A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар- сәуір аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы сәуiр айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 47 656,4 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 598,4 млн. теңге, мал шаруашылығы — 47 056,6 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 113,9%, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығының НКИ -100,0%, мал шаруашылығының НКИ — 114,0% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4806,2 мың га алқапта жаздық егiс өткiзу жоспарлануда, оның iшiнде: дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4333,9 мың га алқапта орналастырылатын болады (бұл Меморандум көрсеткiштерiнен 193,9 мың га-ға жоғары).

Бұл ретте негiзгi азық — түлiк дақылы жаздық бидай 3629,9 мың га (Меморандум көрсеткiштерiнен 15,2 мың га жоғары) (арпа — 603,5 мың га, сұлы — 51,4 мың га, тары– 1,0 мың га, қарақұмық — 0,5 мың га, ноқат — 4,2 мың га, бұршақ — 13,0 мың га және жасымық-29,5 мың га) алқапта егiледi.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабы 264,5 мың га құрайды (Меморандум көрсеткiштерiнiң деңгейiнен 17,2 мың га-ға жоғары), бұл а.ж. майлы дақылдарды өсiру технологиясын қатаң сақтай отырып, өңiрде май тұқымдарын өндiру көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Мал азықтық дақылдардың жалпы көлемi — 185,3 мың га құрайды (Меморандум көрсеткiштерiнiң деңгейiнен 15,2 мың га жоғары). Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) — 675,6 мың га құрайды, бұл ретте мал азығы дақылдарының үлес салмағы егiстiкке (егiстiк 5945,2 мың га) 11,4% құрайды.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы — 18,4 мың га және 4,1 мың га құрайды.

Жалпы, 2019 жылы жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқабы өткен жылдың көрсеткiштерi мен егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi Меморандум деңгейiнде болады.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 16,1 мыңнан астам астық тұқым сепкiштер және 1243 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады, олар ағымдағы жылы 65% астық сынамасын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiс алқабын 3,3 млн. га-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

2019 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 100,0% құрайды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 504,7 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 103,3%), оның iшiнде сиыр басы — 217,0 мың бас (102,5%).

Жылқы басы 205,3 мың басты (107,9%), құс — 8390,1 мың басты (136,0%) құрады.

Қой мен ешкi басы 674,8 мың басты (103,2%), шошқа 139,9 мың басты (97,3%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағы сойылған етi 44,5 мың тонна (129,3%), сауылған сүт — 96 мың тонна (103,9%), жұмыртқа — 283,5 млн.дана (100,9%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр мезгiлде бордақылаудың жалпы қуаттылығы 21,5 мың бас (Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 13 мамырда жалпы облыс бойынша 1985 басты құрады (8,7%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша бұл процеске

15,8 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 7,6%-ы тартылған.

Сүттi сатып алу

2019 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша 3,4 мың тонна сүт жиналды, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерiмен — 1,9 мың тонна.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде
инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС, Есiл ауданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы .

көкөнiс қоймасы мен жылыжай кешенiнiң құрылысы бойынша 2 жоба:

- «ABBAS GROUP» ЖШС, Ерейментау ауданы;

- «Наиль-Астана» ЖШС, Аршалы ауданы.

ұн өндiру бойынша 1 жоба:

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 3 жоба:

- «Әрiп Агро» ЖШС, Атбасар ауданы;

- «Блиц Терминал» ЖШС, Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

сүт өндiру бойынша 1 жоба:

- «Family Farm» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сонымен қатар 2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда төңiрегiндегi Азық-түлiк белдеуiн дамыту жөнiндегi пилоттық режимде ҚР АШМ енгiзудiң жобалық офисiмен бiрге облыстың

9 ауданында 92 жоба белгiлендi. Оларды iске асырудағы негiзгi бағыттардың бiрi сүт, ет өндiрiсiн арттыру және оларды елорданың азық-түлiк нарығына жеткiзу болып табылады.

Сонымен, қазiргi уақытта облыс бойынша:

- жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге 35 жоба бойынша қаржы қаражаты берiлдi (оның iшiнде 17 жоба iске асырылды: Ақкөл — 1 (ет фермасы), Аршалы — 3 (ет фермасы), Бұланды — 3 (1 СТФ және 2 ет фермасы), Бурабай — 4 (1 СТФ және 3 ет фермасы), Зерендi — 2(ет фермасы), Целиноград — 2

(1 ешкi шаруашылығы, 1 бордақылау алаңы), Шортанды — 2 (1 сүттi қайта өңдеу, 1 сүттi пакеттеу).

- қаржыландырылған, бiрақ 18 жоба iске асырылмаған: (Ақкөл — 2, Аршалы — 1, Бiржан сал — 2, Бурабай — 5, Ерейментау — 1, Зерендi — 2, Целиноград — 3, Шортанды — 2).

Жалпы, жобалық басқару стандарттарына сәйкес iрiктелген жобаларды iске асыру жобаны iске асырудың басынан бастап жобаны қолданысқа енгiзу кезеңiне дейiн толығымен сүйемелдеуге мүмкiндiк бередi.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,8 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 89 мың тонна нан-тоқаш өнiмдерiн пiсiретiн 187 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 3 айында 23,4 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 118,3%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 8,3 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 168,8%), ұн — 4,6 млрд. теңгенi (2018 жылға 111,6%), сүт өнiмдерi — 3,0 млрд. теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 113,8%), өсiмдiк майы — 0,5 млрд. теңгенi (2018 жылға 116,9%) құрады.

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 35,4%, астық өңдеу — 19,6%, сүт — 13,0%, нан және нан-тоқаш — 5,1%, өзге салалар — 26,9% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындарымен және цехтар табиғи түрде 10,9 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 95,5% — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 581 тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 22,6% — ға ұлғайды.

Ет өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орташа есеппен 70,1% — ды (2018 жылы — 70,4%), шұжық өнiмдерi 66,2% — ды (2018 жылы-54%) құрады.

Ет өндiрiсiндегi негiзгi үлестi Бұланды ауданы «Макинск құс фабрикасы» ЖШС) — 42,5%, Целиноград ауданы («Капитал Проджект» ЖШС) — 36,0%, Көкшетау қ.шұжық өнiмдерiн өндiру бойынша («МПК Бижан» ЖШС, «Стерх» ЖШС, «Красноярские колбасы» ЖШС) — 34,9%, Целиноград ауданы («Сapital Projects LTD « ЖШС) — 30,1%, Бурабай ауданы («ОСКО» ЖШС, «Мясные продукты» ЖШС, «Kaz Beef Ltd » ЖШС) — 21,2% алады.

Сонымен қатар, Ақмола облысының статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2019 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындары: Астрахан ауданында ет (қайта өңделген)

33% — ға, Бурабай ауданында 48% — ға төмендедi.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 14,9 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 19,9% — ға өстi, сары май 229 тоннаға өндiрiлдi, 2018 жылмен салыстырғанда 62,4% — ға өстi, iрiмшiк және сүзбе-154 тонна, 3,4% — ға ұлғайды, ашымал сүт өнiмдерi 1,1 тонна, бұл 2018 жылдың деңгейiнен 4,1% — ға төмен.

Өңделген сүт өндiру бойынша сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi 59,8% (2018 жылы — 49,9%), сары май — 68,2% (2018 жылы — 42,0%), iрiмшiк және сүзбе — 46% ( 2018 жылы — 44,5%) құрады.

Өңделген сүт өндiрiсiндегi негiзгi үлестi Целиноград ауданы алады («Родина АФ» ЖШС, «Максимовский молочный завод» ЖШС, «Астана Өнiм» АҚ) — 42,6%, Зерендi ауданы ("Milk Project" ЖШС) — 25,3%; Көкшетау қаласында сары май өндiру бойынша («Гормолзавод» ЖШС) — 45,9%, Зерендi ауданы («Milk Project» ЖШС) -24,9%; iрiмшiк және сүзбенi өндiру бойынша Целиноград ауданы («Родина АФ» ЖШС, «Максимовский молочный завод» ЖШС, «Астана Өнiм» АҚ) — 33,8%, Көкшетау қ. («Гормолзавод» ЖШС) — 20,1%, Шортанды ауданы («Молочный 2» АШК) — 15,6%.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

7,4 мың тонна өсiмдiк майы өндiрiлдi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 19,7% -ға жоғары.

Майлы дақылдарды өңдеудiң негiзгi үлесi Бурабай ауданына («Бота 2015» ЖШС) -79,9%, Көкшетау қ. («Agrimer Astyk» ЖШС) -17,7% тиесiлi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындарының қуаттылықтар жүктелiмi орта есеппен 62,7% құрады (2018 жылы — 52,4%).

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 95,6 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылға қарай 11,4% — ға төмендедi.

Ұн өндiрудегi негiзгi үлестi Атбасар ауданы («Ынтымақ» ЖШС, «ЛимарАгро» ЖШС, «Интер-Трайд» ЖШС және т.б.) — 43,6%, Жақсы ауданы («Урожай» ЖШС, «Золотая Нива» ЖШС) — 23,2%, Көкшетау қаласы («Ал Ак» ЖШС және т. б.) — 12,4% алады.

Ақкөл ауданында ұн өндiру 37,9% — ға, Астрахан ауданында 20,9% — ға, Бұланды ауданында 47,9% — ға, Көкшетау қаласында 41% — ға төмендедi.

Ұн өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 42,3% құрады (2018 жылы — 38%).

Нан өндiру

Жаңа пiскен нанның 7,3 мың тоннасы өндiрiлдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiнiң деңгейiнде.

Нан өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 33,7% құрады (2018 жылы — 34%).

Нан өндiрудегi негiзгi үлестi Көкшетау қаласы — 25,2%, Атбасар ауданы — 12,7%, Ақкөл ауданы — 7,4%, Степногорск — 6,5% алады.

 

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019 16:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2019 16:05

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz