A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Порталға жүгінген сәттен бастап:кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімдер бойынша - 3 (үш) жұмыс күні;сақтандыру бойынша субсидиялауға өтінімдер бойынша – 21 (жиырма бір) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған).
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Кепілдендіру бойынша субсидия алу үшін кепілгердің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінім беріледі.
Сақтандыру бойынша субсидия алу үшін сақтандыру ұйымының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру бойынша субсидиялауға өтінім беріледі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін кепілгер/сақтандыру ұйымы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кепілгердің/сақтандыру ұйымының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау шартына қол қою кезінде дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының субъектілік мониторингі бойынша ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жоба шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға сұрау салу бойынша беруге келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың https://beta.egov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.
Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 17:05
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.09.2020 10:49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz