A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

Жүктеу (DOCX 89 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 3-2/378 бұйрығымен бекiтiлген

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi — 2 (екi) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi қарастыру нәтижелерi туралы хабарлама не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша бас тарту туралы уәждi жауабы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығын дамытуға, оның iшiнде мыналарға арналған өтiнiм ұсынады:

1) тұқымдық түрлендiрумен қамтылған iрi қара малдың аналық басымен, сондай-ақ балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге, табынның өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтiп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату — ағымдағы жылғы 15 сәуiрден 1 қазанға дейiн;

2) қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуге, тауарлық отардың өсiмiн молайту үшiн пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтiп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату — ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейiн;

3) асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң сүттi және сүттi-еттi бағыттағы iрi қара малының, сондай-ақ қойларының аналық басын қолдан ұрықтандыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерiн субсидиялау, эмбриондарды телу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi субсидиялау — ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейiн;

4) өтiнiм беруге негiздер туындаған сәттен бастап алты айдан аспаған отандық және шетелдiк шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды жануарларды сатып алу құнын арзандату, отандық және шетелдiк шаруашылықтардан құстардың еттi бағыттағы ата-енелiк/ата-тектiк нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға және жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәулiктiк балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарын арзандату, сүттi және сүттi-еттi тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының сатып алынған бiр жынысты және қос жынысты ұрығының құнын арзандату — ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейiн;

5) iрi қара малдың, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу — ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейiн.

20 қаңтардан бастап 20 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, оның iшiнде мыналарға арналған өтiнiм ұсынады:

сыйымдылығы бiр уақытта кемiнде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшiн өткiзiлген бұқашықтардың құнын арзандату;

сыйымдылығы бiр уақытта кемiнде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату;

iрi қара малды союмен және етiн бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеушi кәсiпорындардың сиыр етiн дайындау құнын арзандату;

өткiзiлген қозылар құнын арзандату;

құс етiн (бройлер тауығының етiн, күркетауық, суда жүзетiн құс етiн), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенiң, түйенiң сүтi), биязы және жартылай биязы жүн өндiру құнын арзандату;

сүттi бағыттағы аналық мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметтiң басталғаны туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Порталда өтiнiмнiң қабылдағанын растау — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрiнiс табады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай негiздер бойынша жүзеге асырылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасы Премьер -Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17306 болып тiркелген) бекiтiлген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында белгiленген өлшемшарттарға сәйкес келмеуi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Арызға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық арыз жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға порталдағы "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады немесе сотқа жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

3) egov.kz порталында орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 12:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2019 17:10

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz