A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың қаңтар – қараша аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы 11 айында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 500 890,4 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 348 347,3 млн. теңге, мал шаруашылығы — 151 057,1 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 100,1%.

Жалпы облыста 6841 агроқұрылымдары бар, оның iшiнде: 1586 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 5255 — шаруа-фермерлiк қожалықтары.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 394,9 мың теңгенi құрады немесе 2018 жылға 115,9%.

А.ж. 10 айында ауылшаруашылық өнiмдерiнiң экспорты 210,2 млн. АҚШ долларға 1013,9 мың тоннаны құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың саны жұмыс қамтылғандардың жалпы санына 29,1% -ды құрайды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны — 407,6 мың адам, оның iшiнде ауыл шаруашылығында 118,7 мың адам).

Ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылдың 3-шi тоқсанына орташа еңбекақы 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда (121,8 мың теңгеден 140,6 мың теңгеге дейiн) 15,4% -ға өсiп, 140 639,0 теңгенi құрады, ал облыстар арасында екiншi көрсеткiш болып табылады.

Агроөнеркәсiптiк сектордың жай –күйi

2019 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында мемлекеттiк қолдау көлемдерi шамамен 33,2 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде:

Мемлекет тарапынан көктемгi егiс және астық жинау жұмыстарын субсидиялау. Өсiмдiк шаруашылығын субсидиялауға

11,2 млрд. теңге бөлiндi (гербицидтермен қамтамасыз етудi арттыруға — 9059 млн. теңге, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға — 1671,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 467,5 млн. теңге);

Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға субсидиялау. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екi бағытта жүзеге асырылады:

асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, сонымен қатар мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасы. Осы бағдарламаларды iске асыруға 2019 жылы 4,6 млрд.теңге бөлiндi.

Инвестициялық салынымдар мен қайта өңдеудi субсидиялауға — 13,3 млрд.теңге (инвестициялық салынымдар — 12 895,8 млн.теңге, өңдеу кәсiпорындарына шығындарды субсидиялауға — 321,6 млн.теңге, дайындаушы ұйымдарын субсидиялауға — 63,8 млн.теңге).

Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiн өтеуге — 4,1 млрд. теңге (қаржылық сауықтыру — 965,2 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiн өтеу — 3 135,2 млн. теңге).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту Бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде кәсiпкерлiктi дамытуға

3,8 млрд. теңге бөлiндi (шағын несиелер бойынша iшiнара кепiлдiк — 50,0 млн. теңге, кәсiпкерлiктi дамытуға қолғабыс ету үшiн бюджеттiк несиелер беру — 3769,0 млн. теңге).

Өсiмдiк шаруашылығы

Астық жинау жұмыстары

Қазiргi уақытта облыста астық жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Дәндi және бұршақ дақылдары 4 379,6 мың га алқаптан жиналды, 11,7 ц/га орташа өнiмдiлiгiмен астықтың жалпы түсiмi 5124,1 мың тонна көлемiмен алынды.

Майлы дақылдар 245,1 мың га көлемiнде жиналды, жалпы түсiмi

186,8 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 7,6 ц/га құрады.

Картоп 17,4 мың га алқаптан жиналды, жалпы түсiмi — 278,1 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 160,0 ц/га құрады.

Көкөнiстер — 3,8 мың га көлемiнде, жалпы түсiмi — 57,5 мың тоннаны, өнiмдiлiгi 149,6 ц/га құрады.

Егiнге күтiм жасау

Ағымдағы жылы егiндердi арамшөптерден, зиянкестерден және дақылдардың ауруларынан қорғауға ерекше назар аударылды.

Осылайша, химиялық өңдеулер ауылшаруашылық дақылдардың барлық егiс алқаптарында — 4,1 млн. га немесе жоспарланған көлемнiң 105% -ында жүргiзiлдi. Сонымен қатар арзандатылған гербицидтердi сатып алуға бюджеттен 9,0 млрд. теңге көлемiнде субсидия бөлiнгенiн ескерткен жөн.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 18,3 мың га немесе қажеттiлiктiң 100%-ын құрайтын итальяндық прусқа қарсы қорғау шаралары қабылданды. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен үйiрлi емес шегiрткелерге қарсы химиялық өңдеу 36,0 мың га немесе қажеттiлiктiң 100% -ында жүргiзiлдi, бидай бiтесiне  — 448,0 мың га, оның iшiнде 58,6 мың га — жергiлiктi бюджеттен (166, 0 миллион теңге) қаражаттар бөлiндi.

Септориозға қарсы химиялық өңдеу 1296,3 мың га немесе өңделетiн ауданның 143,1% -ында жүргiзiлдi (республикалық бюджет есебiнен — 668,4 мың га, АШТӨ қаражат есебiнен — 627,9 мың га).

Сұр бидай көбелегiне қарсы химиялық өңдеу 353,5 мың га алаңда жүргiзiлдi (республикалық бюджеттен 288,0 мың га және АШТӨ қаражат есебiнен 65,4 мың га) немесе өңделетiн ауданның 123%.

Сүрi жерлердi өңдеу

Ағымдағы жылы сүрi жерлердiң бiрiншi және екiншi өңдеуi

721,6 мың га алқабында жүргiзiлдi немесе жоспарланған жоспардың 101,6% (жоспар — 710,4 мың га).

Сүрi жерлердiң 3-шi өңдеуi 684,9 мың га алаңда жүргiзiлдi немесе жоспардың 96,4%. Сүрi жердiң төртiншi өңдеуi 9,5 мың га немесе 1,3% алқабында жүргiзiлдi, оның iшiнде 61,9 мың га химиялық тәсiлiмен.

Минералды тыңайтқыштар

Өнiмдiлiгiн арттыру үшiн минералды тыңайтқыштарды сатып алуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылады.

Сонымен облыстың АШТӨ 44,5 мың тонна (негiзiнде аммофос және аммиак селитрасы) (өткен жылда 57 мың тонна сатып алынған) тыңайтқыштар сатып алып енгiзген, ал құнарлындандырылған жер шамамен 985,6 мың га құрады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге субсидия бөлiндi.

Ауылшаруашылық техникаларының астық жинауға қатысуы

Ағымдағы жылы астық жинау жұмыстарға 8,7 бiрлiк астық жинау комбайн қатысқан болатын, оның iшiнде: 3512 бiрлiк техника  — қазiргi заманғы астық жинау комбайндар, дестелегiш  — 2504 бiрлiк, жүк машиналары — 4708 бiрлiк, трактор тiркемелерi — 7730 бiрлiк және механикаландырылған тоқ — 494 бiрлiк.

Астық жинау техникасы мен трактор сатып алу

Облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiнде астық жинау комбайндар мен тракторлар паркiн жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Соңғы 3 жылда 2 мыңнан астам өнiмдiлiгi жоғары техника сатып алынды, оның iшiнде 887 бiрлiк астық жинау комбайны, 748 бiрлiк трактор және 212 бiрлiк егiс кешендерi. Ауылшаруашылық техникаларының жаңару деңгейi 2,6%-ды құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 0,6%-ға жоғары.

Ағымдағы жылдың 11 айында 312 бiрлiк астық жинау комбайны, 311 бiрлiк трактор және 74 бiрлiк егiс кешенi сатып алынды.

Ауылшаруашылық техникаларын, соның iшiнде астық жинау комбайндар мен егiс кешендерiн сатып алу жұмыстары жалғасуда.

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету

Күзгi дала жұмыстарына жеңiлдетiлген кепiлдендiрiлген 77,5 мың тонна дизель отынының көлемi бөлiндi, дизель майы  — 3,8 мың тонна және бензин — 7,1 мың тоннаны құрады.

Биыл облыс үшiн 72,0 мың тонна кепiлдендiрiлген дизель отыны бөлiндi.

Орталықтандырылған келiсiм-шарттар жасау, ЖЖМ төлеу және жеткiзу үшiн аудан әкiмдерiнiң өтiнiмдерi бойынша 14 оператор және 7 iрi ауылшаруашылық құрылымдарының тәуелсiз операторы анықталды.

Әр операторға және iрi ауылшаруашылық өндiрушiге айына бөлiнген дизель отынының көлемi қамтамасыз етiлiп, мұнай өңдеу зауыттары бекiтiлдi.

Облыстағы тауар өндiрушiлерiнде дизель отынының кепiлдендiрiлген көлемiн жеткiзуде ерекше проблемалар болған жоқ.

Астық қабылдау кәсiпорындарын дайындау

А.ж. егiнiнде жалпы сыйымдылығы 4,6 млн. тоннаны құрайтын (элеватор — 2,7 млн. тонна және қойма 1,9 млн. тонна) 69 қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсiпорны қатысуда.

Сонымен қатар ауылшаруашылық құрылымдарында шамамен 2,0 млн. тонна сыйымдылығымен астық қоймалары бар.

Бүгiнгi күнi облыстың астық қабылдау кәсiпорындары 2,74 млн. тонна көлемiнде астық қабылдады.

Облыста 230 астық кептiргiштер жұмыс iстейдi (АҚК — да — 150 бiрлiк және АШТӨ — 80 бiрлiк), жалпы тәулiктiк қуаттылығы 100 мың тоннадан асады. Жалпы шамамен 2,7 — 3,0 млн тонна көлемiнде ылғалды дәндi дақылдардың түсуiн ескере отырып, бұл астық кептiргiштер ағымдағы жылғы астықтың уақтылы кептiрiлуiн, сақталуын және сапасын қамтамасыз ете алады.

Шөп дайындау

Ағымдағы жылы облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi 1139,9 мың тонна көлемiнде шөп жинады немесе жылдық қажеттiлiгiнен 102,3% (жоспар 1114 мың тонна).

Сүдiгер жырту

Биыл облыс бойынша сүдiгер жырту жоспары 857,1 мың га-ды құрады, 889,0 мың га жер жыртылды немесе жоспардың 103,7%.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 438,6 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,6%), оның iшiнде сиыр басы — 216,9 мың бас (105,9%).

Жылқы басы 189,5 мың басты (107,8%), құс — 7954,5 мың басты (109,2%) құрады.

Қой мен ешкi басы 527,8 мың басты (100,7%), шошқа 104,4 мың басты (94,2%) құрады.

Облыста тiрi салмақтағы сойылған етi 125,1 мың тонна (129,7%), сауылған сүт –369,8 мың тонна (102,8%), жұмыртқа –793,1 млн.дана (97,6%) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр уақытта бордақылаудың жалпы қуаттылығы 31,5 мың бас (Аршалы ауданының «Renaissance compani ЖШС», Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас ЖШС», Есiл ауданының «Заречное», Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы облыс бойынша 20374 басты құрады (89,6%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл процесске 69,0 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 33,2%-ы тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру Нұр-Сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,7 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС,Есiл ауданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы .

Жарма өндiру бойынша 2 жоба:

-«Agrimer-Astyk» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 2 жоба:

- «Блиц Терминал» ЖШС,Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сүт өндiру бойынша 3 жоба:

 — «Milk Projekt» ЖШС, Зерендi ауданы;

 — «FamilyFarm» ЖШС, Целиноград ауданы.

 — Сартай-Агро" ЖШС Аршалы ауданы.

Оның iшiнде 5 жоба қолданысқа енгiзiлдi  — дәндi дақылдардан жарма өндiретiн Жақсы ауданының «Урожай» ЖШС және сүт өндiру бойынша Аршалы ауданының «Сартай-Агро» ЖШС, сүт өндiру бойынша Зерендi ауданының «Milk Projekt» ЖШС, «Ново-Приречное» ЖШС, Есiл ауданы, «Agrimer-Astyk» ЖШС, Көкшетау қ.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 10 айында 84,4 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 113,1%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 30,5 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 152,9%), ұн — 12,1 млрд. теңгенi (2018 жылға 106,5%), сүт өнiмдерi 15,8 млрд. теңгенi құрады (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 102,9%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,1%, сүт — 18,7%, астық өңдеу — 14,3%, нан мен нан- тоқаш өнiмдерi — 5,2%, өзге салалар–25,7% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар табиғи түрде 42,4 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 88,5% — ға ұлғайды.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 62,2 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 13,7% — ға өстi, ашымал сүт өнiмдерi 4,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 9,9% — ға өстi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 20,8 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 20,2%-ға азайды.

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 262,5 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,6% — ға ұлғайды.

Нұр-Сұлтан қаласының төңiрегiнде
азық-түлiк белдеуiн дамыту

Азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 17 ауданы кiредi.

Қазiргi уақытта облысымыздың 128 кәсiпорны ауылшаруашылық өнiмдерiн жеткiзумен айналысады, оның iшiнде 68 — мал шаруашылығы өнiмдерi (ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi), 6 — құс өнiмдерi (құс етi, тағамдық жұмыртқа), 54 — өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi (ұн, картоп, көкөнiстер, өсiмдiк майы).

Нұр — Сұлтан қаласындағы 5 сауда орындарына, 29 сауда үйiне, 10 сауда орталығына өнiмдер жеткiзiледi.

Сондай-ақ, «Ақмол» дүкендер желiсi бар, онда «Cаpital Projects LTD» ЖШС, «Астана Агро Продукт» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Гормолзавод» ЖШС, «Родина Агрофирмасы» ЖШС, «Milk Projekt» ЖШС және т.б. сияқты облыстың iрi ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi өз өнiмдерiн өткiзуде.

2019 жылғы 06 желтоқсандағы жағдай бойынша астананың сауда орындарына 108,8 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi жеткiзiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2% -ға өстi), ет және ет өнiмдерi — 27,3 мың тонна ( 2,8%-ға өстi), жұмыртқа — 260,8 млн. дана (3%-ға өстi).

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2019 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.12.2019 11:38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz