A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) "Электрондық үкіметітің" www.egov.kz веб-портал (бұдан әрі – портал).
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидияны аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны: электрондық.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (микроқаржы ұйымы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) микроқаржы ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға арналған өтінім;
2) түпкілікті қарыз алушының есеп айырысу шотынан кредит алғандығы туралы үзінді көшірме немесе кредит берілгенін растайтын құжат.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) микроқаржы ұйымының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға микроқаржы ұйымының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерешеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Микроқаржы ұйымының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мақаланың шыққан күні: 11.10.2019 12:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2020 17:16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz