A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар- мамыр аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы мамыр айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 63 577,0 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 742,6 млн. теңге, мал шаруашылығы — 62 832,5 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 113,0%, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығының НКИ -100,0%, мал шаруашылығының НКИ — 113,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4,8 млн га алқапта жаздық егiс өткiзу жоспарлануда, оның iшiнде: дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4,3 млн га алқапта орналастырылатын болады.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабы 264,5 мың га құрайды, мал азықтық дақылдардың жалпы көлемi — 181,7 мың га құрайды. Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) — 675,6 мың га құрайды.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы — 17,9 мың га және 4,1 мың га құрайды.

Жалпы, 2019 жылы жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқабы өткен жылдың көрсеткiштерi мен егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi Меморандум деңгейiнде болады.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 16,1 мыңнан астам астық тұқым сепкiштер және 1243 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады, олар ағымдағы жылы 69,8% астық сынамасын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiс алқабын 3,3 млн. га-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 511,0 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 103,0%), оның iшiнде сиыр басы — 219,1 мың бас (103,1%).

Жылқы басы 219,2 мың басты (107,7%), құс — 7965,1 мың басты (129,4%) құрады.

Қой мен ешкi басы 709,4 мың басты (102,4%), шошқа 150,3 мың басты (98,9%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағы сойылған етi 56,1 мың тонна (128,6%), сауылған сүт — 139,4 мың тонна (104,1%), жұмыртқа — 364,5 млн.дана (100,2%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр мезгiлде бордақылаудың жалпы қуаттылығы 21,5 мың бас (Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 14 маусымда жалпы облыс бойынша 3486 басты құрады (15,3%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша бұл процеске

41,6 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 20,0%-ы тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС, Есiл ауданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы .

көкөнiс қоймасы мен жылыжай кешенiнiң құрылысы бойынша 2 жоба:

- «ABBAS GROUP» ЖШС, Ерейментау ауданы;

- «Наиль-Астана» ЖШС, Аршалы ауданы.

ұн өндiру бойынша 1 жоба:

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 3 жоба:

- «Әрiп Агро» ЖШС, Атбасар ауданы;

- «Блиц Терминал» ЖШС, Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

сүт өндiру бойынша 1 жоба:

- «Family Farm» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сонымен қатар, 2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда төңiрегiндегi Азық-түлiк белдеуiн дамыту жөнiндегi пилоттық режимде ҚР АШМ енгiзудiң жобалық офисiмен бiрге облыстың 9 ауданында 92 жоба белгiлендi. Оларды iске асырудағы негiзгi бағыттардың бiрi сүт, ет өндiрiсiн арттыру және оларды елорданың азық-түлiк нарығына жеткiзу болып табылады.

Сонымен, қазiргi уақытта облыс бойынша:

- жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге 37 жоба бойынша қаржы қаражаты берiлдi (оның iшiнде 24 жоба iске асырылды: Ақкөл — 3 (ет фермасы), Аршалы — 3 (ет фермасы), Бұланды — 3 (1 СТФ және 2 ет фермасы), Бурабай — 8 (1 СТФ және 7 ет фермасы), Зерендi — 2(ет фермасы), Целиноград — 3

(1 ешкi шаруашылығы, 1 бордақылау алаңы, 1 ет фермасы), Шортанды — 2 (1 сүттi қайта өңдеу, 1 сүттi пакеттеу).

- қаржыландырылған, бiрақ 11 жоба iске асырылмаған: (Аршалы — 1, Бiржан сал — 1, Бурабай — 2, Ерейментау — 1, Зерендi — 2, Целиноград — 2, Шортанды — 2).

Жалпы, жобалық басқару стандарттарына сәйкес iрiктелген жобаларды iске асыру жобаны iске асырудың басынан бастап жобаны қолданысқа енгiзу кезеңiне дейiн толығымен сүйемелдеуге мүмкiндiк бередi.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 5 айында 40,0 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 120,6%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 14,7 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 165,6%), ұн — 7,4 млрд. теңгенi (2018 жылға 119,5%), сүт өнiмдерi — 5,7 млрд. теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 105,7%), өсiмдiк майы — 0,6 млрд. теңгенi (2018 жылға 100%) құрады.

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,8%, астық өңдеу — 18,5%, сүт — 14,3%, өзге салалар — 30,4% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындарымен және цехтар табиғи түрде 20,3 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 96,0% — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 946 тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 9% — ға ұлғайды.

Ет өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орташа есеппен 71,3% — ды (2018 жылы — 71%) құрады.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 26,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 11,7% — ға өстi, сары май 408 тоннаға өндiрiлдi, 2018 жылмен салыстырғанда 10,3% — ға өстi, iрiмшiк және сүзбе-301тонна, ашымал сүт өнiмдерi 2,0 мың тонна.

Өңделген сүт өндiру бойынша сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi 60,9% (2018 жылы — 54,3%) құрады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

11,1 мың тонна өсiмдiк майы өндiрiлдi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындарының қуаттылықтар жүктелiмi орта есеппен 58,0% құрады (2018 жылы — 57,8%).

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 154,7 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылға қарай 20% — ға ұлғайды.

Ұн өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 43,6% құрады (2018 жылы — 35,6%).

Мақаланың шыққан күні: 09.07.2019 14:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.07.2019 14:49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz