A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жүктеу (DOCX 22 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығымен бекiтiлген

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi — 3 (үш) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — субсидия аудару туралы хабарлама немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсеткен электрондық поштаға жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнде жүгiнген жағдайда, өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦП) куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтiнiм ұсынады.

Өтiнiмнiң қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиiстi мәртебе растайды.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жұмыс күндерi почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Арызға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) растайды.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыскерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша алуға болады.

Портал арқылы электрондық өтiнiш жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға порталдағы "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мекенжайы Министрлiктiң www.mgov.kz интернет-ресурсы "Қолдау және көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмi, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режiмiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары порталда көрсетiлген. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Мақаланың шыққан күні: 16.04.2019 09:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2019 09:29

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz