A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2015 жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласының дамуы қорытындысы туралы анықтама

Өсімдік шаруашылығы

Аудандар әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес Ақмола облысында 2015 жылы 4,6 млн. га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егісі жүргізілді, соның ішінде 4180,1 мың га жерге дәнді және дәнді бұршақ дақылдары себілді немесе көзделген жердің 100%-ы болып табылады, 245,2 мың га жерге майлы дақылдар, 193,9 мың га алқапқа мал азықтық дақылдар, 18,7мың га картоп және 4,4 мың га жерге көкеністер себілді.  

2015 жылы облыс алқаптарында күрделі фитосанитарлық жағдай орын алды, соның салдарынан егістіктерді ауыл шаруашылығы дақылдарының арамшөптерінен, зиянкестерінен және ауруларынан қоғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

 Мәселен, химиялық өңдеу жұмыстары ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық дерлік алқаптарына, 4,5 млн. га жерге жүргізілді немесе ол көзделген көлемнің 108,3% болып табылады.

 Республикалық бюджет есебінен 374,2 га жерге итальян прусына қарсы қорғаныс шаралары жүргізілді немесе бұл қажетті мөлшердің 100%-ы болып табылады. Облыстық бюджет есебінен 47 мың га алқапқа саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізілді немесе қажетті мөлшердің 100%-ы болды, сондай-ақ 82,6 мың га жерге (100%) бидай трипсіне және 6,4 мың га жерге (100%) шалғын көбелегіне қарсы іс шаралар жүргізілді.  

Септориозға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 814,3 мың га алқапқа жүргізілді немесе 100%. (республикалық бюджет есебінен - 500 мың га, АШТӨ қаражаты есебінен  - 314,3 мың га).

Астық көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 338,8 мың га жерге жүргізілді немесе көзделгенннің 100 %-ы.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2015 жылдың өнімін жинаудың басында  2783,9 мың га дәнді дақылдар егістерінің  (жалпы жинау алқабының 66,6%жай-күйі жақсы болды, в удовлетворительном состоянии - 1256,4 мың га егістің жай-күйі қанағаттанарлық (30,1%) және 107,2 мың га (2,6%) егістің жай-күйі нашар жағдайда болса,  32,6 мың га егістер өліп қалды. (0,8%).

2015 жылы орақ жұмыстарына 8561 бірлік астық жинау комбайндары, соның ішінде 2510 бірлік жоғары өндірісті заманауи комбайндар  жұмылдырылды.  Комбайндардың жалпы дайындық деңгейі 100%.

Қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары мен жинау алқабын есептегенде бір астық жинау комбайнның жүктелімі 484,5 га болды, облыс бойынша бастыру кезінде тәуліктік өнімділікті 170 мың га дейін жеткізуге мүмкіндік болды, яғни өз кезегінде орақ жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.  

Облыс бойынша қолда бар жаткалардың саны 2582 бірлік болды, дайындық деңгейі 100%, жүк автокөліктердің дайындық деңгейі 100қолда бары - 4598 бірлік),  тракторлық тіркелімдер - 100(7465 бірлік.),механикаландырылған қырмандардың дайындық деңгейі (барлығы 479 бірлік)100%, автотаразылар (557 бірлік) - 100% және астықты кептіргіштер (210 бірлік) - 100%.   

 Көктемгі-дала және орақ жұмыстарын жүргізу үшін 2015 жылы ҚР Энергетика министрлігімен облысқа 142 мың тонна дизельдік отынның кепілдендірілген көлемі (Павлодар ПМХЗ -93,0 мың.тонна, Атырау МҚЗ - 46,0 мың тонна, Шымкент  ПКОП - 3,0 мың тонна), соның ішінде көктемгі  дала жұмыстарына 65 мың тонна кепілдендірілген дизельдік отын көлемі, орақ жұмыстарын жүргізуге 77,0 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді, бұл көлемдер аудандарға егістік алқаптары құрылымына сүйене отырып бөлінді.  

2015 жылғы көктемгі-дала және орақ жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-не арзандатылған дизель отынының бағасы 1 тоннасына ҚҚС-ын есепке алғанда 82,0 иың тонна 

Облысқа кепілдендірілген дизель отынын жеткізудің ресурсты ұстаушылары «Қазмұнайгаз» АҚ қайта өңдеу мен маркетинг»,   «Petrosun» ЖШС және «Petroleum Operating» ЖШС белгіленді.

2015 жылғы өнімді қабылдауға жалпы сыйымдылығы 3,9 млн. тонна болатын 60 жұмыс істеп тұрған лицензиялы астықты қабылдау кәсіпорындары ат салысты  (элеваторлы - 2,5 млн. тонна және  қоймалық 1,4 млн. тонна), бұл кәсіпорындар 3,0 млн. тоннадан астам жаңа өнімнің астығын қабылдады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы 1,9 млн. тонна көлемінде астықты сақтайтын астықты сақтау қоймалары бар. 

Облыста жалпы тәуліктің өндірісі 86 мың тонна болатын 210 кептіргіштер (АҚК - 155 бірлікжәне АШТӨ -55  бірлік.) бар.  Орақ жұмыстары басталмас бұрын қосымша 10 дана іске қосылды, бұл  облыс бойынша астықты кептірудің тәуліктік өндірісін 92 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

2015 жылы АӨК саласы жақсы көрсеткіштерге ие болды, мәседен, дәннің жалпы өндірісі 4 млн. 738,6 мың тоннаны (орташа өнімділігі -11,5 ц/га) көрсеттті, 1,6 млн. тонна пішен (1,5-жылдық қор)126,5 мың тонна пішендеме (қажеттіліктің 105,6%және  95,9 мың тонна сүрлем дайындалды  (100%). Майлы дақылдардың жалпы түсімі 122,7 мың тоннаны құрады, өнімділігі - 5,3 ц/га. 248,3 мың тонна картоп (өнімділігі - 139,5 ц/га) және   62,4 мың тонна  көкеністер дайындалды (өнімділігі - 146,5 ц/га).

Мал шаруашылығы

Ақмола облысы ірі агроөнеркәсіптік өңірлердің бірі болып табылады. Облыстағы АӨК-нің негізгі бағыттарының бірі облыстың табысты түрде дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан мал шаруашылығы саласы болып табылады.

Ақмола облысы өңірінің мал шаруашылығы саласының дамытудың негізгі бағыты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға негізделген, мұнда негізгі мақсат облыстың, астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мал шаруашылығында малдардың барлық түрлерінің санының, өнімнің негізгі түрлері өндірісінің  өсімі қамтамасыз етілді.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының  негізгі түрлерінің саны 3%-ға дейін, құстардың саны 15,4%-ға дейін өсті  (ІҚМ -385,2 мың бас немесе 102,8%, қойлар мен ешкілер -492,7 мың бас  немесе 100,3%, құс-5027,4 мың бас  немесе 115,4 %, жылқылар-141,4 мың бас  немесе100%, шошқалар-113,2 мың бас немесе100%).

Ауыл шаруашылығы  өнімдерінің өндірісінде сондай-ақ келесі нәтижелерге де қол жеткізілді.  Мәселен, сүт өткен жылдың қорытындысы бойынша 9,2 мың тоннаға артық өндіріліп, 359,0 мың тоннаға жетті (2,6%-ға өсті), ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бұл көрсеткішдің өсімі 23%-ға жетіп  55,4мың тоннаны құрады.  Ет 5,6 мың тоннаға артық өндіріліп 51,7 мың тоннаны құрады (12,1%-ға өсті), ұйымдық шаруашылықтарда бұл көрсеткіштердің өсімі 54%-дан артық болды, тауық жұмыртқасы 33,5%-ға артық өндіріліп бұл көрсеткіш 780,0 млн. данаға дейін жетті.  

Мемлекет басшысының ірі тауарлық өндірісті дамыту және ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша қойылған міндеттерге сәйкес облыста Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр, облыс бойынша барлық бағдарламалық іс шаралар негізінен орындалып шықты.  

Асыл тұқымды мал санын көбейті мақсатында, бағдарлама іске асырылғаннан бері облысқа 12,3 мың бас шетел селекциясынан шыққан импорттық жас асыл тұқымды сал әкелінді,  ет бағытындағы 23 репродукторлық шаруашылық ұйымдастырылды.

Мал бордақылау алаңдарының желісі құрылды, соның ішінде  18,5 мың бас ірі қара малды бір уақытта бордақылайтын  7 инфрақұрылымы дамыған ірі мамандандырылған мал бордақылау алаңы бар.

             Сонымен қатар, бағдарламалық іс шаралардың бірі тауарлық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы болып табылады.  Аталмыш бағдарламада 22,5 мың бастан астам ірі қара малдың аналық мал басын сатып алған 334 шаруашылық қатысты.  Соның ішінде 2015 жылы жоспарланған 3,8 мың бас аналық малдан, 3,9 мың бас сатып алынды, жоспардың орындалу көрсеткіші   104,3% болды. Сонымен қатар, облыстың АШТӨ өз қаражаты есебінен 2 359 бас сиыр мен  1 057 бас  бұқа сатып алды.

             Қазір жергілікті нашар тұқымды малды тұқымдық түрлендіру жұмыстарына көп назар аударылып жатыр.  Мәселен, жүргізілген жұмыстардың және субсидиялау түрінде көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында тұқымдық түрлендіру процесіне тартылған аналық мал басының өсу беталысы байқалады. Мәселен, өткен жылы тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 57,2 мың бас ірі қара малдың 18 айдан асқан аналық мал басы мен 2,0 мың бас етті асыл тұқымды бұқалар тартыллы. 2015 жылжың шағылыстыру кезеңінде облыстың жалпы аналық мал басы санынан тұқымдық түрлендіруге қатысқандардың үлес салмағы  31,8%-ды құрады, бұл облыстың жылдық қорытындысы бойынша Республиканың ішінде екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

             Ұйымдық шаруашылықтарда өнімдерді өндіру көлемі барынша өсуіне қарамастан, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі өндірушілері халық шаруашылығы болып табылады, шаруашылықтың бұл санаты назардан тыс қалмайды. Халық шаруашылығында нашар тұқымды малдарды сапасын жақсарту мақсатында халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының малдарынан қалыптастырылған  қоғамдық табындарда шағылыстыру үшін асыл тұқымды бұқалар қолданылады.  Осы мақсатта ағымдағы жылы қоғамдық табынға 388 жоғары бағаланатын асыл тұқымды бұқалар берілді.

             Облыстың тауар өндірушілері басқа да салалық бағдарламаларға  белсене қатысып отырады:

             -  «Алтын Асық» бағдарламасы шеңберінде  6,7 мың бас сатып алу жоспарланып, 6,9 мың сатып алынды. Осылайша, жоспарлық көрсеткіштердің орындалу деңгейі 103%-ды көрсетті. Сонымен қатар, облыстың АШТӨ өз қаражаты есебінен 4964 бас қой,  соның ішінде 3 899 бас аналық қой және 1 065 бас қошқар сатып алынды.

             - «Құлан» бағдарламасы. Аталмыш кредит өнімі жылқылардың аналық басы мен айғырларды сатып алуға бағытталған. Сатып алу жоспары -  1,0 мың бас, нақты 2,5 мың бас сатып алынды, яғни жоспарланған көрсеткіштен 2,5 есе артық болып табылады.  Сонымен қатар,  өз қаражаты есебінен 369 бас жылқының аналық басы мен 64 бас айғыр сатып алынды.

- «Ырыс» бағдарламасы . Аталмыш бағдарлама шеңберінде өңірде соңғы жылдары сүт саласыы белсене дамып келеді. Мәселен, 2015 жылы 14 сүтті - тауарлы ферма құру жоспарланды, жоспарды орындау көрсеткіші  100%болды.  Соның ішінде өз қаражаты есебінен 10 СТФ және кредиттік қаражат есебінен 4 сүтті тауарлы ферма пайдалануға берілді.

         - Қажетті инфрақұрылымдардың құрылысын қоса отырып,  жайылымдарды сумен қамткамасыз ету көздерін салу арқылы жайылымдарды суландыру бағдарламасы.  Мал шаруашылығы саласын дамыту нәтижесінде жайылымдық жерлердің жетіспеу мәселесі өзекті болып отыр.  Осыған байланысты Республикада  аталмыш бағдарлама енгізілді, бұл бағдарлама шеңберінде 18 ұңғыма салу жоспарланса, қазіргі уаұытта 26-сы салынып  жоспардың 144%-ы орындалды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында  құс шаруашылығының дамуы да өз қарқынын алды. 2015 жылы «ҚазГер Құс» ЖШС-нде тауық жұмыртқасы өндірісінің екінші кезегі іске қосылды, нәтижесінде жұмыртқа өндірісі екі есе ұлғайып, жылына 300,0 млн. данадан артық көрсеткішке ие болды.

Сонымен қатар, жобалық қуаттылыққа  құс етін өндіретін фабрика «Астраханская птица» ЖШС шықты және  «Капитал проджект ЛТД» ЖШС құс фабрикасы пайдалануға берілді,  екі құс фабрикасы іске қосылғанның арқасында құс еті өндірісінің көлемі облыс бойынша 3,6 мың тоннаға  немесе 187,7%-ға артты. 

Қайта өңдеу

Ақмола обылсында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 319кәсіпорын айналысады, соның ішінде:

15 кәсіпорын  етті қайта өңдеу бой         ынша, жылдық өндіріс қуаттылығы 19,0 мың тонна;

14 кәсіпорын  сүт өнімдерінің өндірісі бойынша, жылдық өндіріс қуаттылығы 132,6  мың тонна;

55 ұн тарту кәсіпорындары  жылдық өндірістік қуаттылығы 954,0       мың тонна;

220  кәсіпорын  нан-тоқаш бұйымдарын пісіру бойынша  жылдық өндірістік қуаттылығы 89 мың тонна;

15 цех  басқа өнімдерді өндіру бойынша.

2015 жылғы қорытынды бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірген өнімдерінің көлемі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,4%-ға өсіп,   52,2 млрд. теңгеге жетті.

Сонымен бірге  ет бұйымдарының өндірісі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға (8 млрд. теңге), сүт өнімдері 3 %-ға (13,6 млрд. теңге) өсті.

Тағамдық өнімдер өндірісінің құрылымының негізгі үлес салмағы астықты қайта өңдеу саласына- 29,6%, сүт - 26,0%, етті қайта өңдеу - 15,3%, нан мен на-тоқаштық бұйымдар - 8,0%, басқа салаларға -21,1% тиесілі.

Инвестициялық жобалар

2015 жылы сомасы 22,2 млрд. теңгеге 14 жоба іске асырылды,  246 жаңа жұмыс орындары құрылды. 

Сүтті мал шаруашылығы бойынша  сомасы 254,1 млн. теңгеге 1 жоба:

«Камышенка» ЖШС - сүтті -тауар фермасын 600 бас сүт бағытындағы ІҚМ-ға дейін кеңейту бойынша жоба (Астрахан  ауданы, Камышенка а), жоба құны - 254,7 млн. теңге, 18 жаңа жұмыс орны құрылды.

Құс шаруашылығы бойынша сомасы 15 175 млн. теңгеге 2 жоба:

«Capitalprojects LTD» ЖШС - сомасы 12 796 млн теңгеге жылына 20,0 мың тоннаға дейін ет өндіру қуаттылығы бар  бройлерлі құс фабрикасының құрылысы (Целиноград ауданы,  Ақмол а);

«Қазгер Құс» ЖШС - екінші кезекті құс фабрикасының құрылысы (Еңбекшілдер ауданы, Степняк а), жоба құны - 2379,0 млн. теңге, 88 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сомасы 6 777,4 млн. теңгеге 11 астықты сақтау қоймасы:

«Ақмола Бидай» ЖШС - сыйымдылығы 30,0 мың тонна астық сақтауға арналған астықты сақтау қоймасы мен қуаттылығы тәулігіне 160,0 тонна ұн өндіретін диірмен кешенінің құрылысы. (Көкшетау қ). Жоба құны - 1169,2 млн. теңге. 75 жаңа жұмыс орны ашылды;

«Алтын Дән» ЖШС - қуаттылығы 24,6 мың тонна болатын дәнді және майлы дақылдарды сақтауға, тазартуға, қабылдауға, кептіруге және тиеуге арналған  астықты сақтау қоймасының құрылысы (Есіл ауданы, Ковыльное а). Жоба құны  - 1200,0 млн. теңге.  7 жаңа жұмыс орны ашылды;

«Ринар» ЖШС  - сыйымдылығы 12,0 мың тонна астыққа арналған элеватор кешенінің құрылысы (Атбасар ауданы, Атбасар қ). Жоба құны  - 412,0 млн. теңге. 5 жұмыс орны құрылды;

«ХПП Арна» ЖШС  - элеватор кешенін  астық сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін кеңейту  (Бұланды ауданы, Макинск қ). Жоба құны  - 196,3 млн. теңге. 3 жұмыс орны құрылды;

«АФ «Актык» ЖШС  астық сақтау қоймасының ыдыстарын 10,0 мың тоннаға дейін кеңейту (Целиноград ауданы, Жайнақ ст.). Жоба құны  - 143,5 млн. тенге. 5 жұмыс орны құрылды;

«Агрофирма Родина» ЖШС - 20,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Целиноград ауданы, Ақмол ауылы). Жоба құны  - 543,3 млн. теңге.  6 жұмыс орны құрылды;

«Пигас» ЖШС - 30,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Ақкөл ауданы, Ақкөл қ). Жоба құны  - 587,1 млн. теңге. 12 жұмыс орны құрылды;

«Алтэко Агро» ЖШС -  6,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Көкшетау қ). Жоба құны  - 212,1 млн. теңге. 7 жұмыс орны құрылды;

«Ирченко элеватор» ЖШС - 20,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Атбасар ауданы, Атбасар қ). Жоба құны    - 1096,7 млн. теңге. 8 жұмыс орны құрылды;

«Эльнур Адил Групп» ЖШС - 20,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Зеренді ауданы, Азат ст ). Жоба құны      - 772,7 млн. теңге. 9 жұмыс орны құрылды;

«Жасылское ХПП» ЖШС - 10,0 мың тонна астықты сақтауға арналған астықты сақтау қоймасының құрылысы (Атбасар ауданы, Атбасар қ). Жоба құны    - 444,5 млн. теңге. 3 жұмыс орны құрылды.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:10

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz