A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар айына арналған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2020 жылдың қаңтар айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 11 541,1 млн.теңгенi құрады (НКИ — 100,1%), оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 191,1 млн. теңге (НКИ — 100,0%), мал шаруашылығы — 11 349,7 млн. теңге (НКИ — 100,1%).

Агроөнеркәсiптiк сектордың жай –күйi

2020 жылға Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында шамамен 31,9 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде:

Мемлекет тарапынан көктемгi дала және астық жинау жұмыстарды субсидиялау. Өсiмдiк шаруашылығы саласын субсидиялауға 12,1 млрд. теңге бөлiндi (ӨҚҚ қолжетiмдiлiгiн арттыруға — 8338,7 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға — 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 617,5 млн. теңге).

Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екi бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын субсидиялау. 2020 жылы көрсетiлген бағдарламалардың iске асыруына 4,6 млрд. теңге бөлiндi. Сонымен қатар тексеру одақтарының шығындарын субсидиялауға 51,2 млн. теңге көзделген.

Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеудi субсидиялауға — 8,5 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар — 8123,4 млн. теңге, өңдеушi кәсiпорындардың шығындарын субсидиялауға — 171,6 млн. теңге, дайындаушы ұйымдарды субсидиялау  — 171,0 млн. теңге).

Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6,7 млрд. теңге (қаржылық сауықтыру  — 445,3 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6210,8 млн. теңге).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде кәсiпкерлiктi дамытуға 3,0 млрд. теңге бөлiндi (микрокредиттер бойынша iшiнара кепiлдендiру — 50,0 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау — 10,0 млн. теңге, кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн бюджеттiк несиелер беру — 2 961,3 млн. теңге).

Өсiмдiк шаруашылығы

Ағымдағы жылы жаздық егiс 4,9 млн. га алқапқа жоспарланған, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн га.

Майлы дақылдардың егiстерiн 254,0 мың га көлемде орналастыру жоспарлануда, 16,1 мың га- картоп, көкөнiстердi 3,4 мың га-ға отырғызу жоспарланған.

Мал азықтық дақылдарының жазғы егiсiн 181,0 мың га алқапқа орналастыру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 454,2 мың басты құрайды (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 103,5%), оның iшiнде сиыр басы — 214,8 мың бас (102,2%).

Жылқы басы 198,1 мың басты (106,5%), құс — 8146,3 мың басты (108,4%) құрады.

Қой мен ешкi басы 544,8 мың басты (100,3%), шошқа 105,3 мың басты (95,9%) құрады.

Облыста 12,0 мың тонна (101,5%) тiрi салмақтағы сойылған етi өткiзiлдi, сауылған сүт –15,8 мың тонна (104,7%), жұмыртқа –63,2 млн.дана (86,9%) өндiрiлдi.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде
инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-Сұлтан қ. төңiрегiндегi азық — түлiк белдеуi бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 82,3 млрд. теңгеге 31 инвестжобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

-4 — бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродукторларын салу бойынша;

-7 — сүттi мал шаруашылығы бойынша;

-4 — еттi мал шаруашылығы бойынша;

-2 — құс шаруашылығын дамыту бойынша;

-1 — шошқа кешенiн салу бойынша;

-7 — АШ өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша;

-5 — астық қоймасы мен картоп сақтау қоймасын салу бойынша;

-1 — балық өсiру бойынша.

Нұр-Сұлтан қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдеуiн дамыту

Азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 17 ауданы кiредi.

Қазiргi уақытта облысымыздың 128 кәсiпорны ауылшаруашылық өнiмдерiн жеткiзумен айналысады, оның iшiнде 68 — мал шаруашылығы өнiмдерi (ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi), 6 — құс өнiмдерi (құс етi, тағамдық жұмыртқа), 54 — өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi (ұн, картоп, көкөнiстер, өсiмдiк майы).

Нұр — Сұлтан қаласындағы 5 сауда орындарына, 29 сауда үйiне, 10 сауда орталығына өнiмдер жеткiзiледi.

Сондай-ақ, «Ақмол» дүкендер желiсi бар, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС,

«Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Projekt» ЖШС және т.б. сияқты облыстың iрi ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi өз өнiмдерiн өткiзуде.

Облыс ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен (2020 жылғы 14 ақпандағы жағдай бойынша ) астананың сауда орындарына 2,4 мың тонна сүт өнiмдерi (2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 5,3% -ға өстi), ет және ет өнiмдерi — 1,1 мың тонна (7,4%-ға өстi), жұмыртқа — 16,1 млн. дана (12,5%-ға өстi) жеткiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2020 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.02.2020 17:20

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz