A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидасы

Жүктеу (DOCX 66 Kb)

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 31 наурызда № 20209 болып тiркелдi

ЗҚАИ-ның ескертпесi!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4 т. қараңыз

"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса берiлiп отырған Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағидалардың 65-тармағы 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi С. Омаров

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлiгi

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығымен
бекiтiлдi

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1. Осы Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттiк субсидияларды (бұдан әрi — субсидиялар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде беру және мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) алқаптың кадастрлық нөмiрi — көпжылдық екпелерi бар учаскеге арналған, оның орналасқан жерiн айқындау (сәйкестендiру) үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесi беретiн бiрегей код;

2) бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары — гетерозис нәтижесiнде ең үздiк ата-енелiк нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткiштерi бойынша асып түсетiн бiрiншi ұрпақта будандық өсiмдiк беретiн генетикалық айырмашылығы бар ата-енелiк нысандарды будандастырудан алынған жүгерi, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта немесе құмай тұқымдары;

3) жеке шот — субсидиялауға арналған өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн тiзiлiмдегi жазбалар жиынтығы;

4) көпжылдық екпелердiң электрондық картасы — бұрылыс нүктелерiнiң координаталарын және жердi қашықтықтан зондтау спутниктерiнен алынған деректердi қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнде орналасқан алқап туралы ақпарат;

5) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi — Басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және иесi ретiнде оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

7) пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) отандық өндiрушi (бұдан әрi — пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндiрушi) — Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өндiрудi жүзеге асыратын және биоагенттердi (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген пестицидтердi өткiзудi жүзеге асыратын арнайы жарақтандырылған өндiрiстiк үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

8) өтiнiмдер:

ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң (бұдан әрi — ауылшартауарынөндiрушi) немесе ауыл шаруашылығы кооперативiнiң (бұдан әрi — ауылшаркооперативi) басым дақылдар өндiру шығындарын iшiнара өтеу үшiн;

бiрегей тұқым өндiрушi (бұдан әрi — оригинатор) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарынан алынған көшет материалын (телiтушiлер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеу үшiн

элиталық тұқым өсiру шаруашылығының (бұдан әрi — элиттұқымшар) нақты сатып алыған бiрегей тұқымдары үшiн;

тұқым өсiру шаруашылығының (бұдан әрi — тұқымшар), ауылшартауарөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшiн;

ауылшартауарөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң нақты сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдары, бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары, мақтаның екiншi репродукция тұқымдары және (немесе) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерi (бұдан әрi — элиталық көшеттер) үшiн;

ауылшартауарынөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшiн;

ауылшартауарынөндiрушiнiң немесе ауылшаркооперативiнiң толық құнымен сатып алынған пестицидтерi, биоагенттер (энтомофагтар) үшiн субсидия алуға арналған электрондық өтiнiмдерi;

9) өтпелi өтiнiмдер:

элиттұқымшардың, тұқымшардың немесе тұқым өткiзушiнiң (бұдан әрi — өткiзушi) ауылшартауарөндiрушi немесе ауылшаркооперативi арзандатылған құнмен сатып алған субсидияланатын тұқымдар үшiн;

тыңайтқыштар өндiрушiнiң ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) арзандатылған құны бойынша сатып алған тыңайтқыштар үшiн;

пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiнiң ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) арзандатылған құнмен сатып алған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшiн субсидия алуға арналған электрондық өтiнiмдерi;

10) пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткiзушi — биоагенттердi (энтомофагтарды) және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тiркелген инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер мен биопрепараттарды өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) өткiзудi жүзеге асыратын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

11) пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтофагтардың) ең төменгi құны — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — ЖАО) баға ұсыныстарын талдау жолымен айқындайтын Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) ең төменгi бағасы, сондай-ақ субсидия нормасын белгiлеу үшiн мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат;

12) пестицидтердi қолдану регламентi — пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;

13) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi — тыңайтқыштарды өндiрушi) — Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тiркеген жеке немесе заңды тұлға;

14) субсидияланатын тұқымдар — бiрегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бiрiншi репродукция тұқымдары, екiншi репродукциялы мақта тұқымдары, бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары немесе элиталық көшеттер;

15) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтердiң жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтер көрсетуге, субсидия алуға арналған өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге арналған, "электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен аграрлық ахуалдық орталықпен өзара iс-қимыл жасасуға мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;

17) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне кiруге мүмкiндiк беретiн Интернет желiсiнде орналасқан интернет-ресурс;

18) танаптың кадастрлық нөмiрi — танаптың орналасқан жерiн анықтауға (идентификациялауға) арналған субсидиялаудың ақпараттық жүйесi беретiн оның бiрегей коды;

19) танаптың электрондық картасы — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнде орналасқан, бұрылыс нүктелерiнiң координаттарын, соңғы бес жылдағы ауыспалы егiс жайлы ақпаратты және жердi қашықтықтан зондтаудың спутниктерiнен алынған деректердi қамтитын танап туралы ақпарат;

20) тыңайтқыштарды жеткiзушi — тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткiзудi жүзеге асыратын, оларды тiркеген жеке немесе заңды тұлға;

21) тыңайтқыштарды сатушы — тыңайтқыштарды өндiрушi, тыңайтқыштарды жеткiзушi немесе шетелдiк тыңайтқыштар өндiрушi;

22) тыңайтқыштардың ең төменгi нарықтық құны — тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгiлеу үшiн олардың бағаларына талдау жүргiзу жолымен ЖАО айқындайтын, тиiстi жылға арналған тиiстi тыңайтқыш түрлерi бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;

23) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi — шетелдiк өндiрiс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тiркеген Қазақстан Республикасының бейрезидентi;

24) электрондық агрохимиялық картограмма — танап топырағының өсiмдiктер үшiн сiңiмдi қоректiк элементтермен — қарашiрiкпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етiлуi дәрежесiн түстi бейнеде көрсететiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Агрохимиялық қызметтiң республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесi немесе сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топырақтың агрохимиялық талдауларын жүргiзуге аккредиттелген зертхана (орталық) берген картографиялық ақпарат;

25) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Субсидиялар оригинаторларға, элиттұқымшарларға, тұқымшарларға, өткiзушiлерге, ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша берiледi:

1) басым дақылдар, оның iшiнде көпжылдық көшеттер өндiрудi дамыту;

2) тұқым шаруашылығын дамыту;

3) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;

4) саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, карантиндiк объектiлерге қарсы өңдеулер жүргiзуге арналған пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.

4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жылға арналған бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес ЖАО қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.

5. ЖАО қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi — Министрлiк) келiсуi бойынша мыналар бекiтiледi:

1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялар көлемдерi;

2) басым дақылдардың тiзбесi және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;

3) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрi — тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тiзбесi мен нормалары);

4) субсидияланатын пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi және пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литрiне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрi — пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тiзбесi мен нормалары).

Бұл ретте, бұрын қабылданған ЖАО-ның 2020 жылға арналған қаулылары осы Қағидаларды iске асыруға арналған ЖАО қаулылары қабылдағанға дейiн қолданыста болады.

6. Облыстар әкiмдерi субсидиялаудың бекiтiлген көлемi шегiнде бөлiнген қаражатты осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша қайта бөледi.

7. Басқарма субсидиялаудың тиiстi бағыттары бойынша айларға бөлiнген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiткеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды ЖАО-ның тиiстi интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырады.

8. Субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын өтiнiмдер (өтпелi өтiнiмдер) бойынша субсидияларды төлеу келесi айда өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Өтiнiм берiлген субсидиялар көлемi тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жергiлiктi бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер енгiзу жолымен бөлiнедi.

9. Жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген бюджеттiк қаражат толық игерiлген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтiнiмдердi қабылдау тоқтатылады.

10. ЖАО тиiстi жылдың 30 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлiкке осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнен жүктелген субсидияны пайдалану туралы жиынтық ақпарат ұсынады.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша субсидиялар алуға қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары нысанында 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес баяндалған.

ЖАО Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы дерекетердi мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингтiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

12. Субсидиялар беруде бас тарту мынадай негiздер бойынша қабылданады:

1) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткiзушiнiң, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялар алу үшiн ұсынылған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) оригинатордың, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткiзушiнiң, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) және (немесе) осы Қағидаларда белгiленген субсидиялар алу үшiн қажеттi ұсынылған деректер мен мәлiметтердiң сәйкес келмеуi.

13. Субсидия беру үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтыған ақпараттық жүйе iстен шыққан жағдайда, ЖАО туындаған ахуал туралы оны жоюға кiрiсетiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiнi дереу хабардар етедi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi туындаған iстен шығуды жою жөнiндегi жұмысты жүргiзгеннен кейiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.

2-бөлiм. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау тәртiбi

1-тарау. Басым дақылдар өндiрiсiн дамытуды субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелер

14. Басым дақылдар тiзбесi және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемi (бұдан әрi — тiзбе, субсидиялар көлемi мен нормалары) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке мақұлдауға тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi.

Тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын Министрлiкке мақұлдауға берген кезде, субсидиялардың белгiленген нормасын негiздейтiн (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын аграрлық бейiндегi ғылыми ұйымдармен келiсiлген әрбiр субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерi), сондай-ақ тiзбенiң, субсидиялар көлемi мен нормаларының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңiрлiк кәсiпкерлер палатасымен және қоғамдық кеңесiмен келiсiлгенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.

Министрлiк оң шешiм шығарған жағдайда, он жұмыс күнi iшiнде тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын тиiстi iлеспе хатпен керi қайтарады немесе терiс шешiм шығарған жағдайда, тiзбенi, субсидиялар көлемi мен нормаларын пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның пысықтау мерзiмi бес жұмыс күнiн құрайды.

Тiзбе, субсидиялар көлемi мен нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиiстi жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi және үш жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде және тиiстi ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

Тiзбеге, субсидиялар көлемi мен нормаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы тармақтың бiрiншi-төртiншi бөлiмдерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, субсидиялау көлемi азайтылған жағдайда, ЖАО негiздеме бере отырып, Министрлiкке мақұлдауға жолдайды.

2-параграф. Субсидия алушылар

15. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне жыл сайын осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес:

ағымдағы жылы дәндiк жүгерiнi және қант қызылшасын өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеуге;

қант қызылшасы бойынша — өткен жылғы желтоқсанда тапсырылған өнiм шығындарын iшiнара өтеуге;

дәндiк жүгерi, күрiш және мақта бойынша 2019 жылғы төртiншi тоқсанда өткiзiлген (тапсырылған) өнiм шығындарын iшiнара өтеуге бөлiнедi.

3-параграф. Субсидияларды алу шарттары

16. Субсидиялар ЖАО-ның қаулысымен бекiтiлген субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға төленедi.

17. Субсидияларды төлеу мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1) ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiру шығындарын iшiнара өтеуге субсидиялар алуға өтiнiм беруi;

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi.

Ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде жеке шоты болса, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өтiнiмдi өз бетiнше тiркеудi жүзеге асырады, бұл жағдайда өтiнiм беру талап етiлмейдi және ол осылай тiркелген сәттен бастап берiлген болып есептеледi.

3) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң шекаралары шегiнде орналасқан танаптарда басым ауыл шаруашылығы дақылдарының себiлген, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған құқығы (жер пайдалану немесе жеке меншiк) болуы;

Ауылшаркооперативiнде жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi болмаған жағдайда, ауылшаркооперативi ауылшаркооперативiнiң мүшелерi болып табылатын ауылшартауарынөндiрушiлердiң субсидия алуына өтiнiм бередi. Бұл ретте, ауылшартауарынөндiрушiлер субсидия алушылар болып табылады.

Мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген ауылшаркооперативi мынадай жағдайларда субсидия алуға өтiнiм бере алады:

өнiмдi өңдеуге ауылшаркооперативiнiң мүшелерi тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi мүшелерi субсидия алушылар болып табылады;

өнiмдi өңдеуге ауылшаркооперативi тапсырған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте, ауылшаркооперативiне мүшелiк ауылшаркооперативi мүшелерi жалпы жиналысының ауылшаркооперативi мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмiнен алынған үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн өтiнiмге тiркеу жолымен расталады.

Бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде ұйымдасқан, мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген шаруа немесе фермерлiк қожалықтар, өнiмдi өңдеуге шаруа немесе фермерлiк қожалықтар тапсырған жағдайда, субсидияға өтiнiм бере алады, бұл ретте шаруа және фермерлiк қожалық субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермерлiк қожалыққа мүшелiк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң деректерiмен салыстырып-тексеру жолымен расталады.

5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде танаптардың электрондық карталарының қалыптастырылуы;

6) жердi қашықтықтан зондтау деректерiмен расталған (басым дақылдарды себу жүзеге асырылған электрондық танаптар бойынша) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ауыспалы егiс туралы мәлiметтердiң болуы;

7) дәндiк жүгерi бойынша — өңдеушi кәсiпорынға өңдеуге тапсырылған дәндiк жүгерiнiң 1 тоннасына 100%;

8) күрiш бойынша — өңдеушi кәсiпорынға өңдеуге тапсырылған не өзiнiң өңдеушi құрылымдарына өңдеуге берiлген күрiштiң 1 тоннасына 100%;

9) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша — қант зауытына өңдеуге тапсырылған не өзiнiң өңдеушi кәсiпорындарына өңдеуге берiлген қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

10) мақта бойынша — мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсырылған не мақта өңдеу зауытына өңдеуге тапсыруды жүзеге асыратын мақта дайындаушы ұйымдарға өткiзiлген шиттi мақтаның 1 тоннасына 100%;

11) ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) басым дақылдарды өткiзу фактiсiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесiмен (бұдан әрi — ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде растауы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қант қызылшасын өндiрудi өздiгiнен жүзеге асыратын және аталған өнiмдi өңдеудi өздiгiнен жүзеге асыратын қант зауыттары үшiн өткiзу фактiсiн растау талап етiлмейдi.

Шикiзатты өңдеуге берген күрiш тапсырушылар үшiн өткiзу фактiсiн растау талап етiлмейдi. Бұл жағдайда, өңдеушi кәсiпорынның көрсетiлген қызметтерiне ақы төленгенiн растайтын құжаттарды беру растау болып табылады.

Бұл ретте, субсидиялар алуға пайдаланылған электрондық шот-фактураларды керi қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi.

18. Өнiмнiң 1 тоннасына субсидиялар алу үшiн ауылшартауарынөндiрушiлер және (немесе) ауылшаркооперативтерi өтiнiмде қосымша:

өңдеушi кәсiпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнiмiн тапсыру туралы және мақта дайындаушы ұйыммен жасалған ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзу туралы шарттардың;

ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мен өңдеушi кәсiпорын не ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мен мақта дайындаушы ұйым арасында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң берiлгенiн растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеушi кәсiпорынның шеккен шығындарын (өтiнiм беру сәтiне) растайтын төлем құжаттарының;

ауыл шаруашылығы өнiмiн өзiнiң өңдеушi кәсiпорындарында өңдеген кезде өңдеушi кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi арасында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң берiлгенiн растайтын, олардың басшылары қол қойған құжаттың бар-жоғына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

19. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi растаған өңдеуге өткiзiлген (тапсырылған), субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнiмнiң көлемдерiнен және ЖАО-ның қаулысымен бекiтiлген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледi:

С = З х Нс, мұндағы:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

З — өңдеуге өткiзiлген (тапсырылған) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң расталған көлемi, тонна;

Нс — қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.

5-параграф. Субсидиялар төлеу тәртiбi

20. Өтiнiмдердi қарау жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан бастап 20 желтоқсанына дейiн жүзеге асырылады.

21. Жеке кабинеттегi тiзiлiм деректерiне қолжетiмдiлiк берiлу үшiн:

1) ауылшартауарынөндiрушiлерде (ауылшаркооперативтерiнде) ЭЦҚ болуы тиiс;

2) Басқарма, Министрлiк жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмiн жiбередi.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк Министрлiкке онлайн-режимде өтеусiз негiзде берiледi.

22. Жеке кабинетте тiркелу үшiн ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi ( бұдан әрi — БСН), толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса) тегi және ЖСН;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректердi өзгерткен кезде ауылшартауарынөндiрушi және (немесе) ауылшаркооперативi бiр жұмыс күн iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

23. Өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу мынадай тәртiппен Жеке кабинетте жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетiлген талаптарды субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеруге қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде оған ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

24. Басқарма өтiнiмдi тiркеген сәттен бастап бiр жұмыс күнiiшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiмдi растау туралы хабарлама не уәждi бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi Жеке кабинетiне жолданады.

25. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидия төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес өтiнiмдi қабылдағанын Басқарма растағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жолданады.

2-тарау. Көпжылдық екпелер өндiрiсiн субсидиялау

1-параграф. Субсидиялар алушылар

26. Көпжылдық екпелер өндiрiсiн субсидиялау жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерi аналықтарынан алынған отырғызу материалын (телiтушiлер, жертаған жапырақтар, балақ шыбықтар және қалемшелер) (бұдан әрi — отырғызу материалы) өндiруге арналған шығындарды iшiнара (50%) өтеу жолымен жүзеге асырылады.

2-параграф. Субсидиялар алу шарттары

27. Отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленедi:

1) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң отырғызу материалын өндiруге жұмсалған шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алуға өтiнiм беру.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) оригинатор берген өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу;

3) оригинатордың субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде нақты өткiзiлген отырғызу материалы үшiн оригинатордың жұмсалған шығындарын растау.

Бұл ретте субсидия алу үшiн электрондық шот-фактураларды керi қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi;

5) оригинаторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған, тиiстi алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы.

Шаруа немесе фермер қожалығы нысанында құрылған, жер учаскелерi мүшелерiнiң атына тiркелген оригинатор өтiнiм берген жағдайда, жер учаскелерiнiң бар екенiн жер учаскелерiне арналған құқық белгiлеу және сәйкестендiру құжаттарымен растауға жол берiледi, олардың сканерленген электрондық көшiрмелерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырылады;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көпжылдық екпелердiң электрондық карталарын тiркеу.

3-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

28. Отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар оригинаторларға мынадай формула бойынша төленедi:

С = М х Н

мұнда:

C — субсидия мөлшерi, теңге;

М — өткiзiлген отырғызу материалының саны, дана;

Н — осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетiлген жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң отырғызу материалын өндiруге арналған субсидиялар нормативi (бұдан әрi — субсидиялар нормативi), теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты өткiзу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Отырғызу материалдың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген субсидиялар көлемдерiн есепке ала отырып олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

4-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

29. Өтiнiмдердi қабылдау оригинатордың жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейiн жүзеге асырылады.

30. Тiзiлiмнiң деректерiне қолжетiмдiлiк беру үшiн Жеке кабинетте:

1) оригинаторлар ЭЦҚ-сы болуы тиiс;

2) Басқарма және Министрлiк көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк Министрлiкке онлайн-режимде өтеусiз негiзде берiледi.

31. Оригинатор Жеке кабинетте тiркелу үшiн мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: ЖСН, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: БСН (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң БСН-сы, толық атауы, бiрiншi басшысының немесе Жеке кабинетте тiркеуге уәкiлеттi адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi және ЖСН-сы;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, оригинатор бiр жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

32. Өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 27-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде оригинатордың ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

33. Егер Басқарма төлеуге арналған төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде деректер сәйкессiздiгiнiң бар екенi анықталса, оригинатор себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алады.

34. Басқарма өтiнiм тiркелген сәттен бастап бiр жұмыс күнiiшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiм расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәждi бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетiне жiберiледi.

35. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес Басқарма өтiнiмдi қабылдағанын растағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында оригинатордың Жеке кабинетiне жiберiледi

3-тарау. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелер

36. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемi субсидияланатын тұқымдардың әрбiр санаты бойынша (бұдан әрi — тұқымдарға арналған субсидиялар көлемi) осы Қағидалар 2020 жылы қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде және жыл сайын тиiстi жылдың 10 қаңтарына дейiн тиiстi негiздемемен және есеппен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке қарауға берiледi.

37. Министрлiк тұқымдарға арналған субсидиялар көлемiн тұқым шаруашылығы саласындағы заңнама нормаларына сәйкес тұрғысынан қарайды.

38. Оң шешiм қабылданған жағдайда Министрлiк екi жұмыс күнi iшiнде тиiстi iлеспе хатпен тұқымға субсидиялар көлемiн қайтарады. Терiс шешiм қабылданған жағдайда Министрлiк тұқымға субсидиялар көлемiн мақұлдаудан дәлелдi бас тарту хатымен қайтарады. Бұл ретте тұқымға арналған субсидиялардың пысықталған көлемi бес жұмыс күнi iшiнде Министрлiкке қайта қарауға жiберiледi.

Министрлiк мақұлдағаннан кейiн тұқымдарға арналған субсидиялар көлемiн ЖАО қаулысымен жыл сайын бекiтiледi және Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде және тиiстi ЖАО интернет-ресурсында екi жұмыс күнi iшiнде орналастырады.

Тұқымға арналған субсидиялар көлемi азайған жағдайда, ЖАО Министрлiкке тиiстi негiздемемен тұқымға арналған субсидиялар көлемiн мақұлдауға жiбередi. Бұл ретте субсидияланатын тұқымдардың әрбiр санаты бойынша бюджет қаражатының көлемiн қайта бөлу Министрлiкпен келiсiлмейдi.

39. Басқарма субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрегей тұқым өндiрушiлерiнiң, элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының, тұқым өсiру шаруашылықтарының және тұқым өткiзушiлердiң тiзбесiн орналастырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11773 болып тiркелген) бекiтiлген Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау, қайта аттестаттау туралы куәлiк берiлгеннен не аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн Басқарма екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi.

2-параграф. Субсидия алушылар

40. Субсидиялар:

1) элиттұқымшардың нақты сатып алған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бiрегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды iшiнара (70 %) өтеуге;

2) тұқымшардың, ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын iшiнара (70 %) өтеуге;

3) нақты сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдары және (немесе) екiншi репродукция мақта тұқымдары үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге;

4) нақты сатып алынған бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдары үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге;

5) нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшiн ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) шығындарын iшiнара (50%) өтеуге арналады.

3-параграф. Субсидия алу шарттары

41. Осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған бiрегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы берген жағдайда төленедi.

42. Осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар тұқымшар, ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген жағдайда төленедi.

Бұл ретте субсидиялар мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егiс алаңынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшiн егiс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған элиталық тұқым көлемiне төленедi.

Элиталық тұқымдарға арналған субсидиялардың қажеттi көлемде төленуi қамтамасыз етiлген және тиiстi қаржы жылында жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат бөлiнген жағдайда, субсидиялар дақылдың егiс алаңының 30 (отыз) пайызына дейiнгi алаңға төленедi.

43. Осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) нақты сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдарына және (немесе) екiншi репродукцияның мақта тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берген жағдайда төленедi.

Бұл ретте субсидиялар мақтаның бiрiншi және екiншi репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егiс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған бiрiншi репродукция тұқымдарының көлемiне, картоптың бiрiншi репродукция тұқымдары үшiн егiс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлемiне төленедi.

Бiрiншi репродукция тұқымдарына арналған субсидиялардың қажеттi көлемде төленуi қамтамасыз етiлген және тиiстi қаржы жылында жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат бөлiнген жағдайда, субсидиялар дақылдың егiс алаңының 40 (қырық) пайызына дейiнгi алаңға төленедi.

44. Осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) нақты сатып алынған жүгерiнiң, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың мақтаның және (немесе) құмайдың бiрiншi ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы берген жағдайда төленедi.

45. Осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) нақты сатып алынған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерiне субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы берген жағдайда төленедi.

46. Ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) субсидияланатын тұқымдарды шарт негiзiнде элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткiзушiден) арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құнмен сатып алу кезiнде тиесiлi субсидияларды төлеу туралы өтпелi өтiнiмдi "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы бередi.

Мұндай жағдайда субсидия элиттұқымшарға (тұқымшарға, өткiзушiге) элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) өтпелi өтiнiмге күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей осы Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес нақты өткiзiлген субсидияланатын тұқымдар туралы мәлiметтердi енгiзгенде төленедi.

Элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) өтпелi өтiнiмге нақты өткiзiлген субсидияланатын тұқымдар туралы мәлiметтердi белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайда, ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтпелi өтiнiмдi қайта бередi.

Элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) субсидияланатын тұқымдарды басқа облыстың ауылшартауарынөндiрушiлерiне (ауылшаркооперативiне) өткiзген жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) аумағында егiс алаңдары орналасқан облыс басқармасының атына өтiнiм бередi. Бұл ретте субсидиялар аумағында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) егiс алаңдары орналасқан облыстың жергiлiктi бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен төленедi.

47. "Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

48. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткiзушiнiң) және ауылшартауарөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) берген өтiнiмi (өтпелi өтiнiмi) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi;

2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған, элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткiзушiнiң және ауылшартауарөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) жеке шотының болуы;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) сатып алған субсидияланатын тұқымдарына жұмсалған шығындарының расталуы;

Бұл ретте субсидия алу үшiн электрондық шот-фактураларды керi қайтаруға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi.

Элиттұқымшар, тұқымшар және ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативi) субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ қолданбайтын шетелдiк тұқым өндiрушiден тiкелей сатып алған кезде, субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендiк декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден субсидияланатын тұқымдар сатып алған элиттұқымшар, тұқымшар, ауылшартауарөндiрушiлер (ауылшаркооперативi) үшiн) мәлiметтерiмен немесе мемлекеттiк кiрiстер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелiнгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiмен расталады.

4) элиттұқымшарда, тұқымшарда және ауылшартауарөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған, тиiстi алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы.

Жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде әрекет ететiн ауылшартауарынөндiрушi өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген жағдайда, осындай жер учаскелерi бар бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып, өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген ауылшартауарынөндiрушi субсидия алушы болып табылады.

Мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген ауылшаркооперативi мынадай жағдайларда субсидияға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) бередi:

субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативiнiң мүшелерi сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативi мүшелерi субсидия алушылар болып табылады;

субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативi сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативi субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте ауылшаркооперативiне мүшелiк ауылшаркооперативi мүшелiгiне қабылдау туралы ауылшаркооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнен үзiндiнiң электрондық көшiрмелерi өтiнiмге тiркеу жолымен расталады.

Бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде ұйымдасқан, мүшелерiне жер учаскесi тiркелген шаруа немесе фермерлiк қожалықтар шаруа немесе фермерлiк қожалықтарға тұқымдарды сатып алған жағдайда, субсидияға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) бередi, бұл ретте шаруа немесе фермерлiк қожалық субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермерлiк қожалыққа мүшелiк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң деректерiмен салыстырып тексеру жолымен расталады.

5) жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында элиттұқымшарға, тұқымшарға, ауылшартауарөндiрушiге (ауылшаркооперативiне) тиесiлi жер учаскелерiнiң бүкiл егiстiк алаңына арналған электрондық танап карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi.

4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

49. Осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мынадай формуламен есептеледi:

С = СН х А х Н;

мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

СН — себу нормасы, бiр гектарға тонна;

А — элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

Н — осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетiлген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативi, теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мөлшерiн есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

50. Осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егiс алаңынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшiн егiс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлемiне төленедi және мына формула бойынша есептеледi:

С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н;

мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

А — тұқымшардың, ауылшартауарөндiрушiдегi (ауылшаркооперативiндегi) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

Ү — субсидиялауға жататын егiс алаңының үлесi, %;

СН — себу нормасы, бiр гектарға тонна;

Н — осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетiлген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативi, теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мөлшерiн есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

51. Осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мақтаның бiрiншi және екiншi репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егiс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық бiрiншi және екiншi репродукция үшiн егiс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға, сатып алынған тұқым көлемiне төленедi және мына формула бойынша есептеледi:

С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н;

мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

А — ауылшартауарөндiрушiдегi (ауылшаркооперативiндегi) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

Ү — субсидиялауға жататын егiс алаңының үлесi, %;

СН — себу нормасы, бiр гектарға тонна;

Н — осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетiлген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативi, теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мөлшерiн есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

52. Осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледi:

С = СН х А х Н;

мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

СН — себу нормасы (саны), бiр гектарға тонна (егiс бiрлiгi);

А — ауылшартауарөндiрушiдегi (ауылшаркооперативiндегi) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

Н — осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетiлген 1 тоннаға (егiс бiрлiгiне) арналған субсидиялар нормативi, теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мөлшерiн есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

53. Осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледi:

С = ОН х А х Н;

мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

ОН — отырғызу нормасы (саны), бiр гектарға дана;

А — ауылшартауарөндiрушiдегi (ауылшаркооперативiндегi) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

Н — осы Қағидаларға 15-қосымшада көрсетiлген 1 данаға арналған субсидиялар нормативi, теңге.

Бұл ретте есептеу үшiн нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативi қолданылады.

Элиталық көшеттердiң нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 40-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар мөлшерiн есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргiзiледi.

Элиталық көшеттердiң нақты құны субсидиялар нормативi есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативiне тең болады.

5-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

54. Өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) қабылдау жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейiн жүзеге асырылады, бұл ретте өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) беру ағымдағы жылдың немесе өткен жылдың 4 (төртiншi) тоқсанында сатып алынған субсидияланатын тұқымдар бойынша жүзеге асырылады.

2019 жылы пайдаланылған тұқымдар (элиталық көшеттер) үшiн субсидия алмаған ауылшартауарөндiрушiлер (ауылшаркооперативтерi) 2020 жылғы 1 наурыздан 1 желтоқсанға дейiн өтiнiм (ауыспалы өтiнiм) бередi.

55. Жеке кабинеттегi тiзiлiм деректерiне қолжетiмдiлiк беру үшiн:

1) элиттұқымшарда, тұқымшарда, тұқым өткiзушiлерде, ауылшартауарөндiрушiлерде, ауылшаркооперативтерiнде ЭЦҚ болуы тиiс;

2) Басқарма және Министрлiк жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмiн жiбередi.

Министрлiкке субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк онлайн-режимде өтеусiз негiзде берiледi.

56. Жеке кабинетте тiркелу үшiн элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткiзушiлер, ауылшартауарөндiрушiлер, ауылшаркооперативтерi мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН), аты және әкесiнiң аты (бар болса), тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН) (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң БСН-сы, толық атауы, бiрiншi басшының немесе Жеке кабинетте тiркеуге уәкiлеттi адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi және ЖСН;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде, элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткiзушi, ауылшартауарөндiрушi, ауылшаркооперативi бiр жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

57. Өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) қалыптастыру және тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 48-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм не осы Қағидалардың 48-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтпелi өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм (өтпелi өтiнiм) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткiзушi, ауылшартауарөндiрушi, ауылшаркооперативi ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

58. Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде деректер сәйкессiздiгiнiң бар екенi анықталса, элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткiзушi, ауылшартауарөндiрушi, ауылшаркооперативi қайтарып алу себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) қайтарып алады.

59. Басқарма өтiнiм (өтпелi өтiнiм) тiркелген сәттен бастап бiр жұмыс күнiiшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiмдi растау туралы хабарлама не уәждi бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi Жеке кабинетiне жiберiледi.

Бұл ретте, өтпелi өтiнiмнiң қабылданғаны туралы хабарлама элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткiзушiнiң) Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Элиттұқымшар (тұқымшар, тұқым өткiзушi) осы Қағидалардың 48-тармағы 3) тармақшасының талаптарын орындау үшiн нақты өткiзiлген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзедi.

60. Элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) осы Қағидалардың 46-тармағында бекiтiлген мерзiмде нақты өткiзiлген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәлiметтердi өтпелi өтiнiмге уақытында енгiзбеген жағдайда, өтпелi өтiнiм жойылады. Бұл ретте ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiнде өтпелi өтiнiмдi жою туралы ескертпе қол жетiмдi болады.

61. Басқарма Қаржыландыру жоспарына және тұқымдарға арналған субсидиялар көлемiне сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидия төлеуге арналған төлем шотын екi жұмыс күнi iшiнде:

осы Қағидалардың 59 және 60-тармақтарына сәйкес Басқарма өтiнiмдi қабылдағанын растағаннан кейiн;

элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) осы Қағидалардың 48-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткiзiлген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жiберiледi.

4-тарау. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелер

62. Тыңайтқыштарды өндiрушiлер, жеткiзушiлер және шетелдiк өндiрушiлер және олар өндiретiн (өткiзетiн) өнiмдер тiзбесiн (бұдан әрi — жеткiзушiлер тiзбесi) индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкiлеттi орган Министрлiкке және ЖАО-ға кейiнгi жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей және тиiстi жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей бередi.

Бұл ретте жеткiзушiлер тiзбесi алынғаннан кейiн оны Министрлiк үш жұмыс күнi iшiнде Министрлiктiң ресми интернет-ресурсында, ЖАО-ның тиiстi ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырады.

63. Тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттiк қаражат көлемдерi (бұдан әрi — тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерi) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен Министрлiкке мақұлдауға тиiстi жылдың 15 қарашасынан кешiктiрiлмей берiледi. Бұл ретте, тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерiнiң тiзбесi жеткiзушiлер тiзбесiнiң негiзiнде қалыптастырылады.

Бұл ретте, тыңайтқыштардың тиiстi түрлерiне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерiнiң көлемдерi бойынша есептемелердi ЖАО кейiнгi жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей Министрлiкке бередi.

Оң шешiм болған жағдайда, Министрлiк тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдердi тиiстi iлеспе хатпен керi қайтарады. Терiс шешiм болған жағдайда, Министрлiк тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерiн мақұлдаудан уәждi бас тартуы бар хатпен керi қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерi бес жұмыс күнi iшiнде Министрлiкке қайта қарауға жолданады.

Министрлiк мақұлдағаннан кейiн, тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерi ЖАО-ның қаулысымен жыл сайын бекiтiледi. Бұл ретте субсидиялар нормалары қосылған құн салығын есепке алмай белгiленедi.

Тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы тармақтың бiрiншi-төртiншi бөлiктерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерiн ЖАО олар азайтылған жағдайда негiздемелермен Министрлiкке мақұлдауға жолдайды.

ЖАО тиiстi интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тыңайтқыштар тiзбесi мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерiн мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде орналастырады.

2-параграф. Субсидия алушылар

64. Субсидия сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшiн ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне төленедi.

3-параграф. Субсидиялар алу шарттары

65. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленедi:

1) ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алуға арналған өтiнiм беруi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) тыңайтқышты шарт негiзiнде тыңайтқыштарды өндiрушiден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзiне тиесiлi субсидияларды төлеу туралы өтпелi өтiнiм бередi.

Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндiрушiге тыңайтқыштарды өндiрушi күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей нақты өткiзiлген тыңайтқыштар жөнiндегi мәлiметтердi өтпелi өтiнiмге енгiзген жағдайда, осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес төленедi.

Тыңайтқыштарды өндiрушiлер өтпелi өтiнiмге нақты өткiзiлген тыңайтқыштар жөнiндегi мәлiметтердi белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтпелi өтiнiмдi қайта бередi.

Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде осы Қағидалардың 65-тармағы 1) тармақшасының үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде белгiленген мерзiмдерде тыңайтқыштар өткiзiлмеген ауылшартауарынөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) тiзiмi қалыптастырылады.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) берген өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) тiркеу;

3) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелi өтiнiм үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тыңайтқыштарды өндiрушiнiң жеке шоты болуы қажет.

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен ЭШФ АЖ-ның өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау.

Бұл ретте электрондық шот-фактура өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу кезiнде (сұратылған электрондық шот-фактура ЭШФ АЖ-дан тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндiрушiге (ауылшаркооперативiне) мемлекеттiк қолдау шарасын алу үшiн электрондық шот-фактураны бұғаттау және пайдалану туралы хабарлама жолдай отырып, ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады) ЭШФ АЖ-дан "сұраным-жауап" режимiнде сұратылады.

Субсидия алу үшiн пайдаланылған электрондық шот-фактураларды керi қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден тыңайтқыштарды тiкелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендiк декларациядан алынған мәлiметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндiрушi немесе ауылшаркооперативi үшiн) немесе мемлекеттiк кiрiстер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелiнгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiмен расталады;

5) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған, тиiстi алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы.

Жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде әрекет ететiн ауылшартауарынөндiрушi өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген жағдайда, осындай жер учаскелерi бар бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып, өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген ауылшартауарынөндiрушi субсидия алушы болып табылады.

Мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген ауылшаркооперативi субсидияға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) бередi:

ауылшаркооператив мүшелерi тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооператив мүшелерi субсидия алушылар болып табылады;

ауылшаркооперативi тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте ауылшаркооперативiте мүшелiк ауылшаркооперативi мүшелiгiне қабылдау туралы ауылшаркооперативi мүшелiгiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң электрондық үзiндiсiнiң көшiрмелерi өтiнiмге тiркелу жолымен расталады.

Бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде ұйымдасқан, мүшелерiне жер учаскесi тiркелген шаруа немесе фермерлiк қожалықтар субсидияға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) бередi шаруа немесе фермерлiк қожалықтар тыңайтқыштар сатып алған жағдайда, бұл ретте шаруа немесе фермерлiк қожалық субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермерлiк қожалыққа мүшелiк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң деректерiмен салыстырып тексеру жолымен расталады;

Лизингтiк компанияларға жер пайдалану және (немесе) жеке меншiкке беру құқығын көздейтiн дайын объектiнiң лизингi жағдайында ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) лизингтiк компаниялар растайтын жер учаскелердiң деректемелерiн көрсетедi;

6) жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауылшартауарынөндiрушiге тиесiлi жер учаскелерiнiң бүкiл егiстiк алаңына арналған электрондық танап карталары субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi;

7) ауылшартауарынөндiрушiге жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткiш (қарашiрiк, су немесе тұз сүзiндiсiнiң сутегi көрсеткiшi (рН), нитраттық, жеңiлгидролиздендiргiш немесе сiлтiлiгидролиздендiргiш азот, фосфордың, калий мен күкiрттiң жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру кезiнде электрондық агрохимиялық картограмманы тiркеу талап етiлмейдi.

Ескерту. 7) тармақша 01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi — осы бұйрықтың 4-тармағымен.

4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

66. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтiнiм берген тыңайтқыштардың түрлерi мен көлемiне (өтiнiмдерде көрсетiлген егiс алаңына тыңайтқыштарды енгiзу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тiзбесi мен бекiтiлген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледi:

С = Nв х S х Nc, мұнда:

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

Nв — субсидияларды есептеу үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде орналастырылған топырақтың агрохимиялық жай-күйiн ескере отырып, 1 гектарға тыңайтқыш енгiзу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);

S — тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарынөндiрушiге (ауылшаркооперативiне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң алаңынан аспайды);

Nс — тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 67-тармағына сәйкес айқындалады).

Бұл ретте, тыңайтқыштар енгiзудiң нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледi, тыңайтқыштар енгiзу нормаларынан асқан жағдайда, белгiленген тыңайтқыштар енгiзу нормалары бойынша есептеледi.

67. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгi нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттiк мәнде (теңге) белгiленедi.

68. Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргiзiледi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген жағдайда, субсидиялар ЖАО органы қаулысымен бекiтiлген субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленедi.

69. Сатушы өткiзетiн тыңайтқыштар құнына буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, қосылған құн салығы, республиканың тиiстi өңiрiндегi межелi (босату) пунктке дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.

5-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

70. Өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) қабылдау жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейiн жүзеге асырылады, бұл ретте өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) беру тыңайтқыштарды сатып алған сәттен бастап он екi айдың iшiнде жүзеге асырылады.

2019 жылы сатып алынған тыңайтқыштарға өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) қабылдау 2020 жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

71. Жеке кабинетте тiзiлiмнiң деректерiне қол жеткiзудi ұсыну үшiн:

1) ауылшартауарынөндiрушiлерде (ауылшаркооперативтерiнде) және тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиiс;

2) Басқарма және Министрлiк жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

Министрлiкке субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiк онлайн-режимде өтеусiз негiзiнде берiледi.

72. Жеке кабинетте тiркелу үшiн ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) және тыңайтқыштарды өндiрушi мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: ЖСН, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: БСН, толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және ЖСН-ы;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгертiлген жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) және тыңайтқыштарды өндiрушi бiр жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

73. Өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) қалыптастыру мен тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) осы Қағидалардың 65-тармағы 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм немесе осы Қағидалардың 65-тармағы 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып өтпелi өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм (өтпелi өтiнiм) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) оған ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарастыруға өтiнiмнiң (өтпелi өтiнiмнiң) келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жолданады.

74. Басқарма өтiнiм (өтпелi өтiнiм) тiркелген сәттен бастап бiр жұмыс күнiiшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не терiс шешiмдi шығарады. Бұл ретте, өтiнiм расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәждi бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жiберiледi.

Бұл ретте, өтпелi өтiнiмнiң қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндiрушiнiң Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Тыңайтқыштарды өндiрушi осы Қағидалардың 65-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшiн нақты өткiзiлген тыңайтқыштар жөнiндегi мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзедi.

Тыңайтқыштарды өндiрушi өтпелi өтiнiмге нақты өткiзiлген тыңайтқыштар жөнiндегi мәлiметтердi осы Қағидалардың 65-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмде уақтылы енгiзбеген жағдайда, өтпелi өтiнiм жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiнде өтпелi өтiнiмнiң жойылғаны туралы хабарлама қолжетiмдi болады.

75. Басқарма тыңайтқыштардың құнын субсидиялау жөнiндегi жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын:

Басқарма осы Қағидалардың 74-тармағына сәйкес өтiнiмдi қабылданғанын растағаннан кейiн;

осы Қағидалардың 65-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндiрушi нақты өткiзiлген тыңайтқыштар жөнiндегi мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жiберiледi.

5-бөлiм. Саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, карантиндi объектiлерге қарсы өңдеулер жүргiзуге арналған пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау

1-параграф. Негiзгi ережелерi

76. Отандық пестицидтер өндiрушiлердiң тiзбесiн индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкiлеттi орган ЖАО-ға кейiнгi жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиiстi жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей бередi.

Бұл ретте Министрлiк отандық пестицидтер өндiрушiлер тiзбесi алынғаннан кейiн оны үш жұмыс күнi iшiнде Министрлiктiң ресми интернет-ресурсында, ЖАО — тиiстi ресми интернет-ресурсында және веб-порталында орналастырады.

ЖАО кейiнгi жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиiстi жылдың 1 маусымынан кешiктiрмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастырады және үш жұмыс күнi iшiнде осы тiзбенi веб-порталға орналастырады.

ЖАО пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) жеткiзушiлердiң тiзбесiн ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей веб-порталға орналастырады.

77. Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдаға № 15-02/584 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11913 болып тiркелген) бекiтiлген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларына сәйкес фитосанитариялық есептiлiктi уақтылы және дұрыс ұсыну, сондай-ақ "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Өсiмдiктердi қорғау туралы заң) 14-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу және саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуына жол бермеу қажет.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсi, шалғын көбелегi, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауiптi зиянды организмдерге (өңдеу жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын саяқ және үйiрлi шегiртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндi объектiлерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндi объектiлердi қоспағанда) қарсы өңдеу жүргiзу үшiн субсидияланатын пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) қолдану бойынша қарсы мiндеттемелердi сақтауы қажет.

Бұл ретте, Министрлiктiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары тарапынан өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында өсiмдiктердi қорғау саласында мемлекеттiк бақылау, мемлекеттiк карантиндiк фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүзеге асырылады.

78. Пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофактардың) тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерi (бұдан әрi — пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерi) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған iлеспе хатпен Министрлiкке тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей мақұлдауға ұсынылады.

Бұл ретте пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тиiстi түрлерiне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды (прайс-парақтар, коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар), сондай-ақ шығыс нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлерiнiң көлемдерi бойынша есептемелердi ЖАО кейiнгi жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей Министрлiкке бередi.

Оң нәтиже болған кезде, Министрлiк пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесiн және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерiн тиiстi iлеспе хатпен керi қайтарады.Терiс нәтиже болған кезде, Министрлiк пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесiн мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерiн мақұлдаудан уәждi бас тартуы бар хатпен керi қайтарады. Бұл ретте пысықталған пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерi бес жұмыс күнi iшiнде Министрлiкке қайта қарауға жолданады.

Министрлiк мақұлдағаннан кейiн, пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерi ЖАО қаулысымен бекiтiледi. Бұл ретте субсидиялар нормалары қосылған құн салығын есепке алмай белгiленедi.

Пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу Қағидалардың осы тармағының бiрiншi-төртiншi бөлiктерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл ретте пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерiн ЖАО олар азайтылған жағдайда негiздемелермен Министрлiкке мақұлдауға жолдайды.

ЖАО тиiстi интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерiн мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде орналастырады.

79. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген, субсидиялар нормасын есептеу үшiн дақыл (өңделетiн объект) және оларды қолдану регламентi туралы ақпаратты ескере отырып, пестицидтердiң тiзбесi Өсiмдiктердi қорғау туралы заңының 6-бабы 9) тармақшасында көзделген тәртiппен бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тiзiмiне (бұдан әрi — Пестицидтердiң тiзiмi) сәйкес айқындалады.

Аталған тiзбенi, сондай-ақ қайтадан тiркелген пестицидтер туралы ақпаратты Министрлiктiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi Басқармаға ұсынады.

2-параграф. Субсидиялар алушылар

80. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушiлерге немесе ауылшаркооперативтерiне саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсi, шалғын көбелегi, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауiптi зиянды организмдерге (өңдеу жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын саяқ және үйiрлi шегiртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндiк объектiлерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндi объектiлердi қоспағанда) қарсы өңдеулер жүргiзуге арналған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) жұмсалған шығындарды өтеу үшiн төленедi.

3-параграф. Субсидиялар алу шарттары

81. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленедi:

1) ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) үшiн субсидиялар алуға арналған өтiнiм беруi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) пестицидттi, биоагенттi (энтомофагты) шарт негiзiнде пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзiне тиесiлi субсидияларды төлеу туралы өтпелi өтiнiм бередi.

Мұндай жағдайда, субсидиялар пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiге пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушi күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей нақты сатылған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөнiндегi мәлiметтердi өтпелi өтiнiмге енгiзген жағдайда, осы Қағидалардың 88-тармағына сәйкес төленедi.

Пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтар) өндiрушiлер өтпелi өтiнiмге нақты өткiзiлген пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөнiндегi мәлiметтердi белгiленген мерзiмде енгiзбеген жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтпелi өтiнiмдi қайта бередi.

Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде осы Қағидалардың 81-тармағы 1) тармақшасының үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде белгiленген мерзiмдерде пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) өткiзiлмеген ауылшартауарынөндiрушiлердiң (ауылшаркооперативтерiнiң) тiзiмi қалыптастырылады.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен веб-порталдың ақпараттық өзара iс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу;

3) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелi өтiнiм үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiнiң жеке шоты болуы қажет;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу ақпараттық жүйесiнiң өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өткiзгенiн растау.

Субсидия алу үшiн пайдаланылған электрондық шот-фактураларды керi қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берiлмейдi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесiн пайдаланбайтын шетелдiк пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiден пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) тiкелей сатып алған кезде, пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алуға жұмсалған шығындар жүк кедендiк декларацияның мәлiметтерiн декрациялаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден пестицид, биоагент (энтомофаг) сатып алған ауылшартауарынөндiрушi немесе ауылшаркооперативi үшiн) немесе мемлекеттiк кiрiстер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелiнгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiмен расталады;

5) ауылшартауарынөндiрушiде (ауылшаркооперативiнде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк дерекқорымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған, тиiстi алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы.

Жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуы туралы талап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде әрекет ететiн ауылшартауарынөндiрушi өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген жағдайда, осындай жер учаскелерi бар бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып, өтiнiм (өтпелi өтiнiм) берген ауылшартауарынөндiрушi субсидия алушы болып табылады.

Мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген ауылшаркооперативi субсидияға өтiнiм (өтпелi өтiнiм) бередi:

ауылшаркооперативi мүшелерi пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi мүшелерi субсидия алушылар болып табылады;

ауылшаркооперативi пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте ауылшаркооперативi субсидия алушы болып табылады.

Бұл ретте ауылшаркооперативiте мүшелiк ауылшаркооперативi мүшелiгiне қабылдау туралы ауылшаркооперативi мүшелiгiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң электрондық үзiндiсiнiң көшiрмелерi өтiнiмге тiркелу жолымен расталады.

Бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде ұйымдасқан, мүшелерiне жер учаскелерi тiркелген шаруа немесе фермерлiк қожалықтар субсидияға өтiнiм бередi шаруа немесе фермерлiк қожалықтар пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) сатып алған жағдайда, бұл ретте шаруа немесе фермерлiк қожалық субсидия алушы болып табылады.

Шаруа немесе фермерлiк қожалыққа мүшелiк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң деректерiмен салыстырып тексеру жолымен расталады;

Лизингтiк компанияларға жер пайдалану және (немесе) жеке меншiкке беру құқығын көздейтiн дайын объектiнiң лизингi жағдайында ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) лизингтiк компаниялар растайтын жер учаскелердiң деректемелерiн көрсетедi;

6) жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында ауылшартауарынөндiрушiге тиесiлi жер учаскелерiнiң бүкiл егiстiк алаңына арналған электрондық танап карталары субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi;

7) ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсi, шалғын көбелегi, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауiптi зиянды организмдерге (өңдеу жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын саяқ және үйiрлi шегiртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндi объектiлерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндi объектiлердi қоспағанда) қарсы өңдеу жүргiзу үшiн субсидияланатын пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) қолдану бойынша қарсы мiндеттемелердi қабылдауы.

4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

82. Субсидиялар ауылшартауарынөндiрушi өтiнiм берген пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлерiне және көлемдерiне сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледi:

С = Nр х S х Nc, мұнда

С — тиесiлi субсидиялар сомасы, теңге;

Nр — пестицидттiң 1 гектарға (литр/гектар, килограм/гектар) шығыс нормасы (Пестицидтердiң тiзiмiнде көрсетiлген қолдану регламентiн немесе биоагенттiң (энтомофагтың) 1 гектарға (грамм/гектар, дана/гектар) шығыс нормасын ескере отырып) (веб-порталда орналастырылған ғылыми негiзделген қолдану нормаларын ескере отырып);

S — саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары зиянды (арамшөптер, бидай трипсi, шалғын көбелегi, карадрина және жағалау шыбыны) және аса қауiптi зиянды организмдерге (өңдеу жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын саяқ және үйiрлi шегiртке тұқымдастарын қоспағанда) және карантиндiк объектiлерге (таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндi объектiлердi қоспағанда) қарсы өңдеу жүргiзуге арналған пестицидтiң, биоагенттiң (энтомофагтың) белгiлi бiр түрiн қолдану алаңы (гектар) (осы алаң ауылшартауарынөндiрушiге жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң алаңынан аспайды);

Nс — пестицидт, биоагент (энтомофаг) субсидиясының нормасы (осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес айқындалады).

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) құны субсидиялар нормасы есептелген пестицидттiң, биоагенттiң (энтомофагтың) құнынан төмен болатын пестицидке, биоагентке (энтомофагқа) өтiнiм немесе өтпелi өтiнiм берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған пестицид, биоагент (энтомофаг) құнынан жүргiзiледi.

Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) құны субсидиялар нормасы есептелген пестицидттiң, биоагенттiң (энтомофагтың) құнынан жоғары болатын пестицидке, биоагентке (энтомофагқа) өтiнiм немесе өтпелi өтiнiм берген жағдайда, субсидиялар бекiтiлген субсидиялар нормасы есептелген пестицид, биоагент (энтомофаг) құны бойынша төленедi.

83. Пестицидтiң (биопрепартты қоспағанда) 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етушi затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолюттi мәнде (теңге) белгiленедi. Құрамы мен әсер етушi затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесi бар пестицид (биопрепартты қоспағанда) үшiн 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы пестицидтiң (биопрепартты қоспағанда) немесе тектестiң ең төменгi құнының жартысынан аспайтын мәндi құрайды. Құрамы мен әсер етушi затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесi жоқ пестицидтiң (биопрепартты қоспағанда) үшiн 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиiстi пестицидтiң (биопрепартты қоспағанда) ең төменгi құнының жартысынан аспайтын мәндi құрайды.

Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолюттiк мәнде (теңге) тиiстi биопрепараттың, биоагенттiң (энтомофагтартың) ең төменгi құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгiленедi.

5-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

84. Өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) қабылдау жер учаскелерi орналасқан жер бойынша тиiстi жылдың 1 сәуiрi мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады, бұл ретте өтiнiмдердi (өтпелi өтiнiмдердi) беру пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) сатып алған сәттен бастап он екi айдың iшiнде жүзеге асырылады.

2019 жылы сатып алынған гербицидтерге өтiнiмдердi қабылдау 2020 жылдың 1 наурызы мен 1 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

85. Жеке кабинетте тiзiлiмнiң деректерiне қол жеткiзудi ұсыну үшiн:

1) ауылшартауарынөндiрушiлерде (ауылшаркооперативтерiнде) және пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиiс;

2) Басқарма жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерiнiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

86. Жеке кабинетте тiркелу үшiн ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi), сондай-ақ пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушi мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: ЖСН, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде дара кәсiпкерлер үшiн: БСН, толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса) мен тегi және ЖСН-ны;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтаның мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктегi банктiк шотының деректемелерi;

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi), сондай-ақ пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушi бiр жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

87. Ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтiнiмдi немесе өтпелi өтiнiмдi қалыптастыру мен тiркеудi Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзедi:

1) осы Қағидалардың 81-тармағы 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм (не осы Қағидалардың 81-тармағы 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен тексеру үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтпелi өтiнiм) қалыптастырылады;

2) өтiнiм немесе өтпелi өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ауылшартауарынөндiрушi оған ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тiркеледi және Басқарманың Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Веб-порталда көрсетiлген Басқарманың электрондық мекенжайына қарастыруға өтiнiмнiң немесе өтпелi өтiнiмнiң келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жолданады.

Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде қателердiң бар екенi анықталған жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) қайтарып алу себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алады.

88. Басқарма ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi) өтiнiмдi немесе өтпелi өтiнiмдi тiркеген сәттен бастап бiр жұмыс күнiiшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе терiс шешiм шығарады. Бұл ретте, өтiнiм расталу туралы хабарлама не осы ұсынудан уәждi бас тарту субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жiберiледi.

Бұл ретте, өтпелi өтiнiм бойынша да хабарлама пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушiнiң Жеке кабинетiнде, ол кейiннен осы Қағидалардың 81-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшiн нақты өткiзiлген пестицид, биоагент (энтомофаг) бойынша мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзу үшiн қолжетiмдi болады.

89. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидия төлеуге арналған төлем шотын екi жұмыс күнi iшiнде:

осы Қағидалардың 88-тармағына сәйкес басқарма өтiнiмдi қабылдағанын растағаннан кейiн;

пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндiрушi осы Қағидалардың 81-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткiзiлген пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) туралы мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзгеннен кейiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады.

Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң) Жеке кабинетiне жiберiледi.

3-бөлiм. Шағымдану тәртiбi

90. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖАО басшысының, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерге, әрекеттерге (әрекетсiздiкке) шағымдануға болады.

91. ЖАО атына келiп түскен ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң), элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткiзушiнiң) шағымы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен ауылшартауарынөндiрушiнiң (ауылшаркооперативiнiң), элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткiзушiнiң) шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

92. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда, ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативi), элиттұқымшар (тұқымшар, өткiзушi) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 15:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.06.2020 16:06

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz