген субсидияны пайдалану туралы жиынтық ақпарат ұсынады.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялар алуға қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары нысанында 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес баяндалған.

ЖАО Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы дерекетердi мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингтiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

12. Субсидиялар беруде бас тарту мынадай негiздер бойынша қабылданады:

1) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткiзушiнiң, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялар алу үшiн ұсынылған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткiзушiнiң, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) және (немесе) осы Қағидаларда белгiленген субсидиялар алу үшiн қажеттi ұсынылған деректер мен мәлiметтердiң сәйкес келмеуi.

13. Субсидия беру үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтыған ақпараттық жүйе iстен шыққан жағдайда, ЖАО туындаған ахуал туралы оны жоюға кiрiсетiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiнi дереу хабардар етедi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi туындаған iстен шығуды жою жөнiндегi жұмысты жүргiзгеннен кейiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.

2-бөлiм. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау тәртiбi

1-тарау. Басым дақылдар өндiрiсiн дамытуды субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелер

14. Басым дақылдар тiзбесi және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемi (бұдан әрi — тiзбе, субсидиялар көлемi мен нормалары) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке мақұлдауға тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi.

Тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын Министрлiкке мақұлдауға берген кезде, субсидиялардың белгiленген нормасын негiздейтiн (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын аграрлық бейiндегi ғылыми ұйымдармен келiсiлген әрбiр субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерi), сондай-ақ тiзбенiң, субсидиялар көлемi мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңiрлiк кәсiпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесiмен келiсiлгенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.

Министрлiк оң шешiм шығарған жағдайда, он жұмыс күнi iшiнде тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын тиiстi iлеспе хатпен керi қайтарады немесе терiс шешiм шығарған жағдайда, тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзiмi бес жұмыс күнiн құрайды.

Тiзбе, субсидиялар көлемi мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиiстi жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi және үш жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде және тиiстi ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

Тiзбеге, субсидиялар көлемi мен нормаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы тармақтың бiрiншi-төртiншi бөлiмдерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, субсидиялау көлемi азайтылған жағдайда, ЖАО негiздеме бере отырып, Министрлiкке мақұлдауға жолдайды.

2-параграф. Субсидия алушылар

15. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес:

ағымдағы жылы дәндiк жүгерiнi және қант қызылшасын өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеуге;

қант қызылшасы бойынша — өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнiм шығындарын iшiнара өтеуге;

дәндiк жүгерi, күрiш және мақта бойынша 2019 жылғы төртiншi тоқсанда өткiзiлген (тапсырылған) өнiм шығындарын iшiнара өтеуге бөлiнедi.

3-параграф. Субсидияларды алу шарттары

16. Субсидиялар ЖАО-ның қаулысымен бекiтiлген субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға төленедi.

17. Субсидияларды төлеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1) ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiру шығындарын iшiнара өтеуге субсидиялар алуға өтiнiм беруi;

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi.

Ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде жеке шоты болса, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өтiнiмдi өз бетiнше тiркеудi жүзеге асырады, бұл жағдайда өтiнiм беру талап етiлмейдi және ол осылай тiркелген сәттен бастап берiлген болып есептеледi.

3) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң шекаралары шегiнде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себiлген, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған құқығы (жер пайдалану немесе жеке меншiк) болуы;

Ауылшаркооперативiнде жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi болмаған жағдайда, ауылшаркооперативi ауылшаркооперативiнiң мүшелерi болып табылатын ауылшартауарынөндiрушiлердiң субсидия алуына өтiнiм бередi. Бұл ретте, ауылшартауарынөндiрушiлер субсидия алушылар болып табылады.

Мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген ауылшаркооперативi мынадай жағдайларда субсидия алуға өтiнiм бере алады:

өнiмдi өңдеуге ауылшаркооперативiнiң мүшелерi тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi мүшелерi субсидия алушылар болып табылады;

өнiмдi өңдеуге ауылшаркооперативi тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте, ауылшаркооперативiне мүшелiк ауылшаркооперативi мүшелерi жалпы жиналысының ауылшаркооперативi мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмiнен алынған үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн өтiнiмге тiркеу жолымен расталады.

Бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде ұйымдасқан, мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген шаруа немесе фермерлiк қожалықтар, өнiмдi өңдеуге шаруа немесе фермерлiк қожалықтар тапсырған жағдайда, субсидияға өтiнiм бере алады, бұл ретте шаруа және фермерлiк қожалық субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермерлiк қожалыққа мүшелiк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң деректерiмен салыстырып-тексеру жолымен расталады.

5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;

6) жердi қашықтықтан зондтау деректерiмен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ауыспалы егiс туралы мәлiметтердiң болуы;

7) дәндiк жүгерi бойынша — өңдеушi кәсiпорынға өңдеуге тапсырылған дәндiк жүгерiнiң 1 тоннасына 100%;

8) күрiш бойынша — өңдеушi кәсiпорынға өңдеуге тапсырылған не өзiнiң өңдеушi құрылымдарына өңдеуге берiлген күрiштiң 1 тоннасына 100%;

9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша — қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзiнiң өңдеушi кәсiпорындарына өңдеуге берiлген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

10) мақта бойынша — мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған не мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсыруды жүзеге асыратын мақта дайындаушы ұйымдарға өткiзiлген шиттi мақтаның 1 тоннасына 100%;

11) ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) басым дақылдарды өткiзу фактiсiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесiмен (бұдан әрi — ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде растауы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қант қызылшасын өндiрудi өздiгiнен жүзеге асыратын және аталған өнiмдi өңдеудi өздiгiнен жүзеге асыратын қант зауыттары үшiн өткiзу фактiсiн растау талап етiлмейдi.

Шикiзатты өңдеуге берген күрiш тапсырушылар үшiн өткiзу фактiсiн растау талап етiлмейдi. Бұл жағдайда, өңдеушi кәсiпорынның көрсетiлген қызметтерiне ақы төленгенiн растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.

Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды керi қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi.

18. Өнiмнiң 1 тоннасына субсидиялар алу үшiн ауылшартауарынөндiрушiлер және (немесе) ауылшаркооперативтерi өтiнiмде қосымша:

өңдеушi кәсiпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнiмiн тапсыру туралы және мақта дайындаушы ұйыммен жасалған ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзу туралы шарттардың;

ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мен өңдеушi кәсiпорын не ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мен мақта дайындаушы ұйым арасында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң берiлгенiн растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеушi кәсiпорынның шеккен шығындарын (өтiнiм беру сәтiне) растайтын төлем құжаттарының;

ауыл шаруашылығы өнiмiн өзiнiң өңдеушi кәсiпорындарында өңдеген кезде өңдеушi кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi арасында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң берiлгенiн растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

19. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi растаған өңдеуге өткiзiлген (тапсырылған), субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнiмнiң көлемдерiнен және ЖАО-ның қаулысымен бекiтiлген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледi:

С = З х Нс, мұндағы:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

З — өңдеуге өткiзiлген (тапсырылған) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң расталған көлемi, тонна;

Нс — қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.

5-параграф. Субсидиялар төлеу тәртiбi

20. Өтiнiмдердi қарау жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан бастап 20 желтоқсанына дейiн жүзеге асырылады.

21. Жеке кабинеттегi тiзiлiм деректерiне қолжетiмдiлiк берiлу үшiн:

1) ауылшартауарынөндiрушiлерде (ауылшаркооперативтерiнде) ЭЦҚ болуы тиiс;

2) Басқарма, Министрлiк жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмiн жiбередi.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк Министрлiкке онлайн-режимде өтеусiз негiзде берiледi.

22. Жеке кабинетте тiркелу үшiн ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi ( бұдан әрi — БСН), толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса) тегi және ЖСН;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректердi өзгерткен кезде ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi бiр жұмыс күн iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

23. Өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу мынадай тәртiппен Жеке кабинетте жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетiлген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеруге қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде оған ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

24. Басқарма өтiнiмдi тiркеген сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiмдi растау туралы хабарлама не уәждi бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi Жеке кабинетiне жолданады.

25. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидия төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес өтiнiмдi қабылдағанын Басқарма растағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жолданады.

2-тарау. Көпжылдық екпелер өндiрiсiн субсидиялау

1-параграф. Субсидиялар алушылар

26. Көпжылдық екпелер өндiрiсiн субсидиялау жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерi аналықтарынан алынған отырғызу материалын (телiтушiлер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) (бұдан әрi — отырғызу материалы) өндiруге арналған шығындарды iшiнара (50%) өтеу жолымен жүзеге асырылады.

2-параграф. Субсидиялар алу шарттары

27. Отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленедi:

1) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң отырғызу материалын өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алуға өтiнiм беру.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) оригинатор берген өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу;

3) оригинатордың субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде нақты өткiзiлген отырғызу материалы үшiн оригинатордың жұмсалған шығындарын растау.

Бұл ретте субсидия алу үшiн электрондық шот-фактураларды керi қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi;

5) оригинаторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған, тиiстi алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы.

Шаруа немесе фермер қожалығы нысанында құрылған, жер учаскелерi мүшелерiнiң атына тiркелген оригинатор өтiнiм берген жағдайда, жер учаскелерiнiң бар екенiн жер учаскелерiне арналған құқық белгiлеу және сәйкестендiру құжаттарымен растауға жол берiледi, олардың сканерленген электрондық көшiрмелерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырылады;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көпжылдық екпелердiң электрондық карталарын тiркеу.

3-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

28. Отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар оригинаторларға мынадай формула бойынша төленедi:

С = М х Н

мұнда:

C — субсидия мөлшерi, теңге;

М — өткiзiлген отырғызу материалының саны, дана;

Н — осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетiлген жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар нормативi (бұдан әрi — субсидиялар нормативi), теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты өткiзу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Отырғызу материалдың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген субсидиялар көлемдерiн есепке ала отырып олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

4-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

29. Өтiнiмдердi қабылдау оригинатордың жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейiн жүзеге асырылады.

30. Тiзiлiмнiң деректерiне қолжетiмдiлiк беру үшiн Жеке кабинетте:

1) оригинаторлар ЭЦҚ-сы болуы тиiс;

2) Басқарма және Министрлiк көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк Министрлiкке онлайн-режимде өтеусiз негiзде берiледi.

31. Оригинатор Жеке кабинетте тiркелу үшiн мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: ЖСН, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: БСН (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң БСН-сы, толық атауы, бiрiншi басшысының немесе Жеке кабинетте тiркеуге уәкiлеттi адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi және ЖСН-сы;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, оригинатор бiр жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

32. Өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 27-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде оригинатордың ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

33. Егер Басқарма төлеуге арналған төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде деректер сәйкессiздiгiнiң бар екенi анықталса, оригинатор себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алады.

34. Басқарма өтiнiм тiркелген сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiм расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәждi бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетiне жiберiледi.

35. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес Басқарма өтiнiмдi қабылдағанын растағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетiне жiберiледi

3-тарау. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелер

36. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемi субсидияланатын тұқымдардың әрбiр санаты бойынша (бұдан әрi — тұқымдарға арналған субсидиялар көлемi) осы Қағидалар 2020 жылы қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде және жыл сайын тиiстi жылдың 10 қаңтарына дейiн тиiстi негiздемемен және есеппен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке қарауға берiледi.

37. Министрлiк тұқымдарға арналған субсидиялар көлемiн тұқым шаруашылығы саласындағы заңнама нормаларына сәйкес тұрғысынан қарайды.

38. Оң шешiм қабылданған жағдайда Министрлiк екi жұмыс күнi iшiнде тиiстi iлеспе хатпен тұқымға субсидиялар көлемiн қайтарады. Терiс шешiм қабылданған жағдайда Министрлiк тұқымға субсидиялар көлемiн мақұлдаудан дәлелдi бас тарту хатымен қайтарады. Бұл ретте тұқымға арналған субсидиялардың пысықталған көлемi бес жұмыс күнi iшiнде Министрлiкке қайта қарауға жiберiледi.

Министрлiк мақұлдағаннан кейiн тұқымдарға арналған субсидиялар көлемiн ЖАО қаулысымен жыл сайын бекiтiледi және Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде және тиiстi ЖАО интернет-ресурсында екi жұмыс күнi iшiнде орналастырады.

Тұқымға арналған субсидиялар көлемi азайған жағдайда, ЖАО Министрлiкке тиiстi негiздемемен тұқымға арналған субсидиялар көлемiн мақұлдауға жiбередi. Бұл ретте субсидияланатын тұқымдардың әрбiр санаты бойынша бюджет қаражатының көлемiн қайта бөлу Министрлiкпен келiсiлмейдi.

39. Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрегей тұқым өндiрушiлерiнiң, элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының, тұқым өсiру шаруашылықтарының және тұқым өткiзушiлердiң тiзбесiн орналастырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11773 болып тiркелген) бекiтiлген Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау, қайта аттестаттау туралы куәлiк берiлгеннен не аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн Басқарма екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi.

2-параграф. Субсидия алушылар

40. Субсидиялар:

1) элиттұқымшардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бiрегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды iшiнара (70 %) өтеуге;

2) тұқымшардың, ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын iшiнара (70 %) өтеуге;

3) нақты сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдары және (немесе) екiншi репродукция мақта тұқымдары үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге;

4) нақты сатып алынған бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге;

5) нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге арналады.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 15:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2020 12:20

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz