A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақмола облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 515 804,4 млн.теңгенi құрады (НКИ — 100,1%), оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 347 433,5 млн. теңге (НКИ — 94,3%), мал шаруашылығы — 166 884,4 млн. теңге (НКИ — 111,4%).

Жалпы облыста 6841 агроқұрылымдары бар, оның iшiнде: 1586 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 5255 — шаруа-фермерлiк қожалықтары.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi 2019 жылдың

9 айында 1342,5 мың теңгенi құрады немесе 2018 жылға 108,6%.

2019 жылдың iшiнде ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 52,0 млрд. теңгенi құрады, бұл 2018 жылдың деңгейiнен 44%-ға жоғары.

А.ж. 11 айында ауылшаруашылық өнiмдерiнiң экспорты 247,9 млн. АҚШ долларға 1171,5 мың тоннаны құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың саны жұмыс қамтылғандардың жалпы санына 29,1% -ды құрайды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны — 407,6 мың адам, оның iшiнде ауыл шаруашылығында 118,7 мың адам).

Ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылдың 3-шi тоқсанына орташа еңбекақы 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда (121,8 мың теңгеден 140,6 мың теңгеге дейiн) 15,4% -ға өсiп, 140 639,0 теңгенi құрады, ал облыстар арасында екiншi көрсеткiш болып табылады.

Агроөнеркәсiптiк сектордың жай –күйi

2019 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында мемлекеттiк қолдау көлемдерi шамамен 42,1 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде:

Мемлекет тарапынан көктемгi егiс және астық жинау жұмыстарын субсидиялау. Өсiмдiк шаруашылығын субсидиялауға

10,8 млрд. теңге бөлiндi (гербицидтермен қамтамасыз етудi арттыруға — 8593,2 млн. теңге, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға — 1700,9 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 469,2 млн. теңге);

Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екi бағытта жүзеге асырылады:

асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, сонымен қатар мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасы. Осы бағдарламаларды iске асыруға 2019 жылы 9,1 млрд.теңге бөлiндi.

Инвестициялық салынымдар мен қайта өңдеудi субсидиялауға — 18,1 млрд.теңге (инвестициялық салынымдар — 17 295,8 млн.теңге, өңдеу кәсiпорындарына шығындарды субсидиялауға — 787,4 млн.теңге, дайындаушы ұйымдарын субсидиялауға — 63,8 млн.теңге).

Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiн өтеуге — 4,1 млрд. теңге (қаржылық сауықтыру — 965,2 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiн өтеу — 3 135,2 млн. теңге).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде кәсiпкерлiктi дамытуға

4,1 млрд. теңге бөлiндi (шағын несиелер бойынша iшiнара кепiлдiк — 9,2 млн. теңге, кәсiпкерлiктi дамытуға қолғабыс ету үшiн бюджеттiк несиелер беру — 4069,0 млн. теңге).

Өсiмдiк шаруашылығы

Астық жинау жұмыстары

Қазiргi уақытта облыста астық жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Дәндi және бұршақ дақылдары 4 379,6 мың га алқаптан жиналды, 11,7 ц/га орташа өнiмдiлiгiмен астықтың жалпы түсiмi 5124,1 мың тонна көлемiмен алынды.

Майлы дақылдар 245,1 мың га көлемiнде жиналды, жалпы түсiмi 186,8 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 7,6 ц/га құрады.

Картоп 17,4 мың га алқаптан жиналды, жалпы түсiмi — 278,1 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 160,0 ц/га құрады.

Көкөнiстер — 3,8 мың га көлемiнде, жалпы түсiмi — 57,5 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 149,6 ц/га құрады.

Егiнге күтiм жасау

Ағымдағы жылы егiндердi арамшөптерден, зиянкестерден және дақылдардың ауруларынан қорғауға ерекше назар аударылды.

Осылайша, химиялық өңдеулер ауылшаруашылық дақылдардың барлық егiс алқаптарында — 4,1 млн. га немесе жоспарланған көлемнiң 105% -ында жүргiзiлдi. Сонымен қатар арзандатылған гербицидтердi сатып алуға бюджеттен 8,6 млрд. теңге көлемiнде субсидия бөлiнгенiн ескерткен жөн.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 18,3 мың га немесе қажеттiлiктiң 100%-ын құрайтын итальяндық прусқа қарсы қорғау шаралары қабылданды. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен үйiрлi емес шегiрткелерге қарсы химиялық өңдеу 36,0 мың га немесе қажеттiлiктiң 100% -ында жүргiзiлдi, бидай бiтесiне  — 448,0 мың га, оның iшiнде 58,6 мың га — жергiлiктi бюджеттен қаражаттар бөлiндi.

Септориозға қарсы химиялық өңдеу 1296,3 мың га немесе өңделетiн ауданның 143,1% -ында жүргiзiлдi (республикалық бюджет есебiнен — 668,4 мың га, АШТӨ қаражат есебiнен — 627,9 мың га).

Сұр бидай көбелегiне қарсы химиялық өңдеу 353,5 мың га алаңда жүргiзiлдi (республикалық бюджеттен 288,0 мың га және АШТӨ қаражат есебiнен 65,4 мың га) немесе өңделетiн ауданның 123%.

Сүрi жерлердi өңдеу

Ағымдағы жылы сүрi жерлердiң бiрiншi және екiншi өңдеуi 721,6 мың га алқабында жүргiзiлдi немесе жоспарланған жоспардың 101,6% (жоспар — 710,4 мың га).

Сүрi жерлердiң 3-шi өңдеуi 684,9 мың га алаңда жүргiзiлдi немесе жоспардың 96,4%. Сүрi жердiң төртiншi өңдеуi 9,5 мың га немесе 1,3% алқабында жүргiзiлдi, оның iшiнде 61,9 мың га химиялық тәсiлiмен.

Минералды тыңайтқыштар

Өнiмдiлiгiн арттыру үшiн минералды тыңайтқыштарды сатып алуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылады.

Сонымен облыстың АШТӨ 44,5 мың тонна (негiзiнде аммофос және аммиак селитрасы) (өткен жылда 57 мың тонна сатып алынған) тыңайтқыштар сатып алып енгiзген, ал құнарлындандырылған жер шамамен 1,0 млн га құрады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге субсидия бөлiндi.

Ауылшаруашылық техникаларының астық жинауға қатысуы

Ағымдағы жылы астық жинау жұмыстарға 8,7 мың бiрлiк астық жинау комбайн қатысқан болатын, оның iшiнде: 3512 бiрлiк техника  — қазiргi заманғы астық жинау комбайндар, дестелегiш  — 2504 бiрлiк, жүк машиналары — 4708 бiрлiк, трактор тiркемелерi — 7730 бiрлiк және механикаландырылған тоқ — 494 бiрлiк.

Астық жинау техникасы мен трактор сатып алу

Облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiнде астық жинау комбайндар мен тракторлар паркiн жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Соңғы 3 жылда 5 мыңнан техника сатып алынды, оның iшiнде 862 бiрлiк астық жинау комбайны, 876 бiрлiк трактор және 228 бiрлiк егiс кешендерi. Ауылшаруашылық техникаларының жаңару деңгейi 2,9%-ды құрайды.

2019 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд. теңгеге 1904 бiрлiк техника сатып алынды, оның iшiнде 15,8 млрд. теңгеге 525 бiрлiк лизингке сатып алынды.

Ауылшаруашылық техникаларын, соның iшiнде астық жинау комбайндар мен егiс кешендерiн сатып алу жұмыстары жалғасуда.

Астық қабылдау кәсiпорындарын дайындау

Егiнiнде жалпы сыйымдылығы 4,6 млн. тоннаны құрайтын (элеватор — 2,7 млн. тонна және қойма 1,9 млн. тонна) 69 қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсiпорны қатысуда.

Сонымен қатар ауылшаруашылық құрылымдарында шамамен 2,0 млн. тонна сыйымдылығымен астық қоймалары бар.

Облыстың астық қабылдау кәсiпорындары 2,8 млн. тонна көлемiнде астық қабылдады.

Облыста 230 астық кептiргiштер жұмыс iстейдi (АҚК — да — 150 бiрлiк және АШТӨ — 80 бiрлiк), жалпы тәулiктiк қуаттылығы 100 мың тоннадан асады.

Шөп дайындау

2019 жылына облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi 1139,9 мың тонна көлемiнде шөп жинады немесе жылдық қажеттiлiгiнен 102,3% (жоспар 1114 мың тонна).

Сүдiгер жырту

2019 жылына облыс бойынша сүдiгер жырту жоспары 857,1 мың га-ды құрады, 889,0 мың га жер жыртылды немесе жоспардың 103,7%.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 430,2 мың басты құрайды (2018 жылға қарай 101,8%), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (104,1%).

Жылқы басы 187,3 мың басты (98,8%), құс — 8078,9 мың басты (107%) құрады.

Қой мен ешкi басы 530,2 мың басты (99,4%), шошқа 101,6 мың басты (97,7%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағы сойылған етi 140,1 мың тонна (127,9%), сауылған сүт –396,1 мың тонна (102,7%), жұмыртқа –860,4 млн.дана (97,1%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр уақытта бордақылаудың жалпы қуаттылығы 31,5 мың бас (Аршалы ауданының «Renaissance compani ЖШС», Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас ЖШС», Есiл ауданының «Заречное», Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы облыс бойынша 22225 басты құрады (97,8%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл процесске 69,0 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 33,2%-ы тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде

инвестициялық жобаларды iске асыру

2019 жылы жалпы құны 22,5 млрд. теңгеге 193 инвестициялық жоба iске асырылды, оның iшiнде:

 — 1,6 млрд. теңге сомасына АҚК құрылысы бойынша 9 жоба;

 — 0,5 млрд. теңге сомасына тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша — 4 жоба;

 — 0,8 млрд. теңге сомасына құс фабрикасын салу бойынша — 1 жоба;

 — 4,9 млрд.теңге сомасына мал бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша 5 жоба;

 — 3,8 млрд. теңге сомасына ет фермаларын құру бойынша -170 жоба;

 — 10,9 млрд.теңге сомасына ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша — 4 кәсiпорын.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылына 100,7 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылға қарай 111,1%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 36,5 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 147,3%), сүт өнiмдерi 19,2 млрд. теңгенi құрады (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 111,2%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,2%, сүт — 19%, астық өңдеу — 13,6%, нан мен нан- тоқаш өнiмдерi — 5,2%, өзге салалар–26% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар табиғи түрде 51,9 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 78,7% — ға ұлғайды, производства колбасных изделий составил 2,1 тыс. тонн.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 80,8 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың деңгейiнен 23,9% — ға өстi, сары май 1,3 мың тонна көлемiнде өндiрiлдi, 2018 жылмен салыстырғанда 11,0%-ға ұлғайды, iрiмшiк және сүзбе 1,2 мың тонна, 2018 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға ұлғайды, ашымал сүт өнiмдерi 5,0 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 9,4% -ға өстi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 26,1 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 13,9%-ға азайды.

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 293,6 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 8,2% — ға азайды.

Нұр-Сұлтан қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдеуiн дамыту

Азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 17 ауданы кiредi.

Қазiргi уақытта облысымыздың 128 кәсiпорны ауылшаруашылық өнiмдерiн жеткiзумен айналысады, оның iшiнде 68 — мал шаруашылығы өнiмдерi (ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi), 6 — құс өнiмдерi (құс етi, тағамдық жұмыртқа), 54 — өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi (ұн, картоп, көкөнiстер, өсiмдiк майы).

Нұр — Сұлтан қаласындағы 5 сауда орындарына, 29 сауда үйiне, 10 сауда орталығына өнiмдер жеткiзiледi.

Сондай-ақ, «Ақмол» дүкендер желiсi бар, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Projekt» ЖШС және т.б. сияқты облыстың iрi ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi өз өнiмдерiн өткiзуде.

2019 жылғы астананың сауда орындарына 113,6 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi жеткiзiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,4% -ға өстi), ет және ет өнiмдерi — 28,6 мың тонна ( 2,0%-ға өстi), жұмыртқа — 276,5 млн. дана (2,4%-ға өстi).

Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 11:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 11:05

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz