A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

 

Өңдеуші кәсіпорындардың

ауылшаруашылық өнімін тереңдете

өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу

шығындарын субсидиялау

қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
         1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
         2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
         4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                           А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                                          «КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасы                                      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі                                                  Ұлттық экономика министрі
_____________ Б. Сұлтанов                                ______________ Е. Досаев

2014 жылғы 9 желтоқсан                                  2014 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы  
№ 3-2/615 бұйрығымен    
бекітілген     

 

 

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп
өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

         1. Осы Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - субсидиялар) тәртібі мен шарттарын айқындайды.
         2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
         1) кепілдендірілген сатып алу бағасы - өзіндік құны мен рентабельділігін ескере отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;
         2) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға.

 

2. Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
тәртібі

 

         3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ауылшаруашылық өнімнің тізбесіне (бұдан әрі - өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындары субсидиялауға жатады.

         4. Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді көздейді.
      5. Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес дайын өнімді шикізатқа қайта есептеу коэффициенті мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің шешімімен бекітілетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін ескере отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес өндірілген өнім бірлігіне төленеді.


         6. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және кейіннен жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурсында және облыстық (қалалық) ресми баспаларда субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны және құжаттарды қабылдау мерзімі туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.
         7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында субсидия алуға өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру үшін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімінің шешімімен құрамында облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, Басқарманың өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар ведомствоаралық комиссиялар құрылады. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылады.
         8. Ведомствоаралық комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
         9. Басқарма ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
         10. Субсидиялар алуға арналған осы Қағидалардағы 11-тармағына сәйкес тиісті құжаттар қоса берілген өтінімдерді қабылдауды Басқарма тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін жүзеге асырады. Бұл ретте өткен жылдың төртінші тоқсанының өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өтінімдері шеңберінде жүзеге асырылады.
         11. Субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін өңдеуші кәсіпорындар Басқармаға бірінші басшы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар адам қол қойған, өтінім берушінің мөрімен бекітілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

         1) заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың түпнұсқасы (тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат) немесе куәліктің көшірмесі;

         2) кәсіпорынның тереңдете өңдеп өнімді өндіргені және тиеп-жөнелткені туралы статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар есептерінің көшірмелері немесе тереңдете өндеп өнім өндіргенін растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (өнімді қоймаға қабылдау туралы қоймалық жүкқұжат, аталған өнімнің кіріске алынғанын көрсете отырып, бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;

         3) тереңдете өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауылшаруашылық өнімін сатып алғанын растайтын құжаттар - өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізатты сатып алғанын растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (шарт, шот-фактура, сатып алу актісі және сатып алынған шикізаттың төлінгенін растайтын құжаттар) көшірмелері;
         4) өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының бары туралы банктен немесе Ұлттық почта операторынан анықтама;

         5) есепті кезеңде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат.

      12. Өндеуші кәсіпорындар ұсынылған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

         13. Өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Басқарма өндеуші кәсіпорын ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігіне қарайды. Ұсынылған құжаттар сәйкес емес және/немесе толық емес болған жағдайда Басқарма өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, өтінім берушіге ұсынылған құжаттарды пысықтауға қайтарады.
      Пысықталған құжаттарды өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 10- тармағында көрсетілген мерзімде ұсынады.

      14. Өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Басқарма құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді.
      15. Ведомствоаралық комиссия Басқарма субсидия алуға қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, оларға тиесілі субсидиялар көлемдерін көрсете отырып, субсидиялар алуға арналған өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастырады, бекітеді және оны Басқармаға ұсынады.

         Әрбір өңдеуші кәсіпорын үшін субсидиялар көлемі олар тереңдете өңдеп өндірген өнім көлемі мен сатып алынған ауылшаруашылық өнімдерінің (өндеуге қабылданған) және дайын өнім өндіруге қажетті шикізатқа қайта есептеу коэффициентін ескере отырып, белгіленеді.

         16. Өңдеуші кәсіпорындардың өтінімдері облысқа, Астана және Алматы қалаларына бөлінген субсидиялар көлемінен асып кеткен жағдайда, ведомствоаралық комиссия субсидиялар көлемін бағдарламаға қатысушы өңдеуші кәсіпорындарға субсидиялауға жататын ауылшаруашылық өнімі көлеміне байланысты пайыздық қатынаста барабар түрде бөледі.
         17. Басқарма ведомствоаралық комиссия ұсынған өңдеуші кәсіпорындар тізімі негізінде үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомость (бұдан әрі - ведомость) қалыптастырады.
         18. Басқарма ведомості қалыптастырған соң он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады. Төлем шоттарын «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.

      19. Басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпаратты (өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша) қант қызылшасы бойынша есепті жылдың 15 шілдесіне дейінгі және өнімдер тізбесінде көрсетілген қалған өнімдер бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ұсынады.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 10:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 10:09

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz