A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2015 жылғы 1 тоқсандағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік - экономикалық дамуының анықтамасы

2015 жылға арналған егіс алқабының болжам құрамы

 2015 жылы облыс бойынша  облыста 4,6 млн. га. аумағында жазғы егіс өткізу жоспарланып отыр, соның ішінде дәнді және бұршақ- дәнді дақылдар 4,2 млн. га (өткен жылдың көрсеткішінен 9,9 мың га төмен) жерде орналастырылатын болады.

Майлы дәнді-дақылдары  290,9 мың га (өткен жылдың көрсеткішінен 55,7 мың  га төмен) аумағында орналастыруы жоспарланып отыр.

Анықтамалық: күнбағыс  - 39,4 мың га,  қыша - 27,3 мың га, соя - 1,9 мың га, рапс - 32,0 мың га, сафлор - 1,8 мың га мен зығыр - 188,5 мың га  аумағында.

 Азық дақылдарының жазғы егіс өткізілуі өткен жылдың деңгейінде, 197,2 мың га аумағында орналастыру жоспарланып отыр. Өткен жылдың көп жылдық шөптерін ескере отырып, облыс бойынша жемшөіптік жалпы аумағы  561,4 мың га құрайтын болады, бұл көрсеткіш облыстық егістіктің  2014 жылғы деңгейінен 31,7 мың га немесе 10,1 % жоғары.

Сонымен қатар, а.ж. басым дәнді-дақылдардың егістікке белгіленген аумақтары 2015 жылдың өндірісті жан жақты дамыту Меморандумның көрсеткішінен төмен: жемшөптік бойынша-  62,5 мың га-ға,  қартоп бойынша  1,0 мың га-ға әне көкөністер бойынша - 1,2 мың га-ға.

Сондықтан экономикалық ынталандыру есебінен ағымдағы жылда аумақтарды  келесі жеткізуі жоспарда:

1) жемшөптік (көп жылдық шөптерді ескере отырып) 624,0 мың га, сондай-ақ ағымдағы жылдың жемшөптің жазғы егістігі  -  265,6 мың га, құрайды.

2.) картоп (халық санын  ескере отырып) - 19,5 мың га;

3) көкөністер(халық санын  ескере отырып)  - 5,6 мың га.

Жалпы жоспарланған а.ж. дәнді-дақылдардың аумағынан басқа ауыл шаруашылық дақылдарының егістік аумақтары 2015 жылдың өндірісті жан жақты дамыту  Меморандумның көрсеткіші  деңгейінде болады.

         2015 жылғы астығына тұқымдық материалын дайындау

Облыс бойынша егістік компаниясын өткізу үшін тұқым мұқтаждығы 523,6мың тонна құрайды, 523,6 мың тонна (100%) нақты себілді.

6.04.2015 жылдың хал ахуалы бойынша толық талдауға 551,4 мың  тонна (құйылған тұқымның жалпы көлімінен 105,3 % )берілді, соның ішінен толық талдауға ұсынылған 524,6 мың  тонна немесе 95,1%  тексерілді,  олардан кондицияға сәйкес 515,0 мың  тонна немесе 98,2%, соның ішінде 1 және 2 класқа сәйкес келген 425,7 мың  тонна немесе 81,1% құрады.

Одан басқа, тұқым шаруашылығындағы аттестацияланған субъектілерінде,сақтандыру қордың 103,1 мың тоннасын ескере отырып, іске асыру үшін дәнді-дақылдарды себілуі күтілуде.

Осы тұқым көлемінің негізгі облыс аумағында іске асырылатын болады, өйткені тұқымдардың сұрыптарын жаңартыуын өткізу керек және кондицияға сай емес(негізгісі өнгіштік бойынша) тұқымдарды кондицияға сәйкес тұқымға ауыстыру қажет. А. ж. 3 сәуірдегі хал ахуалы бойынша ауыл шаруашылық тауар өңірдің өндірушілері тұқым шаруашылығындағы аттестацияланған субъектілерімен 8,9  мың тонна көлемінде тұқым сатып алу үшін келісім шарттар бекітілді.

Жалпы тұқымның қоса себілгені және АШТӨ шаруашылық ішінде айырбастау есебінен көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін тұқым мұқтаждығын қамтамасыз етіледі.

«Казагрэкс» АҚ алдын ала және толық талдауға 2015 жылғы астық есебіне тұқым себу мәселесі мен тұқымды тапсыруы ауыл шаруашылық басқармасының жіті қадағалауында тұр.

          Ауыл шаруашылық техникасын дайындау

         Биылғы жылдың егістік компаниясында 17,0 мыңнан астам тұқым сепкіш бірлігі және 1000- нан астам астам жоғары өнімді себу кешендері қатысады.  Егін егу компаниясы облыстық  ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қосымша 30 егістік кешендерін сатып алу жоспарланып отыр.

          Облыс бойынша 2015 жылғы 6 сәуірге машина-тракторлар паркінің жалпы дайындығы 97-100% , соның ішінде: трактірлер - 97%, ауыр жүк автомобильдер - 98%, тракторлық тіркегіштер - 97%, топырақ өңдеуші техникасы - 98%, сепкіштер - 98%, егістік кешендер - 100%.

       

 Жанар жағар май материалдары

          Облыстың көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін жанар жағар май материалдарына мұқтаждығы: дизельдік отын-- 78,1 мың тонна;  бензин - 8,4 мың тонна; май - 4,4 мың тонна құрады.

А.ж. 6 сәуірінің хал ахуалы  облыстың ауыл шаруашылықтарында дизельдік отын-22,4 мың тонна немесе қажеттілікке 28,7% , бензин 3,7 мың тонна  (44%), дизельдік отын 2,1 мың тоннаны (48%) құрады.

Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігімен облыстық көктемгі-дала жұмыстарына 65 мың тонна кепілдік дизельдік отынның  көлемі(Павлодар ПНХЗ -44,0 мың тонна, Атырау НПЗ - 21,0 мың тонна), соның ішінде: ақпан  - 7,0 мың тонна, наурыз -12,0 мың тонна, сәуір - 25 мың тонна, мамыр - 21 мың тонна бөлінді.

2015 жылғы  көктемгі-дала жұмыстарын өткізу мақсатымен,а. ж. наурыздың аяғына дейін бір тоннаға СҚҚ қоса  -  82,0 мың теңге құрайтын, АШТӨ үшін дизельдік отынының арзан бағасы бекітілді. Облыстың дизельдік отыны бойынша қорұстаушысы «Қазмұнайгаз» АҚ  қайта өңдеу мен маркетинг», «Petrosun»ЖШС мен «Petroleum Operating» ЖШС бекітілді.

Дизель отынының кепілдік көлемінің ақпан,наурыз,сәуір айлары көлемінің  44 тоннасынан 20,6 мың тоннасы  төленді және  16,9 мың тоннасы тиеліп жөнелтілді.

         Жалпы облыс бойынша жанар - жағармай материалдарымен қамту жөнінде мәселелер туғызбайтыны күтілуде.

 

Экономика

2015 жылғы 1 тоқсаны бойынша ауыл шаруашықтың облыс бойынша жалпы өнімі 15727,7  млн. теңгені құрайды, соның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 370,6 млн.теңге, мал шаруашылығы - 15354,7 млн.теңге.  

Нақты көлем индексі - 108,8 % құрады.

2015 жылы ауыл шаруашылықтың дамуына  16,2 млрд. теңге, соның ішінде өсімдік шаруашылығына 10,1 млрд. теңге, мал  шаруашылығына 5,2 млрд. теңге және инвестициялық салымдардың шығындарын өтеу мақсатымен, қайта өндеу кәсіпорындардың, сақтандыру мен займдарды кепілдендіруге 0,9 млрд.теңге сомасына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Ақмола облысы көктемгі-дала жұмыстарын кредиттеу бағдарламасы бойынша ««Есіл» ҰК» ӘКК»  АҚ кепілдігімен 5,0 млрд. теңге бөлінді. Облыстың АШТӨ 2015 жылғы 6  сәуірдің хал ахуалы бойынша «« Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ -мен 3,9 млрд., теңге сомасына өтінімдер берілді. 06.04.2013 ж.облыстың АШТӨ  - 2,7 млрд. теңге сомасына кредиттік қаржы бөлінген.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректемелер негізінде ІҚМ-ның жалпы саны облыстың барлық шаруашылықтарында 2015 жылғы 1 сәуірдегі хал ахуалы бойынша 425 605 басты (өткен жылдың деңгейіне 104,8% ), соның ішінде сиырдың саны  -181 838 басты (104,9%) құрайды.

Облыс бойынша шошқалар саны 135 003 (100,4%)  басты құрады. Облыс бойынша ешкі мен қой бастары  өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда көбейді және 562 860 (108,1 %) басты құрады.

Облыс бойынша жылқы саны 142 545,0 (111,0 %) басты құрады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі хал ахуалы бойынша сойылымға тірі салмақпен  21052,7 тонна (108,9%) ет жіберілген, сауылған сүт - 53235,6 тонна  (106,2%), өндірілген жұмытқа - 160,1 млн.дана (131,0 %) құрады.

2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін «Сыбаға»бағдарламасы бойынша ІҚМ қарабасын көбейту мақсатымен, 281 шаруа қожалықтарымен 19,4 мың бас аналық және тұқымды аталық өгіздердің 645 басы сатып алынды.

Облыс бойынша тұқымды малдың саны 61,9 жетті немесе  жалпы қарабас санынан 16,6%  құрады. Облыста ет өндірісіне бағытталған 23 репродуктор-шарыашылық істейді, соның ішінде 19 шаруашылық 19 шарыашылығы шет елдік селекциясының малын өсірумен айналысады. 2011-2014 ж.ж. аралығында репродукторлармен тауар шаруашылықтарға және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне де 6,0 мың қарабасын, соның ішінде 2014 жылы 3,6 қарабас тұқымдық жас малды сатуын іске асырды. 2015 жылы тұқымдық жас малдың 4,1 қарабасын сатуы жоспарда.

Облыста  жалпы қуаты 18,0 мың басты құрайтын 7 бордақылау алаңдары құрылды- бұл Енбекшілдер ауаднының «KazBeef LTD»ЖШС және Қорғалжын ауданының «Агро Эксперт ЛТД»ЖШС, Атбасар ауданының«Бастау» ЖШС, Жақсы ауданының«Новокиенка»ЖШС,  Астрахан ауданынңың «Колутон -04» ЖШС, Есіл ауданынң «Заречный»ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС. Облыстың бордақылау алаңдарының жалпы қуаты 26,7 мың басты құрайды.

Жаңа өндірістерді құру бойынша міндеттерін орындау, сүт өнідірісін жаңарту «КазАгро»Холдингі қаржы институттары желісімен қаржыландырылатын «Ырыс» кредиттік бағдарламасы шеңберінде шешу жоспарланып отыр. Сондай-ақ,  2015 жылы  14 сүтті- тауарлық фермалар іске қосылуы жоспарланып отыр.

Областа сүт өндірісімен айналысатын жылына жалпы қуаттылығы 132,6 мың тоннаны құрайтын 14 шаруашылық бар. Сүт өнімінің көлемін арттыру мақсатында 2010-2014 жылдары тәуілігіне қуаттылығы 270,0 тонна сүт өндіретін 3 жоба іске асырылды.  ( «Родина» АФ ЖШ, «Синегорье сүті»ЖШС, "EcoMilk"ЖШС).

 

Азық-түлікпен қамту инвестициялық жобаларды іске асыру

Ақмола облысының дамытудың басым бағыты Астана қ. айналасында азық-түлікпен қамту бойынша белдеуін құруы болып табылады. Облыстың әр ауданы бойынша аграрлық секторының даму бағыттары азық-түлік белдеуіне кіретін кәсіпорындардың көрсеткіштері бекітілді.   «Астаналық азық-түлік белдеуі» дамыту шеңберінде 2009-2014 жылдары аралығында Ақмола облысының аумағында 61,5 млрд. теңге сомасына 90 инвестициялық жоба(бұдан әрі-Жоба) іске асырылды.

2015 жылы 37,8 млрд. теңге сомасына,  жалпы 13 жоба, соның ішінде  өңірлік индустриалдау Картасы бойынша 34,6 млрд. теңге сомасына 7 жоба іске асырылады.

Ет мал шаруашылығы  - 1 307,5 млн. теңге сомасына:

«Бастау»ЖШС -  5 мың ІҚМ басына репродуктор-шаруашылығын құру бойынша жоба; (Атбасар ауданы,  Ново-Александровка а.), жоба құны - 1207,5 млн. теңге;

«Базис Блок» ЖШС - ІҚМ Әулиекөл тұқымының 200 басына репродуктор-шаруашылығын құру бойынша жоба (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы).  Жоба  құны- 100,0 млн. теңге.

Құс шаруашылығы - 11 110 млн. теңге сомасына:

 «Capital projects LTD»ЖШС - жылына қуаттылығы 20,0 мың тонна ет өндіретін сомасы  8790,0 млн. теңге бройлердік құс фабрикасының құрылысы (Целиноград ауданы, Ақмол а.).  1 кезеңі 23.12.2014 ж. пайдалануға берілді;

 «Қазгер Құс» ЖШС- құс фабрикасының құрылысының 2 кезеңі (Енбекшілдер ауданы,  Степняк қ.), жоба құны - 2320 млн. теңе.

Бидайды қайта өңдеу - 18 500 млн. теңге сомасына:

 «KazGluten Go»ЖШС - астықты терең өңдеу бойынша және глютин мен крахмал шығару  зауытының құрылысы (Шортанды ауданы,  Шортанды к.),жоба құны - 18 500 млн. теңге. Жоба Қытай Республикасымен бірге іске асырылады.

Жылыжайлар  - 2 603,9 млн. теңге сомасына:

««EcoProduct»жылыжай кешені»ЖШС - жылына голландық технологиясы бойынша қуаттылығы 2200 тонна көкөністерді өсіру жылыжайының құрылысы (Ақкөл уаданы,  Ақкөл қ.), жоба құны - 2 196,9 млн. теңге;

«Қазақстаннның жылыжай технологиялары» - жылыжай кешенін кеңейту(Степногорск қ.), жоба құны - 407,0 млн. теңге.

 Астық сақтау қоймалары  - 4 285,1 млн. теңге сомасына:

«Алтын Дән» ЖШС - қабылдау сақтау, тазалау, кептіру мен тиеп жөнелту үшін қуаттылығы 24,6 мың тонна астық сақтау қоймасының құрылысы  (Есіл ауданы,Ковыльное а.), жоба құны  1200 млн. теңге;

«Ақтан Агро» ЖШС - 18 мың тонна астыққа арналған элеваторлық кешенінің құрылысы  (Атбасар ауданы,  Атбасар қ.), жоба құны -700 млн.теңге;

 «Ирченко элеватор»ЖШС - 40 мың тонна астыққа арналған элеваторлық кешенінің құрылысы (Атбасар ауданы, Мариновка а.), жоба құны- 96,7 млн.теңге;

 «Эльнур Адиль Групп»ЖШС - қуаттылығы 20,0 мың тонна астық сақтау қоймасының құрылысы (Зеренді ауданы,Азат ст.), жоба құны -550,0  млн.теңге;

«Агрофирма Родина» ЖШС- қуаттылығы 20,0 мың тонна астық сақтау қоймасының құрылысы(Целиноград ауданы, Приозерное а.), жоба құны -543,3 млн.теңге;

«Алтэко Агро»ЖШС - қуаттылығы 6,0 мың тонна астық сақтау қоймасын салу ( Көкшетау қ.), жоба құны - 195,1 млн. теңге.

 

Астана қ. ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу

Ағымдағы жылдың 6 сәуірдегі жағдайы бойынша  астананың нарығына 7,4 мың тонна сүт өнімі (2014 жылдың сәйкес мерзіміне  104,0%), 2,9 мың тонна ет өнімі (104,9%), 41,4 млн. дана жұмытқа (107,8%) жеткізілді. 

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz