A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін 10 жұмыс күні ішінде.
Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде - өтініш тіркелген сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Аттестаттау туралы куәлік, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Жұмыс кестесі 1) порталдың - жөндеу жұмыстарымен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың https://beta.egov.kz интернет-ресурсының бірыңғай платформасында.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін:1) Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу туралы өтініш;2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бірегей тұқым өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.
Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:1) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;3) аттестаттау туралы куәліктің электрондық көшірмесі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның аттестаттау жүргізу қызметіне тыйым салынғаны туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 17:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2020 15:11

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz