A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар - тамыз аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы тамыз айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 137 331,0 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 26 844,5 млн. теңге, мал шаруашылығы — 110 202,2 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 115,8%.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4852,6 мың га алқапта жаздық егiс өткiзiлдi, оның iшiнде: дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4392,7 мың га орналастырылды.

Бұл ретте негiзгi азық-түлiктiк дақыл — жаздық бидай 3584,2 мың га алқапқа егiлген болатын (арпа — 699,5 мың га, сұлы -61,6 мың га, тары -0,8 мың га, қарақұмық — 0,3 мың га).

Майлы дақылдардың көлемдерi 260,5 мың га құрады, бұл майлы дақылдарды өсiру технологиясын қатаң сақтай отырып, өңiрде майтұқымдардың өндiру көлемдерiн арттыруға мүмкiндiгiн бередi.

Мал азықтық дақылдардың жазғы егiсi –178,2 мың га алқапта жүргiзiлдi. Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы алаңы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) — 664,8 мың га құрады.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы тиiсiнше –17,4 мың га және 3,8 мың га құрайды.

Астық жинау жұмыстары

Қазiргi уақытта облыс АШТӨ дәндi дақылдардың бастыруына кiрiстi. А.ж. 24 қыркүйектегi жағдай бойынша 2820,3 мың га алқапта дәндi дақылдардың бастыруы жүргiзiлдi, оның iшiнде майдаланғаны — 2784,2 мың га немесе жалпы жиналған көлемiнен 63,6%, 10,3 ц/га орташа өнiмдiлiгiмен жалпы түсiмi — 2867,7 мың тоннаны құрады.

Астық қабылдау кәсiпорындардың дайындығы

А.ж. астығын қабылдау барысында жалпы сыйымдылығы 4,6 млн. тоннаны құрайтын 69 қолданыстағы лицензиялық астық қабылдау кәсiпорындары қатысуда (элеваторлық  — 2,7 млн. тонна және қойма 1,9 млн. тонна).

Сонымен бiрге ауылшаруашылық құрылымдарында шамамен 2,0 млн. тонна астық сақтау қоймалар бар.

Облыста 230 астық кептiргiшi бар (АҚК — 150 бiрлiк және АШТӨ -80 бiрлiк) жалпы тәулiктiк өнiмдiлiгi 100 мың тоннадан астам.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Қазiргi уақытта 2019 жылдың астығын жинауға 8 мыңнан астам астық жинау комбайндар жұмылдырылды, оның iшiнде 3,5 мың бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары техникасы. Ағымдағы жылда 1496 бiрлiк техника жаңартылды, жаңартылған техникасының пайызы 4,5% құрады.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 кыркүйектегi жағдай бойынша 463,0 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 105,1%), оның iшiнде сиыр басы — 219,8 мың бас (106,1%).

Жылқы басы 201,6 мың басты (108,7%), құс — 8314,6 мың басты (126,4%) құрады.

Қой мен ешкi басы 578,5 мың басты (101,3%), шошқа 109,3 мың басты (93,9%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағы сойылған етi 89,9 мың тонна (130,3%), сауылған сүт –277,6 мың тонна (103,1%), жұмыртқа –593,0 млн.дана (98,8%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр уақытта бордақылаудың жалпы қуаттылығы 21,5 мың бас (Аршалы ауданының «Renaissance compani ТОО», Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас ЖШС», Есiл ауданының «Заречное», Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, ЖШС,Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 20 кыркүйектегi жағдай бойынша жалпы облыс бойынша 13258 басты құрады (58,3%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 20 кыркүйектегi жағдай бойынша бұл процесске 60,0 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 29% тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,7 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС,Есiл ауданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы .

Жарма өндiру бойынша 2 жоба:

-«Agrimer-Astyk» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 2 жоба:

- «Блиц Терминал» ЖШС,Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сүт өндiру бойынша 3 жоба:

 — "Milk Projekt" ЖШС, Зерендi ауданы;

 — «FamilyFarm» ЖШС, Целиноград ауданы.

 — Сартай-Агро" ЖШС Аршалы ауданы.

Оның iшiнде 2 жоба қолданысқа енгiзiлдi — дәндi дақылдардан жарма өндiретiн Жақсы ауданының «Урожай» ЖШС және сүт өндiру бойынша Аршалы ауданының «Сартай-Агро» ЖШС.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 8 айында 66,9 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 115,6%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 24,4 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 159,3%), ұн — 10,4 млрд. теңгенi (2018 жылға 116,7%), сүт өнiмдерi -11,7 млрд. теңгенi құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнiң деңгейiндей.

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,5%, сүт — 17,5%, астық өңдеу — 15,5%, нан мен нан- тоқаш өнiмдерi — 5,2%, өзге салалар–25,3% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар табиғи түрде 33,5 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 98,5% — ға ұлғайды.

Ет өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орташа есеппен 74,2% — ды (2018 жылы — 72,7%) құрады.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 46,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 7,7% — ға өстi, ашымал сүт өнiмдерi 3,4 мың тонна, 2018 жылмен салыстырғанда 8% — ға өстi.

Сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi 61,6% (2018 жылы — 58,4%) құрады.

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 222,2 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылға қарай 18,8% — ға ұлғайды.

Ұн өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 36,9% құрады (2018 жылы — 31,0%).

Мақаланың шыққан күні: 24.09.2019 17:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.09.2019 17:21

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz