A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2014 жылдың 9 айына әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы туралы анықтама

2014 жылдың 9 айына әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы туралы анықтама

 

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, статистикалық деректер бойынша, 2014 жылдың 9 айында 155504,2млн. теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында - 101165,9 млн. теңге, мал шаруашылығында - 54050,1 млн. теңге, қызметтер -    288,2 млн. теңге.

 

Өсімдік шаруашылығы

 

Облыс бойынша дәнді және бұршақ дәнді дақылдардың ору алқабы  4171,9 мың ганы құрайды, ол өткен жылғы деңгейден 70,9 мың га төмен. Бидайдың ору алқабы 3665,8 мың ганы алады, ол өткен жылғы алқаптан 69 мың га төмен. Жемдік астық дақылдарынан: арпа 446,9 мың га алқапқа және сұлы 38,1 мың га алқапқа себілді, ол жалпы алғанда өткен жылғы деңгейде.

Майлы дақылдар 346,7 мың га алқапқа себілді,  олардан күнбағыс 60,1 мың ганы алады, зығыр 217,8 мың га, жаздық рапс 34,4 мың га, жалпы ол өткен жылғы көрсеткіштен 94,5 мың артық.

Картоптың жинау алқабы 18,5 мың ганы құрады,  олардан жедел деректер бойынша ағымдағы жылдың 11 қазанына жиналған алқап  18,5 мың га  немесе 100%, орташа 115,8 ц/га өнімділік кезінде. Көкөністердің жинау алқабы 4,5 мың ганы құрады,  олардан жедел деректер бойынша а.ж. 11 қазанына 4,5 мың га  жиналды немесе 100%, орташа 101,3 ц/га өнімділік кезінде.

Ағымдағы жылдың 11 қазанындағы жағдай бойынша дәнділер 3548,8 мың га алқаптан жиналды немесе ору алқабының  85,1%.

Облыс бойынша дәнділердің жалпы түсімі  4147,71 мың тонна, орташа облыстық өнімділік - 11,7 ц/га кезінде. (2013 жылы ұқсас күнге 4685,4 мың тонна бастырылған болатын, 12,3 ц/га өнімділік кезінде.)

Майлы дақылдардың жалпы түсімі облыс бойынша  46,1 мың тоннаны құрап отыр, орташа облыстық өнімділік - 7,2 ц/га.

2015 жылдың өніміне 575,4 мың га сүрі жер өңделді.

Ағымдағы жылы сүдігер жырту 779,4 мың га алқапта көзделіп отыр, 11.10.14 ж. жағдай бойынша 392,3 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 50,3% құрайды.

Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау

Ауылшаруашылық жерлеріне зиянкестердің қоныстануы мен аурулар жұқтыруын уақытында анықтау мақсатында жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі.  Оның нәтижесі бойынша химиялық отау көлемдерінің жыл сайын арту үдерісі байқалады. Өткен 2013 жылмен салыстырғанда химиялық отаудың артуы 128 мың ганы құрады. Арам шөп өсімдіктеріне қарсы гербицидтермен барлығы 3851,7 мың  га  өңделді немесе көзделген көлемнің 118,1 %.

 

Мал азығын дайындау

Ағымдағы жылдың 10 қазанындағы жағдай бойынша 1559,3 мың тонна пішен дайындалды, ол жалпы жылдық қажеттіліктің 150,1%-ын құрайды. Облыстың басқа азықтарға қажеттілігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі, ол мал мен құстың бас санын сақтауға және келесі жылы арттыруға мүмкіндік береді.

 

Тұқым шаруашылығы

2015 жылдың өніміне жалпы облыс бойынша а.ж. 11 қазанындағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың 493,1 мың тонна көлеміндегі тұқымы құйылды немесе қажеттіліктің 97,0%. Қазіргі уақытта тұқым партияларын қалыптастыру, оларды себу кондициясына жеткізу және қоймаларға енгізу жүргізілуде.

«Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау мен қайта аттестаттау жүргізіледі.

 
Материалдық-техникалық база

Ауылшаруашылық техникасының жөндеуі ұйымдастырылды және белсенді жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша машина-трактор паркінің дайындығы 100 пайызды құрайды.

Қолда бар 8638 бірлік егін ору комбайындарынан, дайындық - 100%,  1194 бірлік импорттық комбайндар  толық дайындалды. Дестелегіштердің қолда бары - 2576 бірлік, дайындығы - 100%, қолда бар   4247 жүк автомобильдері мен 8118 бірлік трактор тіркемелерінен, дайындық - 100%-ды құрайды. Барлық қолда бар трактор - 17141 бірлік, дайындықтары - 100%.

Ауылшаруашылық техникасының жөндеу толық аяқталды. Дилерлік компаниялар базасында механизаторларды жаңа өнімділігі жоғары техникада оқыту жүйелі түрде жүргізіледі. Жаңа өнім астығы мен тұқымды сенімді сақтау және толассыз өңдеу үшін қоймалардың, асфальтталған алаңдардың, астық тазалау техникасының, таразы шаруашылығының күрделі және ағымдағы жөндеулері жүргізілді. Қолда бар 522 мехеникаландырылған қырманнан, дайындық - 100%, 603 автотаразыдан, дайындық - 100%, 190 астық кептіргіштердің дайындығы 100%-ды құрайды. 

 
ЖЖМ қамтамасыз етілу

2014 жылдың көктемгі-дала және орақ жұмыстарын жүргізу кезеңінде облыстың аудандары 150,6 мың тонна көлеміндегі дизель отынына қажеттілікті толық қамтамасыз етті. Оның негізгі бөлігінің орны Республика Үкіметінің МӨЗ-ден бөлген 137,0 мың тонна көлеміндегі дизель отынының кепілді көлемдері есебінен толтырылды, оларға ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен операторлар толық көлемде төлем жүргізді, а.ж. 11 қазандағы жағдай бойынша жеткізілгені -   131,8 мың тонна.

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Ақмола облысына «Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнімінің сапасын жоғарылатуды, көктемгі-егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін қажет жанар-жағар май материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 3970,0 млрд. теңге сомаға субсидия бөлінді, 100% игерілді.

 

Элеваторларды астық қабылдауға дайындау

Ауыл шаруашылығы басқармасы 2014 жыл астығын қабылдау, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту бойынша жұмыс жүргізетін 58 АҚК материалдық-техникалық базаның біліктілік талаптарына сәйкестігін және 2014 жыл өнімі астығын қабылдауға дайындығын тексеру бойынша жұмыс жүргізді. Мәселен, ағымдағы жылдың 11 қазанындағы жағдай бойынша облыстың элеваторларында 1504,3  мың тонна астық бар.

 

Мал шаруашылығы

 

Статистикалық деректер бойынша а.ж. 1 қазанындағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ІҚМ бас саны 397,9 мың басты құрады (өткен жыл деңгейінің 105,1%), соның ішінде сиырлардың бас саны -181,2 мың бас (107,4%).

Облыс бойынша шошқаның саны - 118,1 мың бас (86,7%). Қой мен ешкінің бас саны облыс бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артып, 521,0 мың басты құрады (105,9%), жылқының бас саны - 140,8 мың бас (106,0%), құстың бас саны - 4424,9 мың бас (132,4%)

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағына облыста союға тірі салмақта  57,6 мың  тонна ет өткізілді (102,1%), сауылған сүт - 276,7 мың тонна  (105,0%), 427,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді (107,8%).

Өсірілетін малдың асыл тұқымдық әлеуетін жақсарту жөніндегі бағыттардың бірі қара мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыруды жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта облыста 32,8 мың бас сиыр мен тайынша қолдан ұрықтандырылды. Жалпы облыс бойынша аналықтар бас санын қамту 19,4%-ды құрайды.

Халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, ол үшін облыстың аудандарында 184 сүт сатып алу пункті ұйымдастырылды, соның ішінде  21  стационарлық,  олар шикізатты сақтау мен жинау үшін тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған.

Жыл басынан халықтан барлығы 129,2 мың тонна мөлшерінде сүт сатып алынды (жоспардың 91,3%). 

Етті қара мал шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыру туралы

Ақмола облысында «2011-2015 жылдарға арналған етті қара мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» әзірленді және жұмыс істейді, ол облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 4С-33-6 шешімімен бекітілген.

Осы бағдарламаға сәйкес жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың барлық кешені жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облысқа 2010 жылдан 2013 жылға дейін 12 241 мың бас ІҚМ әкелінді, с.і.  2010 ж. -1991 бас, 2011 ж. - 6502 бас және 2012 ж. - 3155 бас,   2013 жылы шетелдік селекцияның ет бағытындағы 593 бас ІҚМ әкелінді.

2014 жылдың басына асыл тұқымды барлық ІҚМ бас саны 59,1 мың басты құрады немесе жалпы мал басы санының 16,6%.

Облыста ет бағытындағы 23 шаруашылық-репродуктор жұмыс істейді, с.і. 19 шаруашылық шетелдік селекцияның малын өсіреді.

2011-2013 ж.ж. репродукторлар облыстың тауарлық шаруашылықтары мен Республиканың басқа өңірлеріне  2,3 мың басқа тарта мөлшерде асыл тұқымды төл өткізуді жүргізді.

Облыста жалпы қуаттылығы   18,0 мың бастың 7 бордақылау алаңы құрылды - Еңбекшілдер ауданының «KazBeef LTD» ЖШС мен Қорғалжын ауданының «Агро Эксперт ЛТД» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон -04» ЖШС, Есіл ауданының «Заречный» ЖШС мен Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС. Одан өзге, облыста тағы 24 шағын және орта бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Облыстың барлық 31 бордақылау алаңының жалпы қуаттылығы 26,3 мың бастан астамды құрайды.

ІҚМ тауарлық мал басы санын арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 264 шаруа қожалығы 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде 16,2 мың бастан астам аналықтар бас саны мен 582 бас асыл тұқымды аталық бұқа сатып алды. Соның ішінде ағымдағы жылы 947 аналықтар бас саны мен 50 аталық бұқа сатып алынды.

 

Ветеринария

Мал сою пункттерінің (алаңдарының) құрылысы бойынша: қазіргі уақытта       4 нысан пайдалануға берілді, соның ішінде 1 мал сою пункті мен 3 мал сою алаңы. 2014 жылдың 1 қазанына барлығы  - 146  мал сою нысаны, соның ішінде - 10 ЕҚӨК, 10 мал сою пункті және 126 мал сою алаңы.

Эпизоотиялық жағдай: ағымдағы жылдың 9 айында ауылшаруашылық малдарын сібір жарасына қарсы вакциналау бойынша ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы ІҚМ 107,6% құрайды, ІҚМ құтыруына қарсы - 110,8%, жылқыны маллеиндеу  - 106,5 %, иттерді дегельминтизациялау - 119%, ІҚМ туберкулинизациялау - 101,9%.

Соның ішінде Ақмола облысы бойынша ірі қара малдың бруцеллезіне қан сынамасы әкелінді және тексерілді - 291,4 мың бас, ол 104,3%-ды құрайды, ұсақ қара мал -  379,5 мың бас, ол  110,5%-ды құрайды.

Ауылшаруашылық малдарын сәйкестендіру: ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыс бойынша 108593 бас ірі қара мал биркаланды, ол 97,8%-ды құрайды, ұсақ қара мал 156769 бас, ол 107,6%-ды құрайды, шошқа 50694 бас, ол 105,1%-ды құрайды, жылқы 31267 бас, ол 56,2%-ды құрайды, түйе 32 бас, ол 133,3%-ды құрайды.

 

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру

 

Ақмола облысын дамытудың басым бағыты Астана қ. төңірегінде азық-түлік белдеуін құру болып табылады. Облыстың әр ауданы бойынша аграрлық секторды дамыту бағыттары, көрсеткіштер, азық-түлік белдеуін құруға қатысатын кәсіпорындар белгіленді.

«Астананың азық-түлік белдеуін» дамыту шеңберінде Ақмола облысының аумағында  2009-2013 жылдары 49,7 млрд. теңге жалпы сомаға 72 инвестициялық жоба (бұдан әрі - Жоба) жүзеге асырылды.

Жүзеге асырылған 72 жобадан 39 жоба  20,5 млрд. теңге  сомаға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қолдауын алды («Қазагроқаржы» АҚ - 20, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ -19).

2014 жылға өңірде ауыл шаруашылығы саласында 12,2 млрд. теңге сомаға 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, с.і.:

3 етті мал шаруашылығы бойынша жоба 2207,5 млн. теңге сомаға;

3  құс шаруашылығы бойынша жоба 4622,0 млн. теңге сомаға;

2 сүтті қайта өңдеу бойынша жоба 813 млн. теңге сомаға;

2 астықты қайта өңдеу бойынша жоба 1365,0 млн. теңге сомаға;

10 жоба сыйымдылығы 206 мың тонна астық қоймасының құрылысы бойынша 3306,0  млн. теңге сомаға.

Олардан 3,0 млрд. теңге сомаға 7 жоба пайдалануға берілді:

- «Агрофирма Ақтық» АҚ - сыйымдылығы 20,0 мың тонна астық қоймасының құрылысы, (Целиноград ауданы, Жайнақ с.);

- "Зерновой двор" ЖШС - 9 мың тонна астыққа элеватор кешенінің құрылысы, (Атбасар ауданы, Атбасар қ.);

- "Логос - Трейд" ЖШС - астық қоймасының қуаттылығын жылына 60 мың тоннаға дейін кеңейту, (Бұланды ауданы, Журавлевка с.);

- "Свободное" ЖШС - қуаттылығы 18,0 мың тонна астыққа астық қоймасының құрылысы, (Сандықтау ауданы,  Максимовка с.);

- "EcoMilk"  ЖШС - сүт зауытының құрылысы, қуаттылығы тәулігіне  100 тонна (Ақкөл ауданы, Ақкөл қ.);

- "Agro Trading-2007" ЖШС - құрамажем зауытының құрылысы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       (Көкшетау қ., Станционный кенті);

- "ТиянакTrade" ЖШС - асыл тұқымды қаз өсіру және көбейту,                (Ерейментау ауданы, Торғай с.).

 

«2014 жылдың 9 айына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» әкімдік қаулысының жобасына ұсыныстар және 2014 жылдың 4-тоқсанына негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша негізгі міндеттер мен қолданылудағы шаралар

 

Аудандар мен қалалардың әкімдері Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп шара қолдансын:

- күзгі-дала жұмыстарының агроіс-шараларының барлық кешенін аяқтау бойынша;

- сақтандыру қорын ескере отырып, 2015 жылдың егін егу науқанын өткізу үшін тұқымдық материалмен қамтамасыз ету және себу кондициясына жеткізу бойынша;

- 2015 жылдың егісіне жерді дайындауды қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде сүдігер жырту бойынша;

- 2014-2015 жылдардың мал қыстату кезеңінде ауылшаруашылық құрылымдарда аналықтар бас санын сақтау және мал мен құстың барлық түрлерінің бас санын, мал шаруашылығы өнімін өндіруді, ауылшаруашылық малдарының өнімділігін жоғарылатуды ары қарай арттыру бойынша;

- Астана қ. төңірегінде азық-түлік белдеуін құру және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржы институттарымен бірлесіп бәсекеге қабылетті өндірістер құруға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ары қарай жандандыру бойынша;

-  ауыл шаруашылығын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден мақсатты ағымдағы трансферттерді мақсатты пайдалану және игеру бойынша.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 15:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 15:52

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz