A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы саласының 2015 жылдың І жартыжылдығының әлеуметтік - экономикалық дамуының анықтамасы

2015 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шығарылымы 38226,6  млн. теңгені, соның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 683,8 млн. теңге, мал шаруашылығы - 37508,0 млн. теңгені құрады.

Нақты индекс көлемі 107,5% құрады.

Өсімдік шаруашылығы. Ақмола облысында 2015 жылдың өніміне ауылшаруашылық дағылдарының жаздық егісі аяқталды, осылайша дәнді және бұршақ дәнді дақылдар 4180,1 мың га алқапта, майлы дақылдар - 245,3 мың  га алқапта, азықтық дақылдар - 178,5 мың га (бір жылдық шөптер - 124,0 мың га, көпжылдық шөптер - 45,6 мың га, сүрлемге жүгері- 9,0 мың га ) жерде егілді. Жалпы ағымдағы жылы облыс бойынша азықтық дақылдар алқабы 542,8 мың ганы құрады (өткен жылдардағы, көпжылдық шөптерді қоса алғанда).

Картоп 18,7 мың га және көкөністер - 4,4 мың га алқапта отырғызылды, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша картоп -  3647,2 га, көкөністер - 827,4 гада отырғазылды.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін  облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері дәнді және бұршақ дәнді дақылдарының тұқымдарымен (523,6  мың тонна), жанар-жағар май материалдарымен  (78,9 мың тонна немесе қажетілікке 101,1%), өсімдіктерді қорғау құралдарымен және минералды тыңайтқыштармен толық көлемде қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы дәнді дақылдардың егістігі тек өзіндік өндіруші тұқымдарымен отырғызылды, ондағы егіс стандартындағы  1 және 2 класстағы тұқымадар жалпы егілген тұқымның 80,5%   құрады.

Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық селекциялы сұрыптарымен егілген егіс алқаптары  3,5 млн.га немесе жалпы жаздық егіс  алқабының  75%  құрады. Шет елдік селекциялы сұрыптар (негізінен РФ) 1,2 млн. га немесе 25% құрады. Ондағы отандық селекциялы картоптардың сұрыптары 2,4 мың га алқапты немесе қартоп отырғызудағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының  алқабының 67% алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне қазіргі заманғы ылғалресурсжинақтаушы технологияларды енгізуге аса көңіл бөлінуде, осылайша осы прогрессивті технологияларды енгізу есебінен соңғы 3 жылда орташа  облыс бойынша астық өндірісі 4,2 млн. тоннаны құрады, ал осы кезеңге астықты орташа жылдық экспорттау 1,8 млн. тоннаны құрады.

Ағымдағы жылы қазіргі заманғы ылғалресурсжинақтаушы технологияларды бойынша егіс алқабы 3,2 млн. га немесе барлық дәнді дақылдары алқаптарының 75% құрады (осы алқаптағы егіс алқаптары қазіргі заманғы саны 1026 бірлік егіс кешендерімен жүргізілді).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының астық өнімділігін арттыру мен топырақ құнарлылығын сақтау мақсатына егіс кезінде алқабы 500 мың.гадан асатын  17,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді.

Егіс алқаптарының жағдайы.

31.07.15  жағдайына дәнді дақылдарының жай - күйі  :  жақсы - 75,2% немесе 3144,7 мың га, қанағаттанарлық -  22% немесе  917,0 мың га, жаман -  1,1 % немесе  88,мың га.

Ағымдағы жылдың жалпы  егістердің қанағаттанарлық жай-күйі өткен жылғы көрсеткіштерінен  қарағанда біршама жоғары. Ол егіс алдындағы ылғал қоры өткен жылдың сәйкес кезеңінен әлдеқайда жоғары, және ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімі үшін ағымдағы жылдың мамыр айында қажетті жауын - шашын мөлшері жауғандығымен байланысты.

Бүгінде егістердің   химиялық отауы  4,5 млн. га құрады немесе белгіленгеннен 108,3 %  (жоспар 4,2 млн.га).

Парларды өңдеу, пішен дайындау және астықты жинауға дайындық жұмыстары жүргізілп жатыр.

Бүгінде облыс бойынша бірінші және егінші парларды өңдеу аяқталды, ол 609,5 мың  га (100%) алқапта жүргізілді, парларды ұшінші рет өңдеу 395,3 мың га алқапта немесе 63,9 % жүргізіліп жатыр.

Механизация Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 2015 жылдың 1 шілдесі жағдайына 91 трактор, 35 астық жинау комбайны, 22 егіс кешендері мен 123 бірлік басқа ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, оның ішінде «Қазагроқаржы» АҚ арқылы  сомасы 5281,7 млн. теңге ге 56 трактор, 33 астық жинау комбайны, 18 егіс кешендері мен 118 бірлік басқа ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Мар шаруашылығы. Статистикалық мәліметтер бойынша ІҚМ бастарының жалпы саны 2015 жылдың 1 шілдесі жағдайына 440,2 мың бас (өткен жылдың деңгейіне 105,4%), соның ішінде сиыр саны - 191,9 мың бас (107,3%).

Облыс бойынша  шошқалар саны 144,0 мың бас (103,5%). Облыс бойынша қойлар мен ешкілер саны өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда  ұлғайды және 610,7 мың басты (106,3%) құрады.

Жылқылар саны 167,2 мың басты (109,8%), құстар 4830,7 мың басты  (133,5%) құрады.

Облыста тірі салмақтағы өлтіруге 44,8 мың тонна ет өткізілді (107,6%), 173,7 мың тонна  (103,7%) сүт сауылды, жұмыртқа өндірісі  - 365,9 млн. дананы (135,5%) құрады.

ҰҚМ тауарлық бастарын ұлғайту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 291 шаруа және фермер қожалықтарымен 19,3 мың бас сиыр мен 680 бас асыл тұқымды бұқалар сатып олынды, соның ішінен 2015 жылы 733 аналық пен 28 бас бұқа сатып алынды.

Пішен дайындау

Ағымдағы жылы облыстың барлық өңірлерінде  бекітілген біржарымжылдық пішен дайындау көлемдерін ойдағыдай жүзеге асыру ушін қолайлы ауа-райы қалыптасты. Облыста бүгінде  шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 1541,1  мың тонна пішен немесе орташа облыстың біржарымжылдық қажеттіліктің 96,3 % құрайды.

Азық-түлікпен қамту инвестициялық жобаларды іске асыру

Ақмола облысының дамытудың басым бағыты Астана қ. айналасында азық-түлікпен қамту бойынша белдеуін құруы болып табылады. Облыстың әр ауданы бойынша аграрлық секторының даму бағыттары азық-түлік белдеуіне кіретін кәсіпорындардың көрсеткіштері бекітілді.  

«Астаналық азық-түлік белдеуі» дамыту шеңберінде 2009-2014 жылдары аралығында Ақмола облысының аумағында 61,5 млрд. теңге жалпы сомасына 90 инвестициялық жоба(бұдан әрі-Жоба) іске асырылды.

2015 жылы өңірде 38,2 млрд. теңге сомасына жалпы 13 жоба іске асырылып жатыр, олардың ішінен бүгінгі күні  2369,2 млн. теңге сомасына 2 жоба қолданысқа берілді:

«Ақмола бидай» ЖШС  ( қуаттылығы тәулігіне 160,0 тонна ұн өндіру диурмен кешені,қуаттылығы жылына 30,0 мың тонна   дәнді дақылдарымен майлы дақылдарды  сақтау мен қайта  өңдеуге , Көкшетау қ., жоба құны  1169,0 млн. теңге);

«Алтын Дән» ЖШС (24,6 мың тонна қауаттылығымен астық  қабылдау, сақтау, тазалау, кептіру мен тиеп жөнелту үшін астық сақтау қоймасын салу (Есіл ауданы,Ковыльное а.), жоба құны  1200 млн. теңге).

Ағымдағы жылдың соңына дейін еңгізуге жоспарланып отыр:

 Етті мал шаруашылығы бойынша сомасы 1307,5 млн.теңгеге 2 жоба:

 «Бастау» ЖШС 5,0 мың ІҚМ басына репродуктор-шаруашылығын құру бойынша жоба; (Атбасар ауданы,  Ново-Александровка а.), жоба құны - 1207,5 млн. теңге;

«Базис Блок» ЖШС -  Әулиекөл тұқымының 200 ІҚМ  басына репродуктор-шаруашылығын құру бойынша жоба (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы).  Жоба  құны- 100,0 млн. теңге.

 Құс шаруашылығы бойынша сомасы 11 169,0  млн.теңгеге 2 жоба:

«Capital projects LTD»ЖШС - қуаттылығы жылына 20,0 мың тонна ет өндіретін сомасы 8790,0 млн. теңге бройлердік құс фабрикасын салу (Целиноград ауданы, Ақмол а.).  23.12.2014 ж. 1 кезеңі пайдалануға берілді;

 «Қазгер Құс» ЖШС- құс фабрикасының құрылысының 2 кезеңі (Енбекшілдер ауданы,  Степняк қ.), жоба құны - 2379,0 млн. теңе.

 Астықты қайта өңдеу бойынша  сомасы 18 500,0  млн.теңгеге 1 жоба:

«KazGluten Go»ЖШС - астықты терең өндіру бойынша және глютен мен крахмал шығару  бойынша зауыт құрылысы (Шортанды ауданы,  Шортанды к.), жоба құны - 18 500 млн. теңге. Жоба Қытай Республикасымен бірге іске асырылады.

Сомасы 2604,1 млн.теңгеге жылыжай құрылыстары:

- «EcoProduct»жылыжай кешені»ЖШС - голландық технологиясы бойынша өсіретін, қуаттылығы жылына 2200 тонна көкөністерді өндіретін  жылыжай құрылысы (Ақкөл уаданы,  Ақкөл қ.), жоба құны - 2 196,9 млн. теңге;

«Қазақстаннның жылыжай технологиялары» - жылыжай кешенін кеңейту(Степногорск қ.), жоба құны - 407,2 млн. теңге.

Сомасы 2248,3 млн.теңгеге 4 астық сақтау қоймаларының құрылыстары:

«Ринар» ЖШС - 12 мың тонна астықты қабылдай пунктінің құрылысы (Атбасар ауданы,  Атбасар қ.), жоба құны -412,0 млн.теңге;

 «Ирченко элеватор»ЖШС - 40 мың тонна астыққа арналған элеваторлық кешенін салу (Атбасар ауданы, Мариновка а.), жоба құны- 1096,7 млн.теңге;

 «Агрофирма Родина» ЖШС- 20,0 мың тонна қауттылығымен, астық сақтау қомасын салу (Целиноград ауданы, Приозерное а.), жоба құны -543,3 млн.теңге;

 «Арна» АҚК » ЖШС - астық сақтау қоймасын кеңейту(Бұланды ауданы, Макинск қ.), жоба құны -196,3 млн.теңге.

Астана қ. ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу

31.07.15 жылғы хал ахуалы бойынша  Астананың қаласына 30,3 мың тонна сүт өнімі (2014 жылдың сәйкес мерзіміне  11,8% өсіммен), 6,9 мың тонна ет пен ет өнімдері (өсім 12,0%), 96,0 млн.  дана жұмытқа (өсім 10,0%) жеткізілді.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 16:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 16:05

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz