A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2016 жылдың 12 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Экономика

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 2016 жылдың қаңтар-шілде айлары аралағында  94397,6  млн. теңге, соның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі-24997 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі - 69185 млн. теңгені құрады. НКИ 114,5% болды.

 

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы дақылдарының жинау алқабы 4746,6мың га-ды құрады, соның ішінде дәнді және  дәнді-бұршақ дақылдары- 4328,7 мың га (өткен жылғы деңгейінен 239,4 мың га жоғары) майлы дақылдар- 219,8  мың га, мал азықтық дақылдар - 175,8 мың га, картоп - 18,0 мың га  және көкөністер - 4,3 мың га.

Ауыл шаруашылығы техникаларын орақ науқанына дайындық жұмыстары айтарлықтай дер кезінде және тиісті деңгейде жүргізілді. Мәселен, облыс бойынша машина-тракторлық алаңның жалпы дайындығы орта есеппен келесідей сипатталды: тракторлар - 100%; астық жинау комбайндар -100%; дестелегіштер - 100%;, жүк автокөліктері - 100%, механикалық қырмандар мен  астық кептіргіштер 100%, пішен жинайтын комбаиндар -100%.

Күзгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 77,0 мың тонна дизель отыны, 7,3 мың тонна бензин, 4,1 мың тонна дизель майы қажет.

Жалпы, ҚР Энергетика министрлігі 2016 жылы күзгі - орақ жұмыстарын өткізу үшін облысқа барлығы (30.06.2016 ж. бекітілді) 75 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді (шілде - 22,0 мың тонна, тамыз - 30,0 мың тонна, қыркүйек - 23,0 мың тонна),  соның ішінде Павлодар ПМХЗ-нан -29,0 мың тонна (қор ұстаушылар «Петросан» ЖШС мен «Петролиумоперейтинг» ЖШС), Атырау МӨЗ - 34,0 мың тонна (қор ұстаушы «Қазмұнайгаз» АҚ), Шымкент ПКОП - 12,0 мың тонна (қор ұстаушы «Петросан» ЖШС).

         А.ж. 12 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша ЖЖМ-ды жеткізуші операторлар  шілде-қыркүйек айларында  73 мың тонна (97,3%) отынды жеткізу жөнінде келісім шарт жасады, соның ішінде, 70,4 мың тоннаға (93,9%) төлем жүргізілді, 53,2 мың тонна (70,9%) жөнелтілді.

А.ж. 12 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша  облыста 57,6 мың тонна дизель отыны немесе бұл қажетті мөлшердің 74,8%-ы, 7,3 мың тонна (100%) бензин, 4,1 мың тонна (100%) дизель отыны бар.

Облыс бойынша (2016 жылдың 12 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша) 1136,3 мың тонна пішен дайындалды немесе бұл жылдық қажетті мөлшердің 107,2%-ы болып табылады.

   Астық қабылдау кәсіпорындардың дайындығы

А.ж. астық өнімін қабылдауына  астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 3,9млн. тоннаны құрайтын  қолданыстағы лицензияланған 62 астық қабылдау кәсіпорны қатысатын болады (элеваторлық - 2,5 млн. тонна және қоймалық 1, 4 млн. тонна).

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы құрылымдарында  1,9 млн. тонна көлемін сақтай алатын астық қоймалары бар.  

Облыста жалпы өндірімділігі тәулігіне 100 мың тоннадан асатын 227 астық кептіргіштері  бар (АҚК - 150 бір. Және АШТӨ-77  бір.). Жалпы  келіп түсетін ылғалды астықтың көлемі шамамен 2,7 млн. тоннаға жуық деп есепке алғанда, ЖЖМ болған жағдайда, бұл астық кептіргішер ағымдағы жылғы астық өнімін дер кезінде кептіруін, сақталуын және сапалылығын қамтамасыз ете алады.

Астық қабылдау кәсіпорындарында қазіргі кезде 360 мың тонна 2015 жылғы өнімнің астығы сақталуда немесе бұл жалпы сыйымдылықтың 9,4%-ын құрайды, соның ішінде 220 мың тонна астық (61%) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ҰК» АҚ-на тиесілі.

Жалпы, бүгінгі күні  өңірдегі астық қабылдау кәсіпорындарында 3,5 млн. тонна көлемінде астықты қабылдауға арналған бос орындар бар, сонымен бірге, ауыл шауаршылығы тауар өндірушілердің 1,9 млн. тоннасын ескерсек, шатыр астында 5,4 млн. тонна астықты бір уақытта қабылдауға және сақтауға мүмкіндік бар, яғни бұл көрсеткіш соңғы жылдары ең жақсы көрсеткіш болып табылады.

 

«Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі -егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу

Ақмола облысында  «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу бағдарламасы бойынша 5543,4 млн теңге бөлінді және игерілді.

                                      Мал шаруашылығы

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ-дың мал басының саны 432,3 мың басты құрады немесе бұл өткен жылғы деңгейімен салыстырғанда 102,9 %-ы, сонымен бірге, ірі қара мал саны 12,1 мың басқа өсті. Сиырлардың саны 203,9 мың басты құрады (106 %), яғни өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 11,5 мың басқа жоғары.

Жылқылардың саны 167,9 мың басты немесе 104,5 % құрады. Жылқылар саны 7,2 мың басқа өсті.

Облыстағы қойлар мен ешкілердің саны 582,7  мың басқа жетті немесе бұл өткен жылдың осы кезеңінің 102,9 % - ы.

Шошқалардың саны 122,9  мың басты немесе 2015 жылғы деңгейден  100 %   құрады.

Құстардың саны 5,2 млн. басты немесе 100,3%-ды құрады.

Облыста а.ж. 8 айы ішінде 61,2 мың тонна көлемінде ет өндірілді (тірі салмақтағы), бұл өткен жылдың осы кезеңінің 108,3%  -ы болып табылады. Сүт өндірісінің көлемі 260,9 мың тоннаны немесе 104,2 % құрады. 499,4 млн. дана немесе өткен жылғы деңгейдің 98,9%  ы тағамдық жұмыртқа өндірілді.

                           Мал бордақылау алаңдары.

Кондициялық малдың қажетті көлемін қалыптастыру үшін облыста 31 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр, олардың бәрін қосқанда жалпы қуаттылығы 27,6 мың бастан асады, соның ішінде  жетеуі жалпы қуаттылығы 18,5 мың басты бір уақытта бордақылайтын ірі мал бордақылау алаңы болып табылады (Зеренді ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС).

 

Тұқымдық түрлендіру.

Тұқымдық түрлендіру бойынша әр түрлі шаралар орындалып жатыр, нәтижесінде бұл үрдіске 80,6 мың бас аналық мал басы тартылды немесе бұл барлық аналық мал басы санының 41,8%-ы болып табылады.

Сүт саласын дамыту.

«Ырыс» бағдарламасы. 

Облыста сүт өндірісімен жалпы сауындық табындағы мал саны 23,0 мың бас шамасында болатын 33 мамандандырылған шаруашылық субъектілері айналысады. Өңірдегі сүт саласын дамыту мақсатында облыста  «Ырыс» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2015 жылы 1200 басқа арналған 14 сүтті-тауарлы ферма пайдалануға берілді, соның 4-уі «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның кредит қаражаттары есебінен енгізілді. Ағымдағы жылы 17 сүтті-тауарлы ферма құру жоспарланып отыр, сондай-ақ,  Целиноград ауданының «Родина» ЖШС-ндегі өндіріс қуатын 1000 бас сауындық табынға дейін ұлғайту көзделді. Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы АНК АҚ-ның кредит қаражаты есебінен бір жоба іске асты: 50 басқа арналған Зеренді ауданының «Карнашаускене» ШҚ және бір жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асты: 200 басқа арналған Зеренді ауданының «Бөгембай» ШҚ.

        Сүттің жалпы өндірісінің 80%-дан астамы үй шаруашылықтарында жүзеге асырылатынын назарға ала отырып, бұл санат та тысқары қалмайды. Жұмыс істеп тұрған сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын жүктеу мақсатында, жұртшылықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, ол үшін облыс аудандарында сүт сатып алатын 145 бекеті ұйымдастырылды, соның 19-і стационарлы болып табылады. Ағымдағы жылдың  12 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша 105,6 мың тонна сүт сатып алынды немесе жоспарланған көлемнің 87,2% ы болып табылады.

«Сыбаға» бағдарламасы.

 «Сыбаға» бағдарламасы  облыстың ұйымдасқан шаруашылықтарында мал басын кеңейтілген түрде көбейту арқылы тауарлық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 355 шаруа және фермер қожалықтары  23,7мың бас сиыр мен 790 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды, соның ішінде 2015 жылы 3966 бас аналық мал басы мен 132 бас бұқа  сатып алынды (2015 жылғы жоспар -3800 бас). 2016 жылы аталмыш бағдарлама бойынша жеткізілген жоспардың мөлшері 3800 басты құрап отыр, қазіргі кезде 1638 бас аналық мал басы мен 88 бас тұқымдық өгіздер сатып алынды. Сонымен ақатар, «АНК» АҚ-нда 313 бас малға өтінімдер мақұлданған өтінімдер жатыр.

 «Алтын Асық» бағдарламасы.

Жалпы, облыс бойынша қой шаруашылығы дамуының оң серпіні байқалады. Облыста қой шаруашылығымен 357 ұйымдасқан шаруашылық айналысады, олардың мал басы саны 136,8 мың басты құрайды.  Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталмыш бағдарлама бойынша 8,4 мың бас қойдың аналық мал басы сатып алынды, соның ішінде 2016 жылы 7000 бас сатып алу жоспарланса,  бүгінгі күні тек 1041 бас қой сатып алынды. Сонымен қатар на 2710 басқа мақұлданған өтінімдер жатыр.  

Аталмыш бағдарламаны нарықтық экономика жағдайында орындауға негізгі кедергі облыста және Республикада қой шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауынан туындап отыр.  

«Құлан» бағдарламасы.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 3,5 мың бас жылқының аналық мал басы сатып алынды. Соның ішінде ағымдағы жылы 3,0 мың бас сатып алу көзделсе, соның 732 басы сатып алынды. Сонымен қатар, 173 басқа мақұлданған өтінімдер бар. 2015 жылғы 1,0 мың бас жоспардағыға 2,5 мың бас сатып алынды, нәтижесінде жоспар 2,5 есе артық орындалды.

Шаруашылық субъектілерін жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ақмола облысында 319 кәсіпорын  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, соның ішінде:

жылдық өндіріс  қуаттылығы 19,0 мың тоннаны құратын  15 етті қайта өңдеу кәсіпорындары.

жылдық өндірістік қуаттылығы 132,6 мың тоннаны құрайтын  14 сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар.

жылдық өндірістік қуаттылығы 954,0 мың тоннаны құрайтын 55 ұн тарту кәсіпорындары.

жылдық өндірістік қуаттылығы 89 мың тоннаны құрайтын 220 нан-тоқаш бұйымдарын пісірумен айналысатын кәсіпорындар.

басқа өнімдерді өндіретін 15 цех  бар.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2016 жылдың 8 айы ішінде сомасы 42,8  млрд. теңгеге азық -түлік өнімдері өндірілді (2015 жылдың осы кезеңіне 116,4% ).  

 Ет өнімдері өндірісінің өсімі байқалып,  бұл көлем 6,8 млрд. теңгеніқұрады (2015 жылдың осы кезеңіне 124,9%), ұн- 13,8 млрд.теңгеге (2015 жылдың осы кезеңіне 137,6%  ), өсімдік майы - 412,6 млн. теңгеге (2015 жылдың осы кезеңіне 180,7% ) өндірілді.

             Азық-түлік өндірісінің құрылымындағы негізгі үлес салмақ  келесілерге тиесілі: астықты қайта өңдеу саласы - 32,3 %, сүт саласы - 21,3%, етті қайта өңдеу саласы - 15,8%, нан және нан-тоқаш бұйымдары - %, басқа салалар -23,6%.

Етті қайта өңдеу

               Аталмыш кәсіпорындар мен цехтар заттай көріністе 10559 тонна ет өндірді, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,3% %-ға өсті, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 839 тоннаны құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  8,5 %-ға өсті.

              Етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен  ет өндірісі бойынша 70%-ды (2015 ж - 53,7 %), шұжық өнімдерінің өндірісі бойынша 35,7% -ды ( 2015 ж -32,9%) құрады.

Ет өндірісі жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Целиноград  ауданы («Капитал Проджект ЖШС) - 46,6 %, Қорғалжын ауданы («Астана АгроПродукт» ЖШС)- 12,5%, Астрахан ауданы («Астраханская птица» ЖШС)- 14,5%,  Аршалы ауданы («Ижевский» ӨК)- 5,5 %, шұжық өнімдерінің өндірісі бойынша Корғалжын ауданы («Астана АгроПродукт» ЖШС) - 28,5 %, Бурабай («ОСКО» ЖШС, «Осипов ЖК», «Kaz Beef Ltd» ЖШС) - 27,4%, Шортанды аудандары («КазГруХолдинг» ЖШС) - 23,2%.

Сонымен бірге, Ақмола облысының Статистика департаментінің мәліметтері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында 2016 жылдың 8 айы ішінде Бұланды ауданында ет (қайта өңделген) 30,9 %-ға, Зеренді ауданында 36,8 %-ға, Шортанды ауданында  8,1 %, шұжық өнімдері Аршалы ауданында 25 %-ға; Шортанды ауданында 16,7%-ға төмендеді.

 

Сүтті қайта өңдеу

            Өңделген сүт өндірісінің көлемі 44999 тоннаны құрады, бұл 2015 жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 12,3%  ға төмендеді, сондай-ақ, 369 тонна сары май өндірілді, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  26,9 %-ға төмендеді, ірімшік пен сүзбе өндірісінің көлемі 546 тоннаны құрап, 5,8 %-ға өсті.

             Сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының өңделген сүт өндірісі бойынша жүктелімі 51,7 %-ды (2015 ж -59%) құраса, сары май жүктелімі - 47,9% (2015 ж - 65,6 %), ірімшік пен сүзбе - 70,8 % (2015 ж - 66,9 %) болып табылады.

Сүтті қайта өңдеу жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Көкшетау қ ( «Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС) - 43,5%, Зеренді ауданы  («Милк Прожект» ЖШС)- 26,4 %,  Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ)- 17,2 %; сары май өндірісі бойынша Шортанды ауданы («Харсиев» ЖК)- 32,5 %, Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС) - 30,9 %, Көкшетау қ   ( «Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС) -26 %,-ірімшік пен сүзбе өндірісі бойынша Көкшетау қ ( «Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС)  - 38,5 %, Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ)- 23,1 %, Шортанды ауданы («Харсиев» ЖК) - 13,2 %.

2016 жылдың 8 айы ішінде сүт өндірісі (өңделген) Ақкөл ауданында  48,1 %-ға, Есіл ауданында - 3,4 %-ға, Целиноград ауданында 10,2%-ға, Шортанды ауданында 36,6 %-ға, Көкшетау қаласында 27,2 %-ға, сары май Аршалы ауданында 35,7%-ға, Бурабай ауданында 76%-ға, Есіл ауданында 81,2%-ға, Зеренді ауданында 8,7%-ға,  Көкшетау қ. 43,5%-ға, Целиноград ауданында 16,8%-ға төмендеді.        

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

           Өсімдік майының өндіріс көлемі 6760 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі:  Көкшетау қ («Agrimer Astyk» ЖШС) - 53,8 %, Бурабай ауданы («Бота 2015» ЖШС) - 37,7%.                              

           Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттарының жүктелімі орта есеппен 58,6 %-ды құрады (2015 ж - 25,5 %).

Ұн өндірісі

             Майда тартылған ұн өндірісінің көлемі 287931 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  38,7% ға өсті.

Ұн өндіру жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Атбасар ауданы («Ынтымақ» ЖШС, "Лимар Агро" ЖШС, "Интер-Трайд" ЖШС  және т.б.)- 30,8 %, Көкшетау қ - 20,2 %, Жақсы ауданы («Урожай» ЖШС)- 21,3 %, Астрахан ауданы («Колутон-95» ЖШС)- 9,7%, Шортанды ауданы -9,2 %,

Өндіріс көлемі Ақкөл ауданында 30,1 %-ға, Сандықтау ауданында 22,3 %-ға төмендеді.

         Ұн өндіретін кәсіпорындардың жүктелімі 45,3 % -ды құрады  (2015 ж - 32,6%).

Нан өндірісі

         Нан өндірісінің көлемі 18750 тоннаны құрады,   2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 %-ға өсті.

Нан  пісіру бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 32,3%   (2015 ж. - 31,8%) құрады.

         Нан өндіру жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Көкшетау қ- 20,1%, Аршалы ауданы - 15,3%, Бурабай ауданы- 11,1%, Есіл ауданы- 8,7 %.

       Көкшетау қ. нан шығару өндірісі 1,6% қысқартылды.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

 2016 жылы  сомасы 8,9 млрд. теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған, соның ішінде сомасы 2750 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Өңірлік индустрияландыру картасы бойынша іске аспақшы.

Мал шаруашылығы:

-«А-Лига - НС» ЖШС (Бурабай ауданы, Шучинск қаласы)- 1500 тонна ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған өндірістік кешен, шұжықтар мен жартылай фабрикаттардың өндірісі. Жоба құны- 450,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы (ИИД МБ шеңберінде);

-«Зеренді» асыл тұқымдық шаруашылық» ЖШС (Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы)- 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығы. Жоба құны - 2300 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы; (ИИД МБ шеңберінде);

-«Жана Береке»ШҚ(Ерейментау ауданы, Новомарковка селосы)- 3000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы, жылдық қуаттылығы 5 мың тонна болатын етті қайта өңдеу кешені. Жоба құны- 1131,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың 23 маусым айы.

           Жылыжай:

"Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС (Степногорск қ)  - жылыжай кешенін 6,0 га-ға дейін ұлғайту. Жоба құны - 407,2 млн. теңге. Пайдалануға бері мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Астықты сақтау қоймалары:

"Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ) - жылдық қуаттылығы  35,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтауға арналған астық сақтау қоймасы. Жоба құны - 900,0 млн. теңге.  Нысан  2016 жылғы 20 маусымдағы нысанды қабылдау актісімен пайдалануға берілді;

 "АКА"  ЖШС (Целиноград ауданы, Тастақ ст) - жылдық қуаттылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын астық сақтау қоймасы. Жоба құны - 352,0 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қазан айы (нысанды пайдалануғка беру бойынша құжаттар дайындалу үстінде);

"Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- 20 мың тонна астыққа арналған элеватор кешені (2 кезең). Жоба құны - 1099,3 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы;

"ElGrano" ЖШС (Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы)- жылдық қуаттылығы 13,5 мың тоннаны құрайтын дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге, тазартуға, сақтауға арналған элеватор. Жоба құны - 783,7 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Актан Агро" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 30,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы. Жоба құны 1022,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Атбасар Ұн"  ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 12,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы, тәулігіне 150 тонна ұн өндіретін диірмен. Жоба құны- 428,1 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:17

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz