A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты

Жүктеу (DOCX 19 Kb)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекiтiлген

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

4) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — машинаның тiкелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күнi iшiнде және (немесе) машинаны тiркеу пунктiне әкелген кезде 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық немесе қағаз түрiнде.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi инженер-инспектордың қолымен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөртабанымен расталған, тiркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба енгiзу болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Порталға жүгiнген жағдайда — инженер-инспектордың техникалық байқаудан өткiзу күнi, орны мен уақыты көрсетiлген, машинаны жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуге дайын екендiгi туралы хабарламасы.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына (бұдан әрi — Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру — сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде:

жеке тұлға (не оның сенiмхат бойынша өкiлi):

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

заңды тұлға (не оның сенiмхат бойынша өкiлi):

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актiсiне енгiзу үшiн машиналар туралы мәлiметтер;

2) портал арқылы жүгiнген кезде:

осы Стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

машинаны тiркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын оның көшiрмесiндегi құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, қойылған белгi растайды;

портал арқылы тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгi анықталған жағдайда, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде шағым осы Стандарттың 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштi өңдеуi (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

13. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшiн пандустар көзделедi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында;

2) Министрлiктiң www.mgov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 11:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.04.2019 11:15

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz