A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық
5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Субсидияның аударылғаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартылғаны туралы хабарлама.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі 1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);2) көрсетілетін қызметті берушіде – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекен-жайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының https://beta.egov.kz бірыңғай платформасында орналасқан.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне ұсынады.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» және Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының https://beta.egov.kz бірыңғай платформасында орналастырылған. .
Мақаланың шыққан күні: 15.04.2019 17:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.07.2020 12:45

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz