A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті

Жүктеу (DOCX 127 Kb)

«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 19 қантардағы № А-1/20 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 19 ақпанда № 5256 болып тiркелдi

«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен
сақтандыру шеңберiнде субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 21.06.2019 № А-6/283 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1.Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — субсидияны аудару туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушысы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12523 болып тiркелген) бекiтiлген «Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандартын 1 және 2-қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетiлетiн қызметтi алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне тiркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастау үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы веб — порталда қарыз алушыдан ұсыныс алған күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде мынадай

iс-әрекеттердi жүзеге асырады:

субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ұсынысты тiркеу;

ұсыныстың субсидиялау шарттарына сәйкестiгiн, кепiлдiк беру/сақтандыру шарты талаптарының шарттарға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

ұсыныс бойынша шешiм қабылдау және ресiмдеу;

қарыз алушыға және кепiлгерге/сақтандыру ұйымына қабылданған шешiм туралы автоматты түрде хабарлама жолдайды.

2) қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы ұсыныс бойынша оң шешiм туралы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң хабарламасын алған күннен бастап, қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы және көрсетiлетiн қызметтi берушi арасында электрондық нысанда веб-порталда субсидиялау шарты жасалады — 3 жұмыс күнi;

Қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушi субсидиялау шартына қол қоймаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмi қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бұрын қабылдаған шешiмiнiң күшi жойылады.

3) кепiлгер/сақтандыру ұйымы және көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭЦҚ қол қойып, кепiлгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейiн веб-порталда қарыз алушының субсидиялау кестесiн қалыптастырады — 14 жұмыс күнi;

4) кепiлгер/сақтандыру ұйымы ЭЦҚ пайдалана отырып веб-порталда субсидиялау өтiнiмiн қалыптастырады;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы субсидиялауға өтiнiмдi қабылдауды растайды -1 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бюджеттiк қаржыландыру және мемлекеттiк сатып алу бөлiмi субсидияларды кепiлгердiң/сақтандыру ұйымының банктiк шотына аудару үшiн «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады — 1 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» жолдайды — 30 минут.

6. Төмендегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) ұсынысты алу және тiркеу, сәйкестiгiн тексеру, шешiм қабылдау, хабарлама жолдау;

2) шарт жасасу;

3) кестенi қалыптастыру;

4) өтiнiмдi қалыптастыру;

5) өтiнiмдi қабылдауды растау;

6) төлем тапсырмаларын қалыптастыру;

7) хабарлама жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлердiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

2) қарыз алушы мен кепiлгер/сақтандыру ұйымының;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бюджеттiк қаржыландыру және мемлекеттiк сатып алулар бөлiмi.

8. Әрбiр рәсiмiнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер арасындағы (қызметкерлердiң) iс-қимылдың кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы веб — порталда қарыз алушыдан ұсыныс алған күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асырады:

субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ұсынысты тiркеу;

ұсыныстың субсидиялау шарттарына сәйкестiгiн, кепiлдiк беру/сақтандыру шарты талаптарының шарттарға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

ұсыныс бойынша шешiм қабылдау және ресiмдеу;

қарыз алушыға және кепiлгерге/сақтандыру ұйымына қабылданған шешiм туралы автоматты түрде хабарлама жолдайды.

2) қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы ұсыныс бойынша оң шешiм туралы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң хабарламасын алған күннен бастап, қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы және көрсетiлетiн қызметтi берушi арасында электрондық нысанда веб-порталда субсидиялау шарты жасалады — 3 жұмыс күнi;

Қарыз алушы, кепiлгер/сақтандыру ұйымы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушi субсидиялау шартына қол қоймаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмi қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бұрын қабылдаған шешiмiнiң күшi жойылады.

3) кепiлгер/сақтандыру ұйымы және көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭЦҚ қол қойып, кепiлгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейiн веб-порталда қарыз алушының субсидиялау кестесiн қалыптастырады — 14 жұмыс күнi;

4) кепiлгер/сақтандыру ұйымы ЭЦҚ пайдалана отырып веб-порталда субсидиялау өтiнiмiн қалыптастырады;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы субсидиялауға өтiнiмдi қабылдауды растайды -1 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бюджеттiк қаржыландыру және мемлекеттiк сатып алу бөлiмi субсидияларды кепiлгердiң/сақтандыру ұйымының банктiк шотына аудару үшiн «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады — 1 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» жолдайды — 30 минут.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдiсiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) кезеңдiлiгiн және өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында, Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес субсидиялар алуға ұсынысын ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ пароль арқылы тiркеудi iске асырады (порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады);

1- процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда ЖСН/БСН және паролiн енгiзу үрдiсi (авторизация үрдiсi);

1- шарт — порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалылығын тексеру;

2 — процесс — порталмен көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

3 — процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне электрондық түрдегi Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды бекiтумен көрсетiлетiн қызметтi алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдап алуы.

2 — шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және қайта шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында) сәйкестiгiн тексеру;

4 — процесс– көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5 — процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұрау салуды өңдеу үшiн «электронды үкiмет» өңiрлiк шлюздiң автоматтандырылған жұмыс орнында «электронды үкiмет» шлюзi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушы) жолдау;

6 — процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен қарастырылған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7 — процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 17:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.08.2019 13:54

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2019 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@akmo.kz