A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ақмола облысында тұқым шаруашылығының дамуы

Ақмола облысында ауылшаруашылық дақылдарының селекция және тұқым шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстары жүргiзiлуде, сонымен аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi 2019 жылғы егiнiне

107,7 мың тонна жоғары репродукциялы дәндi дақылдардың тұқымдары мен 318 тонна көпжылдық және бiржылдық шөптердiң тұқымдарын өндiрдi, бұл облыстың тауарлы шаруашылықтарына сорттық ауысуы және сорттық жаңаруын уақытылы жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Селекция және тұқым шаруашылығы бойынша осы көрсеткiштерге

қол жеткiзу өсiмдiк шаруашылығы саласының жыл сайынғы мемлекеттiк қолдауына байланысты, сондықтан 2019 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасына 467,5 млн. теңге бөлiнгенiн ескерткен жөн.

Бұл бюджеттiк қаражаттар қолданыстағы заңнама аясында аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiне iс жүзiнде сатылған (ақысыз) элиталық тұқымдар мен 1,512 тонна мөлшерiндегi бiрiншi репродукциялар үшiн субсидиялар төлеуге, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерге 15 400 егiс бiрлiгi толық құны бойынша шетелдiк өндiрушiден немесе тұқым өткiзушiден сатып алынған будандар тұқымдары үшiн бағытталды.

Аталмыш субсидиялар «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатаң түрде төленгенiн атап өткен жөн.

Мемлекеттiк қызметтердi алудың барлық процесi автоматтандырылған және www.qolday.kz сайты арқылы жүзеге асырылады, бұл бюрократияны айтарлықтай төмендетедi, себебi фермер мен шенеунiктiң тiкелей байланысы жойылады.

Биыл бөлiнген бюджет қаражаттары толығымен игерiлдi.

Сонымен қатар, осы бағдарламаны iске асырудың арқасында тауарлы шаруашылықтардың облыстағы аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнен жоғары репродукциялы тұқымдарды сатып алуға сұранысын арттыру мүмкiндiгiн бердi, өйткенi субсидиялар арқылы сатып алынған тұқымдардың құны 70% -ға дейiн төмендейдi.

Бұл өз кезегiнде облыстың аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнде тұқым өндiрiсiнiң өсуiне мультипликативтi әсер еттi.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн алу тәртiбi мен әдiсi туралы толығырақ ақпаратты Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының — www.ush.akmo. kz сайтында алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 02.10.2019 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2019 15:11

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz