A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар - шілде аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы шiлде айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 100692,3 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 4 312,5 млн. теңге, мал шаруашылығы — 96241,8 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 111,4%.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4,8 млн га алқапта жаздық егiс өткiзу жоспарлануда, оның iшiнде: дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4,3 млн га алқапта орналастырылатын болады.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабы 260,5 мың га құрайды, мал азықтық дақылдардың жалпы көлемi –178,2 мың га құрайды. Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) — 677,1 мыңга құрайды.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы –17,4 мың га және 3,8 мың га құрайды.

Жалпы, 2019 жылы жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқабы өткен жылдың көрсеткiштерi мен егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi Меморандум деңгейiнде болады.

Қазiргi уақытта облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi арамшөптерге қарсы химиялық жұмыстарды 4,1 млн га алқапта немесе жоспарға 105,9% аяқтады. Сонымен қатар, бүгiнде аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары толығымен орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 8,4 мыңнан астам астық тұқым сепкiштер және 3512 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады ,сонымен қатар 2504 жатка бiрлiгi.

Шөп шабу науқанына — 1035 дана шөпшабқыш, тырма — 714 бiрлiк, жинаушылар — 493 бiрлiк, жинақтаушылар — 744 бiрлiк қатысады.

Техника дайындығы 100% құрайды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5%), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5%).

Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9%), құс — 8094,0 мың басты (122,8%) құрады.

Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1%), шошқа 111,0 мың басты (94,1%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағысойылған етi 80,0 мың тонна (129,3%), сауылған сүт –237,6 мың тонна (103,2%), жұмыртқа –519,2 млн.дана (99,0%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр мезгiлде бордақылаудың жалпы қуаттылығы 21,5 мың бас (Аршалын ауданының «Renaissance compani ТОО», Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас ЖШС»,Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, , Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС,Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 23 тамызда жалпы облыс бойынша 10 437 басты құрады (45,9%).

Тұқымдықтүрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 23 тамызда жағдай бойынша бұл процесске 53,6 мың аналық бас немесебарлықаналық мал басының 25,8%-ы тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС,Есiла уданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы .

көкөнiс қоймасы мен жылы жай кешенiнiң құрылысы бойынша 2 жоба:

- «ABBAS GROUP»ЖШС, Ерейментау ауданы;

- «Наиль-Астана» ЖШС, Аршалы ауданы.

ұн өндiру бойынша 1 жоба:

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 3 жоба:

- «Әрiп Агро» ЖШС, Атбасар ауданы;

- «Блиц Терминал» ЖШС,Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

сүт өндiру бойынша 1 жоба:

- «FamilyFarm» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сонымен қатар, 2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда төңiрегiндегi Азық-түлiк белдеуiн дамыту жөнiндегi пилоттық режимде ҚР АШМ енгiзудiң жобалық офисiмен бiрге облыстың 9 ауданында 92 жоба белгiлендi. Оларды iске асырудағы негiзгi бағыттардың бiрi сүт, ет өндiрiсiн арттыру және оларды елорданың азық-түлiк нарығына жеткiзу болып табылады.

Сонымен, қазiргi уақытта облыс бойынша:

- жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге 37 жоба бойынша қаржы қаражаты берiлдi (оның iшiнде 29 жоба iске асырылды: Ақкөл — 3 (ет фермасы), Аршалы — 3 (ет фермасы),Бiржан сал — 2 (ет фермасы) Бұланды — 3 (1 сүт фермасы және 2 ет фермасы), Бурабай — 10 (1 СТФ және 9 ет фермасы), Зерендi — 3(ет фермасы), Целиноград — 3 (1 ешкi шаруашылығы, 1 бордақылау алаңы, 1 ет фермасы), Шортанды — 2 (1 сүттi қайта өңдеу, 1 сүттi пакеттеу).

Жалпы, жобалық басқару стандарттарына сәйкес iрiктелген жобаларды iске асыру жобаны iске асырудың басынан бастап жобаны қолданысқа енгiзу кезеңiне дейiн толығымен сүйемелдеуге мүмкiндiк бередi.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 7 айында 57,2 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 114,8%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 21,1 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 159,7%), ұн — 9,5 млрд. теңгенi (2018 жылға 116,1%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,9%, астық өңдеу — 16,6%, сүт — 16,1%, нан-өнiмдерi — 5,1%, өзге салалар–25,3% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындарымен және цехтар табиғи түрде 28,8 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 96,9% — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 1,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың деңгейiнде.

Ет өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орташа есеппен 74% — ды (2018 жылы — 72,1%) құрады.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 38,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 4,9% — ға өстi, ашымал сүт өнiмдерi 2,9 мың тонна, 2018 жылмен салыстырғанда 7% — ға өстi.

Өңделген сүт өндiру бойынша сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi 61,4% (2018 жылы — 58,6%) құрады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

14,8 мың тонна өсiмдiк майы өндiрiлдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 17,3% төмендедi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындарының қуаттылықтаржүктелiмi орта есеппен 53,4% құрады (2018 жылы –64,6%).

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 201,2 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылға қарай 19,8% — ға ұлғайды.

Ұн өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 38,2% құрады (2018 жылы — 31,9%).

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2019 09:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.08.2019 09:40

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz