A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 12 қарашадағы №738 қаулысымен бекiтiлген «Астана қаласының азық — түлiк белдеуiн қалыптастыру жөнiндегi 2018-2021 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберiнде елорданың азық-түлiк белдеуiн қалыптастыруға қатысатын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн алуға мүмкiндiгi бар, бұл оларға коммуналдық нарықтарды қоса алғанда, өткiзу нарықтарына қол жеткiзуге басымдыққа ие болуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, елорданың азық-түлiк белдеуiне қатысушыларға «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ Холдингiнiң еншiлес акционерлiк қоғамдарымен кредит беру мүмкiндiгi берiледi.

«Атамекен» өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн беру мақсатында арнайы комиссия құрды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi «Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушы» мәртебесiн алу үшiн Комиссияға ұсынады:

1) аталмыш жол картасының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Астананың азық-түлiк белдеуiне қатысушылар тiзiлiмiне енгiзуге өтiнiш;

2) тауарларды беру туралы жасалған шарттардың көшiрмелерi, олар болмаған жағдайда — ниеттер туралы жасалған шарттардың көшiрмелерi;

3) өндiрiлетiн өнiмдердiң сапасына сәйкестiк сертификаттарының, ISO 9001, ISO 22000, ХАССП (HACCP) халықаралық стандарттарын енгiзуге сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi — олар болған жағдайда.

7. Құжаттар пакетi толық ұсынылмаған жағдайда комиссия өтiнiштi қабылдамайды.

Нұр-Сұлтан қ. азық-түлік белдеуін арртыруына арналған өткізілетін жұмыстар туралы ақпарат (Нұр-Сұлтан-Көкшетау автожолынан 50-км. қашықтығында орналасқандар)
Аудандар Жобалар саны Жобалар Қаржыландыруы
сұт бағыты ет бағыты ешкі ферма құс ферма жылыжай балық шаруашылығы Суару участкелер
көкөніс өсіру мал азығын өсіру Лиман суаруы АШҚҚҚ АНК
1 Ақкол 7 1 5           1   222 млн 5 млрд
2 Аршалы 14 2 10     1     1   320 млн. 1,6 млрд
3 Біржан сал 6 1 3         1 1   90 млн 145,2 млн
4 Бұланды 12 4 7   1           375 млн 7,1 млрд
5 Бурабай 13 1 11         1     333 млн 192 млн
6 Ерейментау 2 0 0           2     1,7 млрд
7 Зеренді 6 0 5         1     92 млн.  
8 Целиноград 26 5 12 1     2 4 1 1 420 млн 5,5 млрд
9 Шортанды 6 3 3               121,5 млн 56,7 млн
Барлығы облыс бойынша 92 17 56 1 1 1 2 7 6 1 2,0 млрд тенге 21,3 млрд тенге

 

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 15:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.09.2019 14:10

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz