A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

Жүктеу (DOCX 41 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекiтiлген

"Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

"электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшiн — 10 (он) жұмыс күнi;

лицензияны қайта ресiмдеу үшiн — 3 (үш) жұмыс күнi;

лицензияның телнұсқасын беру үшiн — 2 (екi) жұмыс күнi;

құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштi әрi қарай қараудан дәлелдi бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрi — лицензия) беру, лицензияны қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияны алуға қағаз жеткiзгiште жүгiнген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады, мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақылы негiзде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi бойынша бюджетке төлейдi:

1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезiндегi лицензиялық алым 10 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi — AЕК) құрайды;

2) лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу бюджеттiк сыныптауыш коды — 105402, төлем мақсатының коды — 911 деректемелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру — сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн;

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) лицензия алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк туралы мәлiметтер нысаны (бұдан әрi — мәлiметтер нысаны).

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болған өзгерiстер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшiрмесi;

3) лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлiметтер алу мүмкiндiгi болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

лицензияның телнұсқасын алу үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

порталға:

1) лицензия алу үшiн:

1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

мәлiметтер нысаны;

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болған өзгерiстер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшiрмесi;

3) лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлiметтер алу мүмкiндiгi болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегенi туралы ақпаратты "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып тiркеу болып табылады;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектiлер үшiн тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiм берiлген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды енгiзбеу;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;

4) лицензиялауға жататын қызметтi немесе жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

5) сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде соттың борышкер өтiнiш иесiне лицензия беруге уақытша тыйым салуы болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы қойылған шағымда оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi.

Шағымды қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi, шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (штамп, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштердi өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (шағымды жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету, оның iшiнде электрондық

нысанда көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып

қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында ("Қолдау және қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мақаланың шыққан күні: 24.01.2017 16:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.04.2019 16:33

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz