A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2016 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша Ақмола облысының АӨК-нің дамуы туралы ақпарат

Экономика

 

  2016 жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдауға және дамытуға  қайтарымсыз мемлекеттік көмек ретінде  24 727,5 млн. теңге субсидия  (2015 жылы -16 254,6 млн. теңге)  бөлінді, соның ішінде:

-                      өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 4 952,7 млн. теңге бөлінді (тұқым шаруашылығын қолдау - 557,4 млн. теңге (2015 жылы -166,5 млн. теңге), АШТӨ-не гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату - 2 886,4 млн. теңге (2015 жылы - 4 120,2 млн. теңге), органикалықты қоспағанда тыңайтқыштардың құнын субсидиялау-  1 508,9 млн. теңге (2015 жылы -2068,7 млн. теңге));

-                     асыл тұқымды мал шаруашылығын, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын  субсидиялауға 4 147,6 млн. теңге бөлінді (2015 жылы -6123,4 млн. теңге);

-                     инвестициялық салымдар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялауға 2701,1 млн. теңге бөлінді (инвестициялық салымдар кезінде кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу - 2 412,3 млн. теңге (2015 жылы -635,7 млн. теңге), қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау - 115,2 млн. теңге (2015 жылы - 179,8 млн. теңге), АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру - 131,1 млн. теңге (2015 жылы - 143,6 млн. теңге), дайындаушы ұйымдарды субсидиялау - 42,5 млн. теңге (2015 жылы қаражат бөлінген жоқ));

-                     қаржылық сауықтыру және кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өтеуге 12 926,2 млн. теңге бөлінді (қаржылық сауықтыру - 9 298,9 млн. теңге, ауыл шаруашылығын қолдауға берілген кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өтеу - 3 627,2 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы

 

Себу науқанының қорытындысы

             Облыстың АӨК а.ж. 4237,9 мың га алқапқа немесе көзделген алқаптың 100,5%-ына дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының себілуін қамтамасыз етті, сонымен бірге, а.ж. 31 мамырына қарай 3774,7 мың га жерге жаздық бидай егісі (көзделген алқаптың 100,8%-ы) аяқталды, дәнді жемшөп дақылдары мен басқа да дәнді дақылдардың егісі а.ж. 3 маусымына қарай тәмамдалды.

             Майлы дақылдардың егісі  217,1 мың га жерге (көзделген алқаптың 105,0%-ы), көпжылдық шөптер - 36,7 мың  га (100%), біржылдық шөптер - 154,2  мың  га (100%), картоп - 18,7 мың га (100%), және көкөністер -4,4мың га (100%)жерге егілді.

Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егісі 18 күннің ішінде жүргізілді, сонымен бірге, а.ж. жаздық егістің көзделген көрсеткішінің орындалуы қамтамасыз етілді, яғни, а.ж. ауыл шаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алу үшін белгілі бір алғышарт туындап отыр.  

Себу науқанының табысты нәтижелеріне себу науқанына дайындық жұмыстарына алдын ала кіріскеннің арқасында қол жеткізілгенін айта кету керек, мәселен, облыс бойынша себу науқанына 523,3 мың тонна тұқым қажет болды, алайда, қамбаға 563,2 мың тонна тұқым құйылды  (107,6%).  Талдау нәтижелері бойынша 563,2 мың тонна тұқым немесе құйылған тұқымның 100%-ы кондициялы болып танылды, сонымен бірге, егіс стандартының 1-ші және 2-класына жататын тұқым мөлшері 483,0 мың тоннаны немесе тұқымның 86%-ын құрайды, яғни өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.   

Облыстың тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілерінде  сорт жаңарту және сорт алмастыру мақсатында сақтандыру қорларын есепке алсақ, сату үшін 86,4 мың тонна көлемінде қосымша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары құйылғанын айта кету керек (74,5 мың тонна бидай, соның ішінде элита - 7,3 мың тонна;  арпа - 7,7 мың тонна (соның ішінде элита -2,4  мың тонна); қарақұмық - 500 тонна,   біржылдық шөптер тұқымдары - 15  тонна  және  көпжылдық шөптердің тұққымдары - 606,5тонна сатуға қойылған).  

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сорт жаңарту, сорт алмастыру және жетіспеген тұқым көлемін толтыру мақсатында,  аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінен 44,8 мың тонна тұқым сатып алды.

Жалпы, тұқымды толтырудың және ішкі шаруашылықтық алмастырудың арқасында,  облыстың АШТӨ көктемгі -егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті тұқыммен уақытында және толық көлемде қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау бойынша жұмыстар айтарлықтай деңгейде және уақытында жүзеге асты, сонымен бірге, жаппай себу науқаны басталмай тұрып, қолда бар машина-тракторлық алаң себу жұмыстарына сақадай сай болды, соның ішінде: тракторлардың саны - 15688 бірлік; астық сепкіштері - 17575 бірлік, оның ішінде - 1076 бірлігі себу кешендері; тырма - 22155 бірлік; қопсытқыштар - 2459 бірлік және сыдыра жыртқыштар - 1086 бірлік болды.

Күзгі-орақ жұмыстарын жүргізу үшін облысқа қажетті дизель отынының көлемі 77,0 мың тоннаны құрайды. А.ж. 8 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарында 2,4 мың тонна дизель отыны бар немесе қажетті мөлшердің 3,1%-ы.

ҚР Энергетика министрлігі 2016 жылы күзгі - орақ жұмыстарын жүргізу үшін облысқа барлығы (2016 ж 30.06. бекітілді) 77 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді,  соның ішінде Павлодар ПМХЗ-нан -29,0 мың тонна (қор ұстаушылар «Петросан» ЖШС мен «Петролиумоперейтинг» ЖШС), Атырау МӨЗ - 34,0 мың тонна (қор ұстаушы «Қазмұнайгаз» АҚ), Шымкент ПКОП - 12,0 мың тонна (қор ұстаушы «Петросан» ЖШС).

Соның ішінде: шілде - 22,0 мың тонна, тамыз - 30,0 мың тонна, қыркүйек - 23,0 мың тонна.

 

«Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу

Ақмола облысында  «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу бағдарламасы бойынша 5,5 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде, облыстың АШТӨ 2016 жылдың 8 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 4,9 млрд. теңге көлеміндегі кредит қаражаттарын алды.

 

Мал шаруашылығы

2016 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ-дың мал басы саны 455,5 мың басты құрады немесе бұл өткен жылғы деңгейдің 103,5%-ы, сонымен бірге, ірі қара мал саны 15,3 мың басқа өсті. Сиырлардың саны 197,6 мың басты құрады (102,9%), яғни өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 5,6 мың басқа жоғары.

Жылқылардың саны 177,0 басты құрады немесе 105,9 %. Жылқылар саны 9,8 мың басқа өсті.

Облыстағы қойлар мен ешкілердің саны 643,9 мың басқа жетті немесе өткен жылдың осы кезеңінің 105,4%-ы.

Шошқалардың саны - 147,7 мың бас немесе 2015 жылғы деңгейден  102,5%.           

Құстардың саны - 4,9 млн. бас немесе өткен жылдың осы кезеңінен 101,6 %.

Облыста а.ж. 6 айы ішінде 48,6 мың тонна көлемінде ет өндірілді (тірі салмақтағы), бұл өткен жылдың осы кезеңінің108,5%-ы болып табылады. Сүт өндірісінің көлемі 179,2 мың тоннаны құрады немесе 103,2%. 380,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді немесе өткен жылғы деңгейдің 104,1%-ы.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста барлық бағыттар бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Мал бордақылау алаңдары.

Кондициялық малдың қажетті көлемін қалыптастыру үшін облыста 31 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр, олардың бәрін қосқанда жалпы қуаттылығы 27,6 мың бастан асады, соның ішінде  жетеуі жалпы қуаттылығы 18,5 мың басты бір уақытта бордақылайтын ірі мал бордақылау алаңы болып табылады (Зеренді ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС).

Тұқымдық түрлендіру.

Тұқымдық түрлендіру бойынша түрлі шаралар орындалып жатыр, нәтижесінде бұл үрдіске 85,0 мың бас аналық мал басы тартылды немесе бұл барлық аналық мал басы санының 44,1%-ы болып табылады. Бұл көрсеткіш Республиканың ішіндегі үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады (екінші орын). 

Сүт саласын дамыту.

«Ырыс» бағдарламасы.

Облыста сүт өндірісімен жалпы сауындық табындағы мал саны 23,0 мың бас шамасында болатын 25 мамандандырылған шаруашылық субъектілері айналысады. Өңірдегі сүт саласын дамыту мақсатында облыста  «Ырыс» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2015 жылы 1200 басқа арналған 14 сүтті-тауарлы ферма пайдалануға берілді, соның 4-уі «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның кредит қаражаттары есебінен енгізілді. Ағымдағы жылы 17 сүтті-тауарлы ферма құру жоспарланып отыр, сондай-ақ,  Целиноград ауданының «Родина» ЖШС-ндегі өндіріс қуатын 1000 бас сауындық табынға дейін ұлғайту көзделді. Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы АНК АҚ-ның кредит қаражаты есебінен бір жоба іске асты: 50 басқа арналған Зеренді ауданының «Карнашаускене» ШҚ және бір жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асты: 200 басқа арналған Зеренді ауданының «Бөгембай» ШҚ.

Астрахан ауданының «Терлой» ЖШС (60 бас), Бурабай ауданының  «Беке» ШҚ (100 бас) сияқты шаруашылықтардың малды сатып алу өтінімі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен мақұлданды. Астрахан ауданының «Гендик» ШҚ (100 бас), Бурабай ауданының «Алдияр» ЖК (50 бас) және Бурабай ауданының «Омаров» ШҚ (50 бас) сияқты кәсіпорындар құжаттарды жинап жатыр. 

Сүттің жалпы өндірісінің 80%-дан астамы үй шаруашылықтарында жүзеге асырылатынын назарға ала отырып, бұл санат та тысқары қалмайды. Жұмыс істеп тұрған сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын жүктеу мақсатында, жұртшылықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, ол үшін облыс аудандарында сүт сатып алатын 145 пункт ұйымдастырылды, соның 19-і стационарлы болып табылады. Ағымдағы жылдың алты айы ішінде 73,7 мың тонна сүт сатып алынды немесе жоспарланған көлемнің 60,9%-ы болып табылады.

Жұртшылықтан сүт сатып алу жұмыстары жақсы деңгейде ұйымдастырылған аудандарды айта кету керек- олар: Зеренді, Целиноград, Астрахан, Ерейментау, Аршалы, Ақкөл, Есіл аудандары.

«Сыбаға» бағдарламасы.

 «Сыбаға» бағдарламасы  облыстың ұйымдасқан шаруашылықтарында мал басын кеңейтілген түрде көбейту арқылы тауарлық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 346 шаруа және фермер қожалықтары  23,0мың бас сиыр мен 850 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды, соның ішінде 2015 жылы 3966 бас аналық мал басы мен 132 бас бұқа  сатып алынды (2015 жылғы жоспар -3800 бас). 2016 жылы аталмыш бағдарлама бойынша жеткізілген жоспардың мөлшері 3800 басты құрап отыр, қазіргі кезде 522 бас аналық мал басы мен 32 бас бұқа сатып алынды, «АНК» АҚ-нда 587 бас малға өтінімдер мақұлданды және 819 басқа берген өтінімдер қаралып жатыр.

 «Алтын Асық» бағдарламасы.

Жалпы, облыс бойынша қой шаруашылығы дамуының оң серпіні байқалады. Облыста қой шаруашылығымен 357 ұйымдасқан шаруашылық айналысады, олардың мал басы саны 118,7 мың басты құрайды.  Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталмыш бағдарлама бойынша 7,4 мың бас қойдың аналық мал басы сатып алынды, соның ішінде 2016 жылы 7000 бас сатып алу жоспарланса,  бүгінгі күні тек 694 бас қой сатып алынды, 2202 бас сатып алуға берілген өтінімдер мақұлданса, 890 басқа ұсынылған өтінімдер қаралу үстінде. 

Аталмыш бағдарламаны нарықтық экономика жағдайында орындауға негізгі кедергі облыста және Республикада қой шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауынан туындап отыр.  

«Құлан» бағдарламасы.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 2,8 мың бас жылқының аналық мал басы сатып алынды. Соның ішінде ағымдағы жылы 3,0 мың бас сатып алу көзделсе, соның 424 басы сатып алынды, 227 бас сатып алуға өтінім мақұлданды, 184 басқа өтінім қаралып жатыр.  2015 жылы 1,0 мың бас сатып алу көзделсе, сол жылдың қорытындысы бойынша 2,5 мың бас сатып алынғанын айта кету керек, нәтижесінде жоспар 2,5 есе артық орындалды.

Шаруашылық субъектілерін жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылуда.

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

             2016 жылы  сомасы 8,9 млрд. теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған, соның ішінде сомасы 2750 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Өңірлік индустрияландыру картасы бойынша іске аспақшы.

         Мал шаруашылығы:

- «А-Лига - НС» ЖШС (Бурабай ауданы, Шучинск қаласы)- 1500 тонна ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған өндірістік кешен, шұжықтар мен жартылай фабрикаттардың өндірісі. Жоба құны- 450,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы (ИИД МБ шеңберінде);

- «Зеренді» асыл тұқымдық шаруашылық» ЖШС (Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы)- 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығы. Жоба құны - 2300 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы; (ИИД МБ шеңберінде);

«Жана Береке»ШҚ(Ерейментау ауданы, Новомарковка селосы)- 3000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы, жылдық қуаттылығы 5 мың тонна болатын етті қайта өңдеу кешені. Жоба құны- 1131,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Жылыжай:

"Тепличные технологии Казахстана" ЖШС (Степногорск қ)  - жылыжай кешенін 6,0 га-ға дейін ұлғайту. Жоба құны - 407,2 млн. теңге. Пайдалануға бері мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Астықты сақтау қоймалары:

"Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ) - жылдық қуаттылығы  35,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтауға арналған астық сақтау қоймасы. Жоба құны - 900,0 млн. теңге.  Нысан  2016 жылғы 20 маусымдағы нысанды қабылдау актісімен пайдалануға берілді;

 "АКА"  ЖШС (Целиноград ауданы, Тастақ ст) - жылдық қуаттылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын астық сақтау қоймасы.

Жоба құны - 352,0 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың шілде айы (нысанды пайдалануғка беру бойынша құжаттар дайындалу үстінде);

"Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- 20 мың тонна астыққа арналған элеватор кешені (2 кезең). Жоба құны - 1099,3 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы;

"ElGrano" ЖШС қкөл ауданы, Ақкөл қаласы)- жылдық қуаттылығы 13,5 мың тоннаны құрайтын дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге, тазартуға, сақтауға арналған элеватор. Жоба құны - 783,7 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Актан Агро" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 30,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Атбасар Ұн"  ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 12,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы, тәулігіне 150 тонна ұн өндіретін диірмен.

Жоба құны- 428,1 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:13

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz