A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Mемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жүктеу (DOCX 22 Kb)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекiтiлген

"Акваөсiру (балық өсiру) өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Акваөсiру (балық өсiру) өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi — 2 (екi) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — субсидияның аударылғаны туралы хабарлама немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi туралы хабарлама жолданады. Бұл хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушының Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акваөсiру (балық өсiру) өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға субсидиялар алу үшiн порталда өтiнiмдi қалыптастырады және оны электрондық цифрлық қолтаңба қою арқылы тiркейдi және куәландырады.

Өтiнiмнiң қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушының Жеке кабинетiндегi мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиiстi хабарлама растайды.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17583 болып тiркелген) бекiтiлген Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 15-тармағында белгiленген талаптар негiз болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшiн талон бередi, онда талонның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, шағымға жауап алу мерзiмi мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" кiшi бөлiмiнде орналасқан.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары порталда көрсетiлген. Бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Мақаланың шыққан күні: 16.04.2019 09:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.04.2019 09:38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz