A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2016 жылдың 13 қазанындағы анықтама

Экономика

2016 жылдың қаңтар -қыркүйек айы ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 248370,6 млн. теңгені құрады, соның ішінде: өсімдік щаруашылығы өнімі -168712,5 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі - 78845 млн. теңге. НКИ 113,1% .

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жинау алқабының көлемі 4746,6 мың га-ды құрады, соның ішінде  дәнді және дәнді бұршақ дақылдары - 4328,7 мың га (өткен жылғы деңгейден 239,4 мың га-ға жоғары), майлы дақылдар - 219,8 мың га, мал азықтық дақылдар - 175,8 мың га, картоп - 18,0 мың га  және көкөністер  - 4,3 мың га.

Ауыл шаруашылығы техникаларын орақ науқанына дайындау жұмыстары дер кезінде және тиісті деңгейде өтті. Мәселен, машина-тракторлық алаңның жалпы дайындық деңгейі облыс бойынша орта есеппен келесіні құрады: тракторлар -100%; астықты жинау комбайндары - 100%, дестелегіштер - 100%, жүк автокөліктері -100%, механикалық қырмандар мен астықты кептіргіштер -100%, мал азықтық дақылдарды жинау комбайндары -100%.

Күзгі-орақ жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 77,0 мың тонна дизель отыны, 7,3 мың тонна бензин, 4,1 мың тонна дизель майы қажет.

2016 жылы күзді-дала жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі облысқа  (2016 жылдың 30.06. бекітілді) барлығы 75 мың тонна кепілдендірілген дизель отынының көлемін бөлді (шілде - 22,0 мың тонна, тамыз - 30,0 мың тонна, қыркүйек - 23,0 мың тонна), с.і. Павлодар  ПМХЗ-нан -29,0 мың тонна (қор ұстаушылар «Петросан» ЖШС және  «Петролиумоперейтинг» ЖШС), Атырау МӨЗ-нан - 34,0 мың тонна (қор ұстаушы «Қазмұнайгаз» АҚ), Шымкент ПКОП-тан - 12,0 мың тонна (қор ұстаушы «Петросан» ЖШС).

Операторлар  шілде-қыркүйек айларында ЖЖМ-ды жеткізу үшін а.ж. 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша 73,8 мың тоннаға (98,4%) келісім шарттар жасады, 73,7 мың тоннаға төленді (98,3%), 70,4 мың тонна тиелді (93,9%).

А.ж. 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарында 77,6 мың тонна дизель отыны бар, бұл қажетті мөлшердің 100,7%-ын құрайды, сондай-ақ, 7,4 мың тонна бензин (100%), 4,1 мың тонна (100%) дизель майы да бар.

А.ж. 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша 4307,1 мың га алқаптағы дәнді дақылдар дестеге шабылды немесе бұл жинау алқабының 99.5%-ын құрайды.

Бастырылған астықтың көлемі 5672,4 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік - 13,2 ц/га. Жиналған майлы дақылдар алқабының көлемі 141,4 мың га  (жинау алқабының 64,4%-ы) майлы дақылдардың жалпы түсімі -128,8 мың тонна (орташа өнімділігі 9,1 ц/га).

Жиналған картоп алқабының көлемі 17,8 мың га (жинау алқабының 98,8%-ы), жалпы түсімі - 258,3 мың тонна (орташа өнімділігі 145,5 ц/га).

Жиналған көкөністер алқабының көлемі 4,1 мың га ( жинау алқабының 96,1%-ы), жалпы түсімі - 49,1 мың тонна (орташа өнімділігі 120,0 ц/га).

Облыста 2016 жылдың 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша дайындалған пішеннің көлемі 1159,3 мың тоннаны немесе жылдық қажетті мөлшердің   109,3%-ын құрады.

Мал шаруашылығы

2016 жылдың 1 қазанына дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ-дың мал басы саны 425,1 мың басты немесе өткен жылғы деңгейден 103,1%-ды құрады. Сиыр саны 204 мың басқа жетті (105,7%).

Жылқы саны - 166,1 мың бас немесе 105,7 %.  Облыс бойынша қойлар мен ешкілердің саны 558,1 мың басқа немесе өткен жылдың осы кезеңінен 102,8%-ға жетті.

Шошқа саны - 124,1 мың бас немесе 2015 жылғы деңгейден  100%.

Құс саны -5,3 млн. бас немесе 100,0% .

Облыс бойынша а.ж. 9 айы ішінде  69,2 мың тонна (тірі салмақта өткізілді) ет өндірілді, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,1%-ға өсті. Өндірілген сүттің көлемі 299,0 мың тоннаны құрады немесе 104,5%. Өндірілген жұмыртқаның көлемі 565,4 млн. дана немесе өткен жылғы деңгейден  99,1%.

Мал бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажетті көлемін қалыптастыру үшін облыста мал бордақылаудың жиынтық қуаттылығы 27,6 мың бастан асатын 31 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр, соның ішінде жалпы малды бір уақытта бордақылау қуаттылығы 18,5 мың басты құрайтын ірі  7  мал бордақылау алаңы бар (Зеренді ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС).

Тұқымдық түрлендіру

Тұқымдық түрлердіру жұмыстарын жүргізу бойынша біршама іс шаралар атқарылып жатыр, нәтижесінде, 2016 жылдың 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша аталмыш процеске 81,3 мың бас аналық мал басы тартылды немесе бұл барлық аналық мал басы санының 42,2%-ын құрайды.

Сүт саласын дамыту

Программа «Ырыс» бағдарламасы

Облыста сауындық табындағы жалпы мал басы саны 23,0 мың бастан асатын 33 мамандандырылған шаруашылық субъектілері сүт өндірісімен айналысады.  Өңірдің сүт саласын дамыту мақсатында облыста екінші жылы «Ырыс» бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталмыш бағдарламаның шеңберінде 2015 жылы 1200 бас сиырға арналған 14 сүтті-тауарлы ферма қолданысқа енгізілді, соның ішінде төртеуі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кредит қаражаты есебінен қолданысқа енгізілді. Ағымдағы жылы 17 сүтті-тауарлы ферманы құру жоспарланып отыр, бүгінгі күні 640 басқа арналған 7 СТФ құрылды, соның ішінде, үш жоба «АШҚҚҚ» АҚ-ның кредиттік қаражаты есебінен орындалды:  Зеренді ауданының «Карнашаускене» ШҚ 50 басқа, Бурабай ауданының «Беке» ШҚ 70 басқа және  Астрахан ауданының «Терлой» ШҚ 60 басқа арналған, төрт жоба жеке қаражат есебінен Зеренді ауданының «Бөгембай» ШҚ  200 басқа, Ақкөл ауданының «Аджибай» ШҚ 60 басқа және Еңбекшілдер ауданының «Нұртас» ШҚ 100 басқа, Бурабай ауданының Абдрахманов Б.Д. ЖК 100 басқа арналды. Бұдан басқа, Целиноград ауданындағы «Родина» ЖШС-нің өндірісінің қуаттылығы 100 бас сауындық табынға  ұлғайтылды.

Өндірілетін сүттің жалпы көлемінің 80%-дан астамы  үй шаруашылықтарына тиесілі екенін назарға ала отырып, бұл санат тысқары қалған емес. Сүтті қайта өңдеумен айналысатын қолданыстағы зауыттардың өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында халықтан сүт сатып алу  жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол үшін облыс аудандарында сүт сатып алудың 145 пункті ұйымдастырылды, соның ішінде 19 пункт стационарлы болып табылады. 2016 жылдың 13 қазанына дейінгі жағдай бойынша 114,9 мың тонна сүт сатып алынды немесе бұл жоспарланған көлемнің 94,8%-ын құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы

Программа «Сыбаға» бағдарламасы облыстық ұйымдық шаруашылықтарында кеңейтілген түрде көбейту жолымен тауарлық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

«Сыбаға» бағдарламасы іске асырылғалы бері  358 шаруа-фермерлік қожалықтар 24,2 мың бас сиыр мен 790 бас асыл тұқымды бұқаны сатып алды, соның ішінде 2015 жылы 3966 аналық мал басы мен 132 бас бұқа сатып алынды (2015 жылғы жоспар - 3800 бас). 2016 жылы аталмыш бағдарлама бойынша жеткізілген жоспардың көлемі 3800 басты құрады, қазіргі уақытта 1781 бас сатып алынды. Бұдан басқа, «АНК» АҚ-нда 187 бас малды сатып алуға берілген өтінімдер мақұлданды.

«Алтын Асық» бағдарламасы

Жалпы облыс бойынша қой шаруашылығының дамуының оң серпіні байқалып келеді. Облыста мал басы саны 136,8 мың басты құрайтын 357 ұйымдық шаруашылық қой шаруашылығымен айналысады. Бағдарлама іске асырылғалы бері, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 8,6 мың бас қойдың аналық мал басы сатып алынды,  соның ішінде 2016 жылы жоспарланған 7000 бастың ішінен 1443 бас сатып алынды. Бұдан басқа 2350 басқа берілген өтінім мақұлданған. 

Аталмыш бағдарламаны нарықтық экономика жағдайында жүзеге асыруға қой шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорнының тек облыста ғана емес, жалпы Республикада жоқтығы тосқауыл қойып отыр. 

«Құлан» бағдарламасы

Бағдарлама іске асырылғалы бері, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 3,6 мың бас жылқының аналық мал басы сатып алынды. С.і. ағымдағы жылы 3,0 мың бас сатып алу жоспарланса, бүгінгі күні 950 бас сатып алынды Бұдан басқа, 43 бас сатып алуға берілген өтінім мақұлданды. 2015 жылы 1,0 мың бас сатып алу жоспарланып, сол жылы 2,5 мың бас сатып алынғанын, нәтижесінде жоспар 2,5 есе орындалғанын айта кету керек.

Шаруашылық субъектілерін жоғарыда көрсетілген бағдарламаларға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Азық -түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

 

2016 жылы 9,8 млрд. теңгеге 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

Мал шаруашылығы:

- «Ерейментау Құлан» ЖШС (Ерейментау ауданы,  Ақсуат а) - 3000 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы. Жоба құны - 1100,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

- «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС (Целиноград ауданы, Қажымукан а)- 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығы. Жоба құны - 1450 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қарашаайы;

 

- «Жана Береке» ШҚ (Ерейментау ауданы,. Новомарковка а) - 3000 бас ІҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы, Жылына 5000 тонна етті өңдейтін етті қайта өңдеу кешені. Жоба құны - 1131,0 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 23 маусымындағы актісімен пайдалануға берілді;

- "Агрофирма "Родина" ЖШС (Целиноград ауданы, Ақмол ауылы) 1000 сауын сиырды ұстауға арналған мал шаруашылығы кешенінің құрылысы. Жоба құны - 1010,0 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 15 тамызындағы актісімен пайдалануға берілді.

Жылыжай:

- "Тепличные технологии Казахстана" ЖШС (Степногорск қ) - жылыжай кешенін 6,0 га-ға дейін кеңейту. Жоба құны - 407,2 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Астық қоймалары:

- "Зерновой двор" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ)- жылдық қуаттылығы 9,0 мың тоннаны құрайтын астық қоймасының құрылысы (2 кезең). Жоба құны - 112,3 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 26 сәуіріндегі актісімен пайдалануға берілді;

 - "Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ) - жылдық қуаттылығы 35,0 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы. Жоба құны - 717,3 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 20 маусымындағы актісімен пайдалануға берілді;

 - "АКА" ЖШС (Целиноград ауданы,  Тастақ ст) - қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы. Жоба құны - 368,4 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 14 қыркүйегіндегі актісімен пайдалануға берілді;

- "Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасарский ауданы,  Мариновка а) -  20 мың тонна астыққа арналған элеватор кешені (2 кезең). Жоба құны - 1693,7 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 19 қыркүйегіндегіактісімен пайдалануға берілді;

- "ElGrano" ЖШС (Ақкөл ауданы,  Ақкөл қ) -  жылдық қуаттылығы 13,5 мың тоннаны құрайтын дәнді және майлы дақыл тұқымдарын кептіруге, тазартуға, сақтауға арналған. Жоба құны - 783,7 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

- "Атбасар Ұн" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ) - жылдық қуаттылығы 12,0 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы, тәулігіне 150 тонна ұн тартатын диірмен. Жоба құны - 1034,4 млн. теңге. Нысан нысанды қабылдаудың 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі актісімен пайдалануға берілді.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:19

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz