A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші).
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні. Өтпелі өтінім берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылатұрады және отандық тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді енгізгеннен кейін қайта басталады.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған).
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» жолданады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін.
7 Жұмыс кестесі 1) Қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.
Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» және бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2020 17:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2020 17:25

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz