A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылдың қаңтар — мамыр аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы

Экономика

2020 жылдың қаңтар — мамыр аралығындағы ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 75 058,3 млн.теңгенi құрады (НКИ — 102,8%), оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 910,1 млн. теңге (НКИ — 100,0%), мал шаруашылығы — 74 145,7 млн. теңге (НКИ — 102,8%).

Облыста барлығы 7120 агроқұрылымдар бар, оның iшiнде: 1613 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 5507 — шаруа-фермерлiк қожалықтары.

2019 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi 2345,4 мың теңгенi немесе 2018 жылға 105,1%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар а.ж. қаңтар — сәуiр айларында 9,2 млрд. теңгенi немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 109,4%-ды құрады.

2020 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспорты 67,0 млн. АҚШ долларға 279,0 мың тоннаны құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны — жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы — 405,0 мың адам, оның iшiнде ауыл шаруашылығында -117,0 мың адам).

2020 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа еңбекақы 108 947,0 теңгенi құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 13% — ға артты (96,4 мың теңгеден 108,9 мың теңгеге дейiн).

Агроөнеркәсiптiк сектордың жай –күйi

2020 жылғы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында шамамен 37,1 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде:

Мемлекет тарапынан көктемгi дала және астық жинау жұмыстарды субсидиялау. Өсiмдiк шаруашылығы саласын субсидиялауға 14,0 млрд. теңге бөлiндi (ӨҚҚ қолжетiмдiлiгiн арттыруға — 8845,1 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға — 4171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 959,2 млн. теңге).

Мал шаруашылығының дамуын қолдауды субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екi бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды мал шаруашылығын, сонымен қатар мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын субсидиялау. 2020 жылы көрсетiлген бағдарламалардың iске асыруына 6,6 млрд. теңге бөлiндi. Сонымен қатар тексеру одақтарының шығындарын субсидиялауға 51,2 млн. теңге көзделген.

Инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеудi субсидиялауға — 9,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар — 8553,2 млн. теңге, өңдеушi кәсiпорындардың шығындарын субсидиялауға — 171,6 млн. теңге, дайындаушы ұйымдарды субсидиялау  — 171,0 млн. теңге, қарыздарды кепiлдендiру және сақтандыру  — 800 млн. теңге).

Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6,8 млрд. теңге (қаржылық сауықтыру  — 445,3 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыру — 6359,2 млн. теңге).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасы шеңберiнде ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға 3,0 млрд.теңге бөлiндi (микрокредиттер бойынша iшiнара кепiлдендiру — 50,0 млн. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау — 10,0 млн. теңге, кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу үшiн бюджеттiк кредиттер беру — 2 961,3 млн. теңге).

Өсiмдiк шаруашылығы

Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,9 млн.га-ға өткiзiлдi, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн. га, 4,4 млн. га немесе 100,3% егiлдi.

Майлы дақылдар 254,0 мың га алаңда егiлдi (жоспардың 100%-ы), малазықтық дақылдар 190,6 мың га алаңда егiлдi немесе жоспардың 102,1%-ы (жоспар — 186,6 мың га).

Картоп 15,7 мың га алаңда отырғызылды (100%), көкөнiстер 3,5 мың га (100%)).

Тұқымдық материалды дайындау

2020 жылдың егiнiне облыстың АШТӨ 526,8 мың тоннаға жуық тұқым толтырылды (немесе қажеттiлiктiң 100,1%).

Аккредиттелген зертханаларға 544,1 мың тонна көлемiнде толық талдауға тұқым ұсынылған немесе 103,3%, оның iшiнде 544,1 мың тонна немесе келiп түскен көлемнiң 100% — ы тексерiлдi.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 14 мыңнан астам трактор, 16 мың бiрлiк астық тұқым сепкiштер және 1250 жоғары өнiмдi егiс кешендерi қатысты.

Жанар-жағармай материалдары

Облыс АШТӨ-не көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге дизель отынына қажеттiлiгi: дизель отыны — 74 мың тонна, бензин — 7,6 мың тонна және дизель майы — 4,1 мың тонна.

ҚР Энергетика министрлiгi Ақмола облысының ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне 2020 жылғы көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге 89 мың тонна дизель отынының кепiлдендiрiлген көлемiн бөлдi, оның iшiнде: Павлодар МХЗ-дан — 30 мың тонна, ПҚОП (Шымкент) — 32 мың тонна және Атырау МӨЗ-нан-27 мың тонна. Айлар бөлiнiсiнде ЖЖМ бөлiнгенi:

 — наурыз — 30 мың тонна (ПМХЗ -18 мың тонна, ПҚОП-10 мың тонна және АМӨЗ — 2 мың тонна).

 — сәуiр — 19,7 мың тонна (ПМХЗ — 7 мың тонна, ПҚОП — 10,7 мың тонна және АМӨЗ-2 мың тонна).

 — мамыр  — 18,3 мың тонна (ПМХЗ — 5 мың тонна, ПҚОП-11,3 мың тонна және АМӨЗ -2 мың тонна).

 — маусым  — 21 мың тонна (АМӨЗ -21 мың тонна).

2020 жылғы КДЖ жүргiзуге бөлiнген дизель отынының кепiлдендiрiлген көлемiн iрiктеу және төлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша наурыз-маусым айларында 89,0 мың тоннаға (100%) шарттар жасалды, 69,0 мың тонна үшiн төлем жүргiзiлдi, 57,5 мың тонна жөнелтiлдi. Кепiлдендiрiлген дизель отынын МӨЗ-нан одан әрi жөнелту қысқа мерзiмде жүзеге асырылады.

МӨЗ-нан дизель отынының босату бағасы тоннасына 174 мың теңгенi құрайды, ал ауылшаруашылық тауар өндiрушiлер үшiн түпкiлiктi бағасы 1 литр үшiн 165 теңгенi құрайды.

Тыңайтқыштар

Бүгiнгi күнi 61,2 мың тоннаға минералды тыңайтқыштар сатып алуға келiсiмшарт жасалды, оның 50,2 мың тоннасы тиелдi.

Алқаптарды цифрлау

Егiстiктi цифрландыру

Ағымдағы жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша облыстың 3409 жер пайдаланушысы 5805,9 мың га алаңда немесе цифрландыруға жататын алаңның 97,5% — ында цифрлау жүргiздi.

Жайылымдарды цифрландыру

Ағымдағы жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша облыстың 2600 жер пайдаланушысы 3858,5 мың га алаңда немесе цифрландыруға жататын алаңның 87,2% — ында жайылымдардың цифрлауын жүргiздi.

Шабындықтарды цифрландыру

Ағымдағы жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша облыстың 560 жер пайдаланушысы 144,0 мың га алаңда немесе цифрландыруға жататын алаңның 95,8%-ында шабындықтардың цифрлауын жүргiздi.

Көпжылдық екпелердi цифрландыру

Ағымдағы жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша облыстың 51 жер пайдаланушысы 1,8 мың га алаңда немесе цифрландыруға жататын алаңның 65,5% — ында көпжылдық екпелердiң цифрлауын жүргiздi.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 527,5 мың басты құрайды (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 103,2%), оның iшiнде сиыр басы — 225,0 мың бас (102,7%).

Жылқы басы 231,2 мың басты (105,5%), құс — 7699,7 мың басты (96,7%) құрады.

Қой мен ешкi басы 716,6 мың басты (101,0%), шошқа 144,8 мың басты (96,3%) құрады.

Облыста 60,1 мың тонна (107,1%) тiрi салмақтағы сойылған етi өткiзiлдi, сауылған сүт — 142,0 мың тонна (101,9%), жұмыртқа — 341,4 млн. дана (93,7%) өндiрiлдi.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-Сұлтан қ. төңiрегiндегi азық — түлiк белдеуi бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 47,0 млрд. теңгеге 41 инвестжобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

-4 — бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродукторларын салу бойынша;

-8 — сүттi мал шаруашылығы бойынша;

-12 — еттi мал шаруашылығы бойынша;

-2 — құс шаруашылығын дамыту бойынша;

-2 — суару жүйесiн құру бойынша;

-6 — АШ өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша;

-5 — астық қоймасы мен картоп сақтау қоймасын салу бойынша;

-2- балық өсiру бойынша.

Бүгiнгi күнi 6 жоба iске қосылды:

 — Сандықтау ауданының «Байдалы АШК» ЖШС 400 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы бойынша, жобаның құны 180 млн.теңге;

 — 100 млн. теңгеге Целиноград ауданының «Family Farm» ЖШС ет фермасы;

 — 50 млн. теңгеге Ерейментау ауданының «Birlik Agro» ЖШС ет фермасы;

 — 37,5 млн. теңгеге Ерейментау ауданының «Birlik Agro» ЖШС жылқы фермасы;

 — Ерейментау ауданының "Хамзе" ШҚ 400 га алаңда суару жүйесiн салу бойынша, жобаның құны 25,0 млн.теңге;

 — Ерейментау ауданының «Жаңа Береке» ЖШС 400 га алаңда суару жүйесiн салу бойынша, жобаның құны 110,0 млн.теңге;

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2020 жылдың 4 ай аралығындағы 36,1 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 114,7%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 13,7 млрд.теңгенi (2019 жылдың ұқсас кезеңiне 127,1%), ұн — 7,5 млрд. теңгенi (2019 жылға 131,6%), өсiмдiк майы — 281,8 млрд. теңгенi құрады (2019 жылға 140,4%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 37,9%, сүт — 15,2%, астық өңдеу — 20,8%, нан мен нан-тоқаш өнiмдерi — 4,7%, өзге салалар–21,4% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар табиғи түрде 19,2 мың тонна ет өндiрдi, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 22,1% — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерiнiң өндiрiс көлемi 670 тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,5% — ға ұлғайды.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 26,0 мың тоннаны құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 0,3% — ға өстi, сары май 316 тонна, iрiмшiк және сүзбе 263 тонна, ашымал сүт өнiмдерi 1,9 тонна өндiрiлдi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 8,1 мың тоннаны құрады,

2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 42,1%-ға ұлғайды.

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 116,5 мың тонна өндiрiлдi немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 30,6% — ға ұлғайды.

Нұр-Сұлтан қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдеуiн дамыту

Азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында облыстың барлық 17 ауданы кiретiн 300 шақырымдық аймақ анықталды.

Қазiргi уақытта ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзумен облыстың 128 кәсiпорны айналысады, оның iшiнде 68 — мал шаруашылығы өнiмi (ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi), 6 — құс шаруашылығы (құс етi, тағамдық жұмыртқа), 54 — өсiмдiк шаруашылығы өнiмi (ұн, картоп, көкөнiстер, өсiмдiк майы).

Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 сауда базарына, 29 сауда үйiне, 10 сауда орталықтарына өз өнiмдерiн жеткiзудi жүзеге асырады.

Сонымен қатар «Ақмол» дүкендерiнiң желiсi жұмыс iстейдi, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, « Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Project» ЖШС және т. б. сияқты облыстың iрi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi өз өнiмдерiн өткiзуде.

Облыстың ауы л шаруашылығы тауар өндiрушiлерi (2020 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша) елорда нарығына 42,1 мың тонна сүт өнiмдерiн (2019 жылдың тиiстi кезеңiне 1,2% — ға өстi), 11,7 мың тонна ет және ет өнiмдерiн (1,8% — ға өстi), 107,2 млн.дана жұмыртқа (1,5% — ға өстi) жеткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 15.06.2020 12:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2020 12:24

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz