A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал);
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 14 (он төрт) жұмыс күні
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық немесе қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Инвестициялық субсидиялау шартын жасасу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Мемлекеттік корпорацияның- Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет субсидиялау объектісі тұрған жерде жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекке бронь жасалуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді:
портал арқылы өтінім берген кезде - «PDF (Portable Document Format)» форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.
Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ сатып алынған техника, машина мен жабдық бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді, ол екі кезеңді рәсімдер қолданылмай қаралады:портал арқылы өтінім берген кезде - «PDF (Portable Document Format)» форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.
Екінші кезеңде (жұмыс аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
портал арқылы өтінім берген кезде - «PDF (Portable Document Format)» форматында (қағаз нұсқасының көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған сканирленген көшірмесі);Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі - объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе іске қосу кешенін немесе инвестициялық жобаның кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;2) сатып алушы мен жеткізуші (жабдықтар сатып алу кезінде) арасындағы жабдықтарды пайдалануға енгізу актісінің көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың, төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес субсидиялау көзделген жобалар паспорттары бойынша);5) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
7) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) Қағидалардың 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растаушы құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса береді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың негізінде, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) «Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) бекітілген «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі» (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына (бұдан әрі - өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар) сәйкес дайындалатын өндірілген өнім көлемі кемінде 30 (отыз) %-ға жеткені туралы қарап-тексеру актісін жасайды;
8) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
9) «Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) бекітілген «Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмелері.Көрсетілетін қызметті алушы субсидияны қаржы институтының арнайы шотына аудару тетігін қолдануға арналған өтінімді Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.Портал арқылы өтінім берілген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелуі (қайта тіркелуі), дара кәсіпкердің тіркелуі туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.Мемлекеттік корпорация арқылы өтінім берілген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) көрсетеді.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.
Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 16:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.09.2020 17:19

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz