A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

Жүктеу (DOCX 39 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 15 шiлдедегi № 15-02/655 бұйрығымен бекiтiлген

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшiн — 10 (он) жұмыс күнi;

лицензияны қайта ресiмдеу үшiн — 3 (үш) жұмыс күнi;

лицензияның телнұсқасын беру үшiн — 2 (екi) жұмыс күнi;

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi белгiленген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан уәждi бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — электрондық.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексi (Салық кодексi) 554-бабының 4-тармағына сәйкес:

1)лицензия бергенi үшiн — 10 айлық есептiк көрсеткiш;

2) лицензияларды қайта ресiмдегенi үшiн — лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 пайызы;

3) лицензияның телнұсқасын бергенi үшiн — лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 пайызын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрау салу берiлген жағдайда төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi немесе көрсетiлетiн қызметтi берушi белгiлеген жұмыс уақыты графигiне сәйкес жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны (бұдан әрi — мәлiметтер нысаны);

2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуге арналған өтiнiшi;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

ақпараты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болатын өзгерiстер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесi;

4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдiрген кезде лицензия туралы мәлiметтердi тиiстi ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болмаған жағдайда ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрiнедi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз:

1) осы көрсетiлетiн қызметтi алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;

2) лицензиялық алымды енгiзбеу;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының лицензия беру кезiнде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi туралы тиiстi келiсiм беретiн мемлекеттiк органнан жауаптың болуы;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) бар болуы;

6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде сот шешiмi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушыға-борышкерге лицензияны беруге уақытша жол бермеу.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет сатндартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлға — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлға — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы 2013 жылғы 15 сәуiрдегi "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орнының мекенжайы Министрлiктiң www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мақаланың шыққан күні: 22.01.2017 15:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2019 17:35

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz