A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

Жүктеу (DOCX 23 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен

"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу (тiркеуден алу)" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу (тiркеуден алу)" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 2 (екi) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi немесе телнұсқасын беру немесе машина кепiлiнiң тiркелгенi туралы хабарлама беру не осы Стандартта көрсетiлген негiздер бойынша уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде және/немесе электрондық.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi жеке немесе заңды тұлғаның "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

Өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, басып шығарылады және қағаз тасығышта берiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға) ақылы негiзде көрсетiледi. Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетiлетiн қызметтi алушы бола алады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсеткенi үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (бұдан әрi — Салық кодексi) белгiленген тәртiппен бюджетке тiркеу алымын төлейдi.

Тiркеу алымының мөлшерi:

1) жеке тұлғалардан — 1 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi — АЕК);

2) заңды тұлғалардан — 5 АЕК-нi;

3) кепiлдiң тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн — 0,5 АЕК-нi құрайды.

Тiркеу алымын төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем жүргiзу "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

3) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге және/немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде:

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiлi жүгiнген кезде — өзiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

Салық кодексiне сәйкес кепiлдi тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат;

2) порталға жүгiнген кезде:

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес машиналардың кепiлi шарттары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осы Стандарттың талаптарына сәйкес мәлiметтердi көрсете отырып, мәмiле тараптары электрондық цифрлық қолтаңбасымен порталда қол қойған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат туралы, кепiлдi тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгендiгi туралы, заңды тұлғаны тiркеу туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорация және кеңсе жұмыскерi ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Кеңсе және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға берудi) және қолданысын тоқтатуды тiркеу өтiнiш берушiнiң өтiнiш беруi немесе өтiнiштi бiрыңғай тiзiлiм арқылы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жолдауы жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте машиналар кепiлiнiң тiзiлiмiне, оның iшiнде бiрыңғай тiзiлiмге тиiстi мәлiметтердi енгiзу жүргiзiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

1) кеңсеге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын құжаттардың топтамасын қабылдау күнiн, уақытын, құжатты қабылдаған жауапты адамның атын, әкесiнiң атын, тегiн көрсете отырып, кеңседе тiркеу туралы оның көшiрмесiндегi белгi растайды;

2) Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

3) портал арқылы тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiне, өкiлдiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның өкiлiне) дайын құжаттарды берудi жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негiзiнде оның жұмыскерi жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнсе, Мемлекеттiк корпорацияның сұранымы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнiн және уақытын (егер беру қағаз тасығышта жүзеге асырылатын болса алу орнын көрсету керек) көрсете отырып, хабарлама жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштiң толық толтырылмауы;

2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштiң осы Стандарттың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуi;

3) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адамның жүгiнуi;

4) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжаттың болмауы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы Cтандартnың 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Мемлекеттiк корпорация жұмыскерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы Cтандартның 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына жолданады.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылдағанын растайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Арыз портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады) жағдай жасалады, сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн пандустар қарастырылады.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

3) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

4) egov.kz. порталында орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыc орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 11:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.04.2019 14:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz