A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2016 жылдың 1 тамызына дейінгі жағдай бойынша Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Экономика

 

Ауыл шаруашылық өнімнің жаппай шығаруы 2016 жылғы қаңтар-шілде айлары аралағында  65412 млн. теңге, соныің ішінде : өсімдік шаруашылық өнімі -4663,8 млн. теңге, мал шаруашылық өнімі - 60645,0 млн. теңге құрады. ИФО 102,5% құрады (өсімдік шаруашылық -100%, мал шаруашылық -102,7%).

 

Өсімдік шаруашылығы

 

             Облыстың АӨК а.ж. 4237,9 мың га алқапқа немесе көзделген алқаптың 100,5%-ына дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының себілуін қамтамасыз етті, сонымен бірге, а.ж. 31 мамырына қарай 3774,7 мың га жерге жаздық бидай егісі (көзделген алқаптың 100,8%-ы) аяқталды, дәнді жемшөп дақылдары мен басқа да дәнді дақылдардың егісі а.ж. 3 маусымына қарай тәмамдалды.

             Майлы дақылдардың егісі  217,1 мың га жерге (көзделген алқаптың 105,0%-ы), көпжылдық шөптер - 36,7 мың  га (100%), біржылдық шөптер - 154,2  мың  га (100%), картоп - 18,7 мың га (100%), және көкөністер -4,4мың га (100%)жерге егілді.

Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егісі 18 күннің ішінде жүргізілді, сонымен бірге, а.ж. жаздық егістің көзделген көрсеткішінің орындалуы қамтамасыз етілді, яғни, а.ж. ауыл шаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алу үшін белгілі бір алғышарт туындап отыр. 

Себу науқанының табысты нәтижелеріне себу науқанына дайындық жұмыстарына алдын ала кіріскеннің арқасында қол жеткізілгенін айта кету керек, мәселен, облыс бойынша себу науқанына 523,3 мың тонна тұқым қажет болды, алайда, қамбаға 563,2 мың тонна тұқым құйылды  (107,6%).  Талдау нәтижелері бойынша 563,2 мың тонна тұқым немесе құйылған тұқымның 100%-ы кондициялы болып танылды, сонымен бірге, егіс стандартының 1-ші және 2-класына жататын тұқым мөлшері 483,0 мың тоннаны немесе тұқымның 86%-ын құрайды, яғни өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.   

Жалпы, тұқымды толтырудың және ішкі шаруашылықтық алмастырудың арқасында,  облыстың АШТӨ көктемгі -егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті тұқыммен уақытында және толық көлемде қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау бойынша жұмыстар айтарлықтай деңгейде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, облыс бойынша орта есеппен а.ж.15 тамызына ахуалы бойынша қолда бар машина-тракторлық алаң себу жұмыстарына сақадай сай болды, соның ішінде: тракторлар - 97%; астық жинау комбайндар -98%; дестелегішертер - 98%;, жүк автокөліктер - 97%, мехқырмандар мен  астық кептіргіштер -98%, пішен жинайтын комбандар -100%.

Күзгі-орақ жұмыстарын жүргізу үшін облысқа қажетті дизель отынының көлемі 77,0 мың тонна, бензиннің -7,3 мың тонна, дизельдік майы 4,1 мфың тоннаны құрайды.

Жалпы ҚР энергетика министрлігімен 2016 жылы күзгі - орақ жұмыстарын жүргізу үшін облысқа барлығы (2016 ж 30.06. бекітілді) 77 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді (шілде - 22,0 мың тонна, тамыз - 30,0 мың тонна, қыркүйек - 23,0 мың тонна),  соның ішінде Павлодар ПМХЗ-нан -29,0 мың тонна (қор ұстаушылар «Петросан» ЖШС мен «Петролиумоперейтинг» ЖШС), Атырау МӨЗ - 34,0 мың тонна (қор ұстаушы «Қазмұнайгаз» АҚ), Шымкент ПКОП - 12,0 мың тонна (қор ұстаушы «Петросан» ЖШС).

ЖЖМ жеткізу бойынша операторларымен тамыз айына  30,0 мың тонна (100%)келісім шарт бекітілді, төленді 27,9 мың тонна (93%), жөнелтілді 16,7 мың тонна (56%) .

А.ж. 16 тамызының ахуалы бойынша облыстық шарууашылықтарында 41,5 мың тонна немесе қажеттіліктен 53,8 %, бензиннің 7,3 мың тонна (100%), дизельдік майы 4,1 мың тонна (100%) құрады.

15 тамыздың ахуалы бойынша  дәнді дақылдардың егіні 86,7% (3,7 мың га) және майлы дақылдардың егіні 80,0% (172,9 мың га) жақсы күйде деп бағаланады.

Егінді толығымен арам шөптерден, зиянкестерден және ауыл шаруашылық дақылдарын аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, 4,5 млн. га (жоспардағыдан 114,8 ) аумағында химиялық тазалук жұмыстары жүтгізілді.

Облыс бойынша пішен дайындауы (2016 жылғы 16 тамызының ахуалы бойынша ) 1069,7 мың тонна немесе жылдық қажеттіліктен100,9% құрайды.

 

«Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу

Ақмола облысында  «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ кепілдемесімен көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді кредиттеу бағдарламасы бойынша 5543,4 млн теңге бөлінді және игерілді.

 

Мал шаруашылығы

 

2016 жылдың 1 тамызына дейінгі жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ-дың мал басы саны 436,7 мың басты құрады немесе бұл өткен жылғы деңгейімен салыстырғанда 102,5%-ы, сонымен бірге, ірі қара мал саны 10,6 мың басқа өсті. Сиырлардың саны 203,9 мың басты құрады (106,1%), яғни өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 11,8 мың басқа жоғары.

Жылқылардың саны 170,2 басты құрады немесе 104,4 %. Жылқылар саны 7,2 мың басқа өсті.

Облыстағы қойлар мен ешкілердің саны 593,9  мың басқа жетті немесе өткен жылдың осы кезеңінің 102,2 %  ы.

Шошқалардың саны - 125,1 мың бас немесе 2015 жылғы деңгейден  100,7%  

Өткен жылдың осы кезеңінен 98,6% (5,1 млн. басқа дейін)  құстардың саны төмендеді.

Облыста а.ж. 7 айы ішінде 55,4 мың тонна көлемінде ет өндірілді (тірі салмақтағы), бұл өткен жылдың осы кезеңінің 108,0%  ы болып табылады. Сүт өндірісінің көлемі 222,4 мың тоннаны құрады немесе 103,8%. 438,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді немесе өткен жылғы деңгейдің 100,2%-ы.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста барлық бағыттар бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Мал бордақылау алаңдары.

Кондициялық малдың қажетті көлемін қалыптастыру үшін облыста 31 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр, олардың бәрін қосқанда жалпы қуаттылығы 27,6 мың бастан асады, соның ішінде  жетеуі жалпы қуаттылығы 18,5 мың басты бір уақытта бордақылайтын ірі мал бордақылау алаңы болып табылады (Зеренді ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС).

Тұқымдық түрлендіру.

Тұқымдық түрлендіру бойынша түрлі шаралар орындалып жатыр, нәтижесінде бұл үрдіске 81,9 мың бас аналық мал басы тартылды немесе бұл барлық аналық мал басы санының 42,5% ы болып табылады.

 

Сүт саласын дамыту.

«Ырыс» бағдарламасы.  

Облыста сүт өндірісімен жалпы сауындық табындағы мал саны 23,0 мың бас шамасында болатын 25 мамандандырылған шаруашылық субъектілері айналысады. Өңірдегі сүт саласын дамыту мақсатында облыста  «Ырыс» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде 2015 жылы 1200 басқа арналған 14 сүтті-тауарлы ферма пайдалануға берілді, соның 4-уі «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның кредит қаражаттары есебінен енгізілді. Ағымдағы жылы 17 сүтті-тауарлы ферма құру жоспарланып отыр, сондай-ақ,  Целиноград ауданының «Родина» ЖШС-ндегі өндіріс қуатын 1000 бас сауындық табынға дейін ұлғайту көзделді. Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы АНК АҚ-ның кредит қаражаты есебінен бір жоба іске асты: 50 басқа арналған Зеренді ауданының «Карнашаускене» ШҚ және бір жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асты: 200 басқа арналған Зеренді ауданының «Бөгембай» ШҚ.

        Сүттің жалпы өндірісінің 80%-дан астамы үй шаруашылықтарында жүзеге асырылатынын назарға ала отырып, бұл санат та тысқары қалмайды. Жұмыс істеп тұрған сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын жүктеу мақсатында, жұртшылықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, ол үшін облыс аудандарында сүт сатып алатын 145 пункт ұйымдастырылды, соның 19-і стационарлы болып табылады. Ағымдағы жылдың жеті айы ішінде 96,9 мың тонна сүт сатып алынды немесе жоспарланған көлемнің 80,0 %-ы болып табылады.

 «Сыбаға» бағдарламасы.

 «Сыбаға» бағдарламасы  облыстың ұйымдасқан шаруашылықтарында мал басын кеңейтілген түрде көбейту арқылы тауарлық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 346 шаруа және фермер қожалықтары  23,0мың бас сиыр мен 850 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды, соның ішінде 2015 жылы 3966 бас аналық мал басы мен 132 бас бұқа  сатып алынды (2015 жылғы жоспар -3800 бас). 2016 жылы аталмыш бағдарлама бойынша жеткізілген жоспардың мөлшері 3800 басты құрап отыр, қазіргі кезде 1121 бас аналық мал басы мен 32 бас тұқымдық өгіздер сатып алынды. Сонымен ақатар, «АНК» АҚ-нда 682 бас малға өтінімдер мақұлданған өтінімдер жатыр.

 «Алтын Асық» бағдарламасы.

Жалпы, облыс бойынша қой шаруашылығы дамуының оң серпіні байқалады. Облыста қой шаруашылығымен 357 ұйымдасқан шаруашылық айналысады, олардың мал басы саны 118,7 мың басты құрайды.  Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталмыш бағдарлама бойынша 7,4 мың бас қойдың аналық мал басы сатып алынды, соның ішінде 2016 жылы 7000 бас сатып алу жоспарланса,  бүгінгі күні тек 930 бас қой сатып алынды. Сонымен қатар на 2586 басқа мақұлданған өтінімдер жатыр.   

Аталмыш бағдарламаны нарықтық экономика жағдайында орындауға негізгі кедергі облыста және Республикада қой шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауынан туындап отыр.  

«Құлан» бағдарламасы.

Бағдарлама іске асырылғалы бері 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 2,8 мың бас жылқының аналық мал басы сатып алынды. Соның ішінде ағымдағы жылы 3,0 мың бас сатып алу көзделсе, соның 530 басы сатып алынды. Сонымен қатар, 191 басқа мақұлданған өтінімдер бар. 2015 жылғы 1,0 мың бас жоспардағыға 2,5 мың бас сатып алынды, нәтижесінде жоспар 2,5 есе артық орындалды.

Шаруашылық субъектілерін жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылуда.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ақмола облысында 319 кәсіпорын  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, соның ішінде:

жылдық өндіріс  қуаттылығы 19,0 мың тоннаны құратын  15 етті қайта өңдеу кәсіпорындары.

жылдық өндірістік қуаттылығы 132,6 мың тоннаны құрайтын  14 сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар.

жылдық өндірістік қуаттылығы 954,0 мың тоннаны құрайтын 55 ұн тарту кәсіпорындары.

жылдық өндірістік қуаттылығы 89 мың тоннаны құрайтын 220 нан-тоқаш бұйымдарын пісірумен айналысатын кәсіпорындар.

басқа өнімдерді өндіретін 15 цех  бар.

Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2016 жылдың 7 айы ішінде 36,8 млрд. теңге сомасына  азық -түлік өнімдері өндірілді (2015 жылдың осы кезеңіне 117,9% ). 

Ет өнімдері өндірісінің өсімі байқалып,  бұл көлем 5,9 млрд. теңгеніқұрады (2015 жылдың осы кезеңіне 134 %), ұн- 12,5 млрд.теңгеге (2015 жылдың осы кезеңіне 142,7% ), өсімдік майы - 331,2 млн. теңгеге (2015 жылдың осы кезеңіне 216,2% ) өндірілді.

Азық-түлік өндірісінің құрылымындағы негізгі үлес салмақ  келесілерге тиесілі: астықты қайта өңдеу саласы - 34 %, сүт саласы - 20 %, етті қайта өңдеу саласы - 15,9 %, нан және нан-тоқаш бұйымдары - 6,8 %, басқа салалар -23,3%.

 Етті қайта өңдеу

Аталмыш кәсіпорындар мен цехтар заттай көріністе 9217 тонна ет өндірді, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,6 %-ға өсті, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 738 тоннаны құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  9,5 %-ға өсті.

Етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен  ет өндірісі бойынша 70%-ды (2015 ж - 58,2%), шұжық өнімдерінің өндірісі бойынша 35,9%-ды ( 2015 ж -32,8%) құрады.

Ет өндірісі жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Целиноград  ауданы («Капитал Проджект ЖШС) - 46,1 %, Корғалжын ауданы («Астана АгроПродукт» ЖШС)- 12,6%, Астрахан ауданы («Астраханская птица» ЖШС)- 14,8%,  Аршалы ауданы («Ижевский» ӨК)- 5,0%, шұжық өнімдерінің өндірісі бойынша Корғалжын ауданы («Астана АгроПродукт» ЖШС) - 29%, Бурабай («ОСКО» ЖШС, «Осипов ЖК», «Kaz Beef Ltd» ЖШС) - 26,7%, Шортанды аудандары («КазГруХолдинг» ЖШС) - 24,3%.

Сонымен бірге, Ақмола облысының Статистика департаментінің мәліметтері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында 2016 жылдың 7 айы ішінде Бұланды ауданында ет (қайта өңделген) 34%-ға, Зеренді ауданында 30%-ға, Шортанды ауданында 8%; шұжық өнімдерінің Аршалы ауданында 29%-ға; Қорғалжын ауданында 20%-ға, Шортанды ауданында 16%-ға төмендеді.

 Сүтті қайта өңдеу

 Өңделген сүт өндірісінің көлемі 38599 тоннаны құрады, бұл 2015 жылдың осы деңгейімен салыстырғанда 17,7%  ға төмендеді, 291 тонна сары май өндірілді, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  30,7% ға төмендеді, ірімшік пен сүзбе өндірісінің көлемі 474 тоннаны құрап, 10,5%-ға өсті.

 Сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының өңделген сүт өндірісі бойынша жүктелімі 50,7%-ды (2015 ж -61,6%) құраса, сары май жүктелімі - 43,2% (2015 ж - 62%), ірімшік пен сүзбе - 70% (2015 ж - 63,6%) болып табылады.

Сүтті қайта өңдеу жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Көкшетау қ ( «Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС) - 44,5%, Зеренді ауданы  («Милк Прожект» ЖШС)- 26,1%,  Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ)- 17,0%; сары май өндірісі бойынша Шортанды ауданы («Харсиев» ЖК)- 36,1%, Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ) - 33,7%, Көкшетау қ   ( «Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС) -22%,-ірімшік пен сүзбе өндірісі бойынша Көкшетау қ. («Гормолзавод» ЖШС, «Молоко Cинегорье» ЖШС)  - 40,9%, Целиноград ауданы (АФ «Родина» ЖШС, «Максимовска сүт зауыты» ЖШС, «Астана Өнім» АҚ)- 21,7%, Шортанды ауданы («Харсиев» ЖК- 13,3%.

2016 жылдың 7 айы ішінде сүт өндірісі (өңделген) Ақкөл ауданында  50%-ға, Аршалы ауданында 7,6%-ға, Есіл ауданында - 17,6%, Жақсы ауданында 4,4%, ға, Целиноград ауданында 12,3%-ға, Шортанды ауданыда 47%-ға, Көкшетау қаласында 33,6%-ға  Аршалы ауданында сары май 46,2%ға, Бурабай ауданында 82,4%ға, Зеренді ауданында 23,5% ға, Көкшетау  қ. 51,9% ға, Целиноград ауданында 19% ға төмендеді.

 Майлы дақылдарды қайта өңдеу

 Өсімдік майының өндіріс көлемі 6205 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі:  Көкшетау қ («Agrimer Astyk» ЖШС) - 58%, Бурабай ауданы («Бота 2015» ЖШС) - 34%.                              

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттарының жүктелімі орта есеппен 61,5%-ды құрады (2015 ж - 28,2%).

 Ұн өндірісі

  Майда тартылған ұн өндірісінің көлемі 258413 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  43,6%-ға өсті

Ұн өндіру жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Атбасар ауданы («Ынтымақ» ЖШС, "Лимар Агро" ЖШС, "Интер-Трайд" ЖШС  және т.б.)-30,8%, Көкшетау қ - 20,2%, Жақсы ауданы («Урожай» ЖШС)- 20,9%, Астрахан ауданы («Колутон-95» ЖШС)- 9,7%, Шортанды ауданы -9,4%.

Өндіріс көлемі Ақкөл ауданында 32,7%-ға, Сандықтау ауданында 36,3%-ға төмендеді.

Ұн өндіретін кәсіпорындардың жүктелімі 46,4% -ды құрады  (2015 ж - 32,8%).

Нан өндірісі

             Нан өндірісінің көлемі 16341 тоннаны құрады,   2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өсті.

        Нан өндіретін кәсіпорындардың жүктелімі орта есеппен 32,2%-ды құрады (2015 ж -31,8%).

         Нан өндіру жағынан негізгі үлес салмақ келесілерге тиесілі: Көкшетау қ- 22,9%, Аршалы ауданы - 15,4%, Бурабай ауданы- 11,0%, Есіл ауданы- 8,8%.

         Өндіріс көлемі Көкшетау қаласында  1,6%-ға қысқартылды.

 

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру

             2016 жылы  сомасы 8,9 млрд. теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған, соның ішінде сомасы 2750 млн. теңгені құрайтын 2 жоба Өңірлік индустрияландыру картасы бойынша іске аспақшы.

         Мал шаруашылығы:

- «А-Лига - НС» ЖШС (Бурабай ауданы, Шучинск қаласы)- 1500 тонна ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған өндірістік кешен, шұжықтар мен жартылай фабрикаттардың өндірісі. Жоба құны- 450,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы (ИИД МБ шеңберінде);

- «Зеренді» асыл тұқымдық шаруашылық» ЖШС (Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы)- 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығы. Жоба құны - 2300 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы; (ИИД МБ шеңберінде);

«Жана Береке»ШҚ(Ерейментау ауданы, Новомарковка селосы)- 3000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы, жылдық қуаттылығы 5 мың тонна болатын етті қайта өңдеу кешені. Жоба құны- 1131,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың 23 маусым айы.

Жылыжай:

"Қазақстанның жылыжа технологиялары" ЖШС (Степногорск қ)  - жылыжай кешенін 6,0 га-ға дейін ұлғайту. Жоба құны - 407,2 млн. теңге. Пайдалануға бері мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Астықты сақтау қоймалары:

"Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қ) - жылдық қуаттылығы  35,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтауға арналған астық сақтау қоймасы. Жоба құны - 900,0 млн. теңге.  Нысан  2016 жылғы 20 маусымдағы нысанды қабылдау актісімен пайдалануға берілді;

 "АКА"  ЖШС (Целиноград ауданы, Тастақ ст) - жылдық қуаттылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын астық сақтау қоймасы. Жоба құны - 352,0 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қазан айы (нысанды пайдалануғка беру бойынша құжаттар дайындалу үстінде);

"Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- 20 мың тонна астыққа арналған элеватор кешені (2 кезең). Жоба құны - 1099,3 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қыркүйек айы;

"ElGrano" ЖШС қкөл ауданы, Ақкөл қаласы)- жылдық қуаттылығы 13,5 мың тоннаны құрайтын дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге, тазартуға, сақтауға арналған элеватор. Жоба құны - 783,7 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Актан Агро" ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 30,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы. Жоба құны 1022,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы;

"Атбасар Ұн"  ЖШС (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы)- жылдық қуаттылығы 12,0 мың тоннаны құрайтын астықты сақтау қоймасы, тәулігіне 150 тонна ұн өндіретін диірмен. Жоба құны- 428,1 млн. тенге. Пайдалануға беру мерзімі 2016 жылдың қараша айы.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:15

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz