A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар — сәуiр аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы

Экономика

2020 жылдың қаңтар — сәуiр аралығындағы ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 55 321,0 млн.теңгенi құрады (НКИ — 103,5%), оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 763,6 млн. теңге (НКИ — 100,0%), мал шаруашылығы — 54 555,8 млн. теңге (НКИ — 103,5%).

Агроөнеркәсiптiк сектордың жай –күйi

2020 жылғы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында шамамен 37,1 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде:

Мемлекет тарапынан көктемгi дала және астық жинау жұмыстарды субсидиялау. Өсiмдiк шаруашылығы саласын субсидиялауға 14,0 млрд. теңге бөлiндi (ӨҚҚ қолжетiмдiлiгiн арттыруға — 8845,1 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға — 4171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 959,2 млн. теңге).

Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екi бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын субсидиялау. 2020 жылы көрсетiлген бағдарламалардың iске асыруына 6,6 млрд. теңге бөлiндi. Сонымен қатар тексеру одақтарының шығындарын субсидиялауға 51,2 млн. теңге көзделген.

Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеудi субсидиялауға — 9,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар — 8553,2 млн. теңге, өңдеушi кәсiпорындардың шығындарын субсидиялауға — 171,6 млн. теңге, дайындаушы ұйымдарды субсидиялау  — 171,0 млн. теңге, қарыздарды кепiлдендiру және сақтандыру  — 800 млн. теңге).

Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6,8 млрд. теңге (қаржылық сауықтыру  — 445,3 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6359,2 млн. теңге).

Өсiмдiк шаруашылығы

Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,9 млн.га-ға жоспарланған, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн. га, а. ж. 15 мамырдағы жағдай бойынша 640,3 мың га немесе 14,4% егiлдi.

Майлы дақылдарды 254,0 мың га алаңда егу жоспарлануда, 53,9 мың га (21,2%) егiлдi, 174,5 мың га алқапта малазықтық дақылдарын егу жоспарлануда, 50,7 мың га (29,1%) егiлдi.

Картоп отырғызуды 15,7 мың га алаңда жүргiзу жоспарлануда, 6,3 мың га (40,1%) отырғызылды, 3,5 мың га көкөнiс, 0,9 мың га (25,7%) отырғызылды.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 14 мыңнан астам трактор, 16 мың бiрлiк астық тұқым сепкiштер және 1250 жоғары өнiмдi егiс кешендерi қатысатын болады, ағымдағы жылы 65% астық танабын егу жоспарлануда.

Бүгiнгi күнi барлық ауылшаруашылық техникасы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге дайын.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 520,3 мың басты құрайды (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 103,1%), оның iшiнде сиыр басы — 224,1 мың бас (103,3%).

Жылқы басы 217,9 мың басты (106,1%), құс — 7621,5 мың басты (90,8%) құрады.

Қой мен ешкi басы 681,6 мың басты (101,0%), шошқа 135,2 мың басты (96,6%) құрады.

Облыста 47,9 мың тонна (107,6%) тiрi салмақтағы сойылған етi өткiзiлдi, сауылған сүт — 98,1 мың тонна (102,2%), жұмыртқа — 269,8 млн. дана (95,2%) өндiрiлдi.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-Сұлтан қ. төңiрегiндегi азық — түлiк белдеуi бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 47,0 млрд. теңгеге 41 инвестжобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

-4 — бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродукторларын салу бойынша;

-7 — сүттi мал шаруашылығы бойынша;

-13 — еттi мал шаруашылығы бойынша;

-2 — құс шаруашылығын дамыту бойынша;

-2 — суару жүйесiн құру бойынша;

-6 — АШ өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша;

-5 — астық қоймасы мен картоп сақтау қоймасын салу бойынша;

-2- балық өсiру бойынша.

Бүгiнгi күнi 2 жоба iске қосылды:

 — Сандықтау ауданының «Байдалы АШК» ЖШС 400 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы бойынша, жобаның құны 180 млн.теңге.

 — 100 млн. теңгеге Целиноград ауданының «Family Farm» ЖШС ет фермасы.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2020 жылдың 3 ай аралығындағы 26,2 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 119,5%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 10,0 млрд.теңгенi (2019 жылдың ұқсас кезеңiне 133,8%), ұн — 5,3 млрд. теңгенi (2019 жылға 113,7%), өсiмдiк майы — 0,2 млрд. теңгенi құрады (2019 жылға 136,8%), сүт өнiмдерi — 4,0 млрд. теңгенi (2019 жылға 100%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 37,7%, сүт — 14,8%, астық өңдеу — 20,2%, нан мен нан-тоқаш өнiмдерi — 4,6%, өзге салалар–22,7% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар табиғи түрде 14,5 мың тонна ет өндiрдi, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 32,8% — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерiнiң өндiрiс көлемi 493 тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,2% — ға ұлғайды.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 19,4 мың тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 8,1% — ға өстi, сары май 238 тонна, iрiмшiк және сүзбе 206 тонна, ашымал сүт өнiмдерi 1,4 тонна өндiрiлдi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 5,8 мың тоннаны құрады,

2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 36,6%-ға ұлғайды.

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 84,2 мың тонна өндiрiлдi немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 23,3% — ға ұлғайды.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020 10:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2020 10:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz